Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Әсемгүл Серікбол


Қарағанды қаласы. Бұқар жырау ауданы. Ботақара ауылы

Аққан жұлдыз

 

Жарық еткенде найзағайдың ұшқыны,

Сәуледей боп ағып түсті құс жыры.

Аққан жұлдыз секілденген ағамның,

Өмірі де өлең тектес құс жолы.

 

Өр кеуде қазақ үшін алас ұрған,

Зор үміт күтуші еді Алаш ұлдан.

Елінің тарихында өлең болып,

Қазақтың жұлдызы боп мәңгі туған.

 

Таңжарықша  құлаш ұрсаң аспан айға,

Беліңе темір белдік мықтап байла.

Себебі Таңжарық боп жырлау үшін

Өр намыс, өткір қайрат керек бойға.

 

Ақынның бағы алыс, соры демде,

Жақсының өзі көрде, сөзі елде.

Тұлпардың тектілігі тұқымында,

Таңжарықтың тәні жерде, әні менде.

 

Жарыса соққан тағдыр бір егінге,

Сөнбей оты өршиді жүрегімде.

Ағамның  суреті тұр қабырғада,

Ал жүрегі елімнің жүрегінде.

 

 

 

 

Өтседе жарты ғасыр талай жылдар,

Бояуын кетірмейді сендік жырлар.

Таңжарық- аға сынды  жырлап өтер,

Тарихтың бетінде қалар сырлар.

 

 Ұлы  ақын шығарма еді ел есінен,

Қарап тұрған тарих-ау төбесінен.

Өлең сынды көңілдің көк теңізін

Жүзіп өтті өмірдің кемесімен.

 

Не жетсін Рухани жаңғыруға,

Таңжарық  боп қарсы алайық таң нұрында.

Қарқаралы тауының әр бұрышы ,

Сізді іздеп «Таңжарық» деп жаңғыруда.

 

Ақындардың ең басты ілегінде,

Таңнұрлы ақын қалды жыр елінде.

Өлеңінің отын жағып жылытатын,

Жолдыұлы  халқымның жүрегінде.

 

           Ақын сыры

 

Осы жұрт не біледі ақын жайлы,

Ақынды әрине олар мақұлдайды.

Ал менің ақын жайлы пікіріме,

Байқаймын көп адамдар қосылмайды.

 

Неге ақын басқалардан дара туған,

Неге олар адалдықтан жаратылған.

Ақынды мықтылығы азамат қып,

Ақынды алтын құрсақ ана туған.

 

Сондықтан олар жайлы не айталам ,

Ақынның адалдығын көп байқағам.

Мен нағыз ақындарды оқығанда,

Жанымды тыншытатын бір күй табам.

 

Болама ақын жайлы топшылауға,

Болмайды артық сөзге көп шыдауға.

Адамның ең алғыры сол болғанмен,

Кейде оны түсінбейді жақсылар да.

 

Жарып түскен жарықтай қара түнді,

Мұқағали тым асқақ болатын-ды.

Ақырында арманнан ақын өлді,

Ажалына кім оның ара тұрды.

 

Неге өледі ақындар тым ертерек,

Ажал келді жүгіріп ол да ентелеп.

Ақырында ақкөңіл ақындарда,

Даласына кетті ғой бір еркелеп.

 

Өмір,өлім сәт сайын белдеседі,

Ақындардың қайғысын көрмес еді.

Ақын әулие болмаса бұл әлемде,

Ажалына тым асығып өлмес еді.

 

Солар еді өлеңнің қожасы да,

Солар еді адамның тазасы да.

Осы жырым арналсын дұға болып,

Арманда өлген ақындар қазасына.

 

Топтан озған тарланбоз

 

Топтан озған тарланбоз

Сүрініп кетпес демеңіз.

Есепсіз жиған байлығың

Сұраусыз өтпес демеңіз.

Жарлының жалғыз баласы

Мәртебе алмас демеңіз.

Қамқорсыз өскен жетімді

Биікке бармас демеңіз.

Керуені кеткен заманда

Бабалар жолын жалғайтын

Кеменгер тумас демеңіз.

Үміт артар жас ұрпақ,

Ақын, жырау, дананың,

Ізін қумас демеңіз.

Дәулеті асқан байлардын

Мейірім болмас демеңіз.

Жер бетіндегі адамзат,

Байлыққа тоймас демеңіз.

Шөлде өскен сексеуіл,

 Сусыз қалмас демеңіз.

Көлде жүрген балыққа ,

Қармақ салмас демеңіз.

Аяқтан шалар дұшпаның ,

Мүмкіндік туса бір демде ,

Пәлекет қылмас демеңіз.

Қатар өскен сырласың,

Көңілге қаяу қалдырса

Айыбын жумас демеңіз.

Бұл фәниге әкеліп ,

Жарық сәуле силаған

Ананы жаман десеңіз,

Бақ іздеп табам демеңіз.

Бақытты болам демеңіз.

Дұшпанымның бəрі де,

Алынбас қамал демеңіз.

Жанымдағы құрбының,

Барлығы адал демеңіз.

Жымиғанның барлығын,

Жақын адам демеңіз.

Сырттан айтар шыншылды,

Батыл адам демеңіз.

Өзін асыра көтеріп,

Мақтаған жанның бəрінен,

Ақыл аламын демеңіз.

Ақыл алсаң  көп істі,

Қатыра алам демеңіз.

Өзім ғана жақсы боп

Жамандықты күлкімен

Жасыра алам демеңіз.

Арамнан жиған байлықты

Шын беделім демеңіз.

Иманға келсем сауапқа

Мол кенелем демеңіз.

Алладан əмір келгенде,

Жəй ғана самал желден де,

Құлауы мүмкүн кемеңіз.

Біздерді мына бір Алла

Құлшылық үшін жаратқан.

Өмірге қалай келеміз,

Дəл солай бір күн өлеміз.

                           

 

 

                                                              

 

 

 

Көп оқылғандар