Сұлужан Таубалдықызы
Таңжарық Жолды ұлына арнау
Таңжарық Жолды ұлына арнау
жырланып бітпес арманы бұл нақ,
ертеңі бұлдыр бүгінгі ерімнің.
тағдыры қиын, таңдары жұмбақ,
Таңдарығы жоқ бүгінгі елімнің.
тарихтың жасар есебі жетті,
жорықтың жайын жолаушыға айта.
ордалы елдің кетеуі кетті,
ояншы бабам, оралшы қайта.
тірілсең кіммен достасалар ең,
жұбатып жұдеу қарт ауылдарды.
қолынан сүйреп отқа салар ең,
қорынып жүрген қорқау ұлдарды.
тілі күрмеліп, ақын сымақтар,
ардың есігін кетктепіп ашар.
елді басынған батыр сымақтар,
сесіңнен ғана сескеніп қашар.
атағы таудай ел деген ерлер,
жат дінділердің жетегінде жүр.
кереметпін деп кеуде кергендер,
сіз шққан шыңның етегінде жүр.
О,ақын бабам, сырларың дара,
силадың жастың жанына шуақ.
жүректен туған жырларың ғана,
жаралы елдің жанына қуат.
әр қадамыңды өнеге етемін,
байлық қуармын неге батпандай.
күн күркіресе елең етемін,
сіз айбаттанып келе жатқандай.
рухың өлмес бүржарған ізгі,
намыстың оты бұрын маздады.
түрмеде жатып сіз жазған жырды.
ордада жүріп бір ұл жазбады.
ғаламаты көп ғажап жерінде,
атыңды атап міне жастары,
өзің жетпеген қазақ елінде,
өлеңің өмір сүре бастады.
Күнесің кейде бұлданып қалад,
еркелігі ғой білемін әлі.
өгей анадай сұрланып барад,
өзің жырлаған іленің хәлы.
қалжырап тұр-ау, халқың бүгінгі,
ұжданды ұлдар сиреп кеткені.
өзің түлеген алтын тұғырды,
шымшықтар келіп билеп төстеді.
Қара байларың қаусатар мекен,
көңілдің кірін қашан жуғанша.
елді сандалтып шаршатар мекен,
енді Таңжарық қашан туғанша.
Құдайсыздардың сөзін бөлмеген,
жасықтар үшін тачып кетерсіз.
бұл бүліктерді көзің көрмеген,
Батыр бабам-ау, бақтты екенсіз!!!
Бақтты екенсіз!!!
Астанам-анам
Жаңбырдай жасын төккен даламның,
Ақтабан жылдар қосып екі елге.
Шұбырып елі көшкенде анамның,
Шолпысы қапты осы мекенде.
Уақыттан тартып ала алман жасын,
Айласын анам асырып алдан.
Ауылын аңсап ағарған шашын,
Ақ жаулығымен жасырып алған.
Толқындай көңлі жыр тамшыласын,
бүйрден бір ой түрте салатын.
Жанарындағы бір тамшы жасын,
Көрсетпей маған сүрте салатын.
барын беретін баласы үшін,
Өмірдің мұңлы сиын жасырар.
Қыз күнде кеткен анашым үшін,
Кемпір боп келу қиында шығар.
Есіңе жиы алағой мені,
Елге қайыт,-деді өтініп тұрып,
Қимай тұрсада бара ғой,-деді,
Көзіме қарап өтірік күліп.
Ең әсем қала қара жердегі,
Астана десе бір тыншымадық.
Тартуғып маған ала кел,-деді,
Топырағынан бір шымшым алып.
Анамды аңсап жете алмай жүрмін,
Ойланып қалам алаңдай беріп,
Алыстап мүлде кете алмай жүрмін,
Астанамды өз анамдай көріп.