Дотан батыр
Дотан батыр - батырлық жыр. Ертегіден өлеңге айналдырған жырдың негізгі идеясы - елін қорғаған ердің батырлығын үлгі-өнеге ету. Жыр мазмұнында ертегілік сюжеттер басым болғанымен қазақ эпосының байырғы тақырыбы - қалмақ басқыншыларына қарсы соғыс та елеулі орын алған. Ысмағұл Шәмсуддинов жырды Қисса-и Дотан Құбақанбай ұғлы уә һәм жалмауыз кемпірдің өлгені деген атпен 1903 жылы Қазан қаласында Университет баспасынан жеке кітап етіп шығарған. Бұл кітап екінші рет 1915 жылы сол қалада Мағриф баспасынан жарық көрді.
Жырдың басқа нұсқалары да бар. Кітаби нұсқаның көлемі 1900 жолдан тұрса, 1940 жылы КСРО ҒА Қазақ филиалына Мәлім Жүсіпов тапсырған жыр нұсқасы 1150 жолдан, 1941 жылы жазушы Аманғали Сегізбаев тапсырған нұсқа 1950 жолдан тұрады. Жырдың ақын Нұралы Нысанбайұлы шығарған нұсқасы да бар. Бұл нұсқаны жыршы Қысраубек Амантайұлы ел аузынан жазып алып, 1948 жылы Тіл және әдебиет институтына тапсырған. Жыр нұсқаларының мазмұны мен сюжеті бір-біріне ұқсас, кітаби нұсқасында ғана аздаған эпизодтық айырмашылық бар.
Көп оқылғандар
04.11.2026
2897
03.11.2026
2286
01.11.2026
1740
03.11.2026
1174
02.11.2026
1102
03.11.2026
947
31.10.2026
941
03.11.2026
926
30.10.2026
907
31.10.2026
793
03.11.2026
790
30.10.2026
768
03.11.2026
766
02.11.2026
611
21.10.2026
4523
22.10.2026
4352
28.10.2026
4267
07.10.2026
3676
20.10.2026
3472
15.10.2026
3271
09.10.2026
3184
28.10.2026
3112
20.10.2026
3034
04.11.2026
2897
16.10.2026
2642
09.10.2026
2424
03.11.2026
2286
08.10.2026
2206
