Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кейіпкерлер
Қ
Қарабек батыр
Қарабек батыр
Рейтинг:

“Қарабек батыр” – батырлық жыр. Басты тақырыбы – шет жұрттық босқыншылардан туған елін қорғау, осындай қиын кезде ағайын арасындағы араздықты сынап, Отанын сатқан опасыздар мен адамгершілік келбеттен айырылған қаныпезерлерді айыптау. Жырдың бас кейіпкері Қарабек батыр туған жерін жаудан босату жолында көптеген ерлік істермен көзге түсіп, өз мақсатына жетеді. Жырдың екі нұсқасы бар.шығыс Сібір татары М.Юмашев (1834-1910) БҰЛ ЖЫРДЫ АЛҒАШ Омбыға екі жүз шақырым жерде Мұқыр өзенінің бойында тұрған Ә.Шоқаманұлынан жазып алып, 1882 жылы Қазанда “Қисса-и Қарабек” деген атпен кітап етіп бастырған. Кітаптың ішкі мұқабасында “Қарабек пен Қараман қиссасы” деп жазылған. Мәулікей жазып алған Әлжан нұсқасының көлемі – 1825 жол. Жырдың екінші нұсқасын КСРО ҒА Қазақ филиалының фольклорлық экспедициясы 1940 жылы Арал теңізі маңына барғанда осы экспедиция мүшесі М.Ахметов Арал ауданының тұрғыны, жыршы Ж. Бітімбайұлынан жазып алған. Бұл нұсқа көлемі – 7500 жол. Екі нұсқаның негізгі мазмұны бір болғанмен оқиға желісінде, өлең құрылысы мен көлемінде біраз өзгешеліктер бар. Жырдың екі нұсқасының да тілі көркем, тартымды. Шығарма қара өлең және жыр үлгісіне құрылған. Мәулікей жазып алған Әлжан нұсқасы “Батырлар жырының” 1951 жылы (2-т), 1961 жылы (2-т) жинақтарында және “Ақсауыт” жинағында (1977, 2-кітап) басылып, “Қазақ әдебиетінің тарихында” (1960, 1-том,1-кітап) фольклортанушы-ғалым М.Ғұмаорва осы жыр нұсқалары туралы мақала жариялаған. Жырдың екі нұсқасы да Орталық ғылыми кітапхана қорында сақтаулы.

Көп оқылғандар