Айнұр Құмарханова
ШҚО Курчатов қаласының тұрғыны
Таңжарық Жолды ұлының рухына
Ішке тығып жасыратын шаласын,
Жатса дағы сансыратып санасын,
Өлең жазып соныменен жанының,
Жазады екен ақын деген жарасын.
Қуанғанда болады олар бала шын,
Одан әсем көктем сәнін табасың!.
Ол бақытты жаныменен қабылдап,
Өле өлелгенше түсірмейді бағасын.
Қазақ ақын, елден кеткен шерменде,
Жат шекара оған бақыт берген бе?!,
Беу беу еткен көкірегі қан жылап,
Неше мәрте басылған ед өр кеуде.
Өз еліне сағыныштан зарығып,
Елесіне туған жердің табынып,
Ана тілін сөйлетеді ол сөнбеске,
Тілі төккен жан жырына малынып.
Қазақ ақын, Абай ды оқып толғанды,
Аралады, тау, өзен, көл, орманды,
Қолына алып домбыраны қазақтың,
Әуелеген бір әніне салғанды
Ол әуенге арқау болды армандар,
Қазақ ақын ызаланды, қорланған,
ҚытайлыҚтың қамағында көз салды,
Қазақ бастап келе жатқан жолдарға.
Ол да ұмтылды, елі ұмтылған асқарға,
үмітпенен қарай берді жастарға.
Ол жақпады жат жұрттыққа өйткені
Қазақ деді, сөздң басын бастарда,
Азаптасын, мазақтасын бәрібір,
Қазақ тармен ол ақынның жаны бір,
Қыран қазақ шыңға ұмтылса болғаны,
Бағындырар биіктерді тағы бір,....
Намысына көк бөрінің жаншылмас,
Қазақтардың бетке ұстайтын ары бір,
Қазақ ақын, мен болғанмен осында,
Деді елім асқақтайды бәрібір.
Содан болар азап көріп жүрсе де,
Аямасын дұшпанының білсе де,
Ол елінің мұратына сенгендей,
Оған елі жаншылмас рух бергендей.
Бала болып күлген де де шаттанып,
Даналығын сандығынан ақтарып,
Күйінсе де, қуанса да жадында,
Ол ақынның қазақ қалды жатталып.
Өтер күндер, өтер уақыт, заман да,
Жұмбақ болып қалатын жоқ адамға.
Қазақ ақын қойын дәптер қолында,
Отыр ма оқып жырын әлі қамау да?!
Жауабы жоқ, сан сұрақтар іргеде,
Өлген дейді ол ақынды түрмеде.
Қазақ ақын, тағы жырла, жырлашы,
Бүгініңе айта отыршы бірдеңе!?....
Дегім келед, бірақ, әттең - дүние,
Кім жете алар сенің түпсіз түбіңе?!.
Ол ақынның сағынышына айналған,
Елі бар ғой еске алатын күйіне...
Олар оны еске алады үнемі,
Олар оны ұмытпайды , біледі,
Ол ақынның жыры барда қазақтың,
Аспанында соғып тұрады жүрегі.
Құстар келді...
Құстар келді, ағайын құстар келді,
Жан жүрегім ерекше құштарға енді!!!
Айналаға ғайыптан нұр төгіліп,
Жасыл кілем төселді тұстарға енді!!!
Тылсым жұмбақ, жұмақтың сырыменен,
Төгіледі жанымнан бүгін өлең!!!
Жамандықты атымен ұмыттырып,
Келді өктем, ғажайып жырыменен!!!
Күн жылынды бусанып жер - анада,
Сыңғырлайды күміс су - сай салада.
Жұпар аңқып жер мен көк телінгендей,
Бізде ұқсайық жүгіріп жас балаға!!!
Құстар келді, даламның әншілері,
Талға қонып өз орнын еншіледі.
Жем шашайыщқ ағайын, солар ғана
Береке мен бірліктің - елшілері!!!
*****
Мама, ертегі айтшы өтінемін,
Өтінемін, мұңымды кетіремін!
Астан - кестен ойымды сілкіп тастап,,
Тас шыңырау түбіне кетіремін!
Перілердің еліне сапар шегіп,
Күнәһар дүниені кешіремін...
Өзімді хан орнына хан қып сайлап,
Төрт құбылам түгел боп жетілемін.
Ертегі айтшы, алаңсыз бейқам күйі,
Көкжиекке күдіксіз тесілемін.
Мен боп жүрген бүгінгі өз бейнемді,
Хас батырдың қалпында келтіремін.
Аспан мен жер ұштасып жарасады,
Ақ пен қара өз ара таласады.
Ертегі айтсаң, кім білед бұл жалғанда
Биік етіп кетермін аласаны!.