Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Әсемнұр Жүнісқантегі


Ол Абайдың інісі

Таңжарық десе түседі еске туған жер,

Түседі еске Іледе* жатқан думанды ел,

Сол елдің адал перзенті еді ол кешегі,

Ұлтым деп туып, ұлтым деп бекем  буған бел.

 

Таңжарық деген жай ғана емес бір есім,

Еркіндік үшін қосқан бір кісі үлесін.

Туған жеріне тамсанып таңғы бұлбұлдай,

Жырлаған ақын жанаттай көркем Ілесін*.

 

Алашым деген , қазағым деген үздігім,

Таныдық па сол деңгейде біз бүгін.

Міржақыпты, Ахметті оқып ол,

Аңсаған кісі елінің тәуелсіздігін.

 

Ұмтылған ақын арайлап атар ақтаңға,

Жауынгер жандар жауына айтшы жаққан ба?!

Ұлты мен жерін қызғыштай қорғап  сол ақын,

Үш рет шығып , үш рет түсті қақпанға.

 

Сол кісі еді табынар жаным бір менің,

Ішінде жатып қандала, биттің, бүргенің.

Қанымен жазып қалдырған ақын еді ол,

Аянышты халқы мен Халын түрменің.

 

Үйірілсе де айықпастай басқа мұң,

Ойлаған жоқ. Бір сәт жеке бас қамын.

Ертеңгі ұрпақ ғибарат алсын деп бізге,

Қалдырды жазып қызықты қиса – дастанын.

 

Шертпейді сырын тұрсаң да қарап тілсім көк ,

О, ғазиз жүрек ұлтым деп соққан дүрсілдеп.

Ақсүйек болған Үрімжі маңын көрсетті ол,

Есіңе сақта ұрпағын түгел білсін деп.

 

Халықпыз қолын жүретін ылғый кеш сермей ,

Қарашы міне ол жақтан қалды көш келмей. 

Көзіне түртіп айтса да аңғал қазағым,

Бөгеліп қалды сол кісі сөзін ескермей.

 

Бақыл бол баба, жаннаттан болсын тұрағың,

Оқысам сені бойымда жүйткір бір ағын.

Қайтейін халқым қияалмай қалды - ау, амал не!

Секіріп өскен алдында тышқақ лағын.

 

Ескертем енді ақынын хылқы тыңдасын,

Ақындар болсын сырласың әрі мұңдасың.

Айтады олар өлеңмен өріп, өрнектеп,

Сезіне білсең кім досың сенің , кім қасың. 

 

Демей ме Абай: біріңді, қазақ бірің дос,

Жаныңа тартып көрмесең істің бәрі бос.

Таңжарық – ақын. Ол – Абайдың інісі.

Жалғасы оның ендеше, ұрпақ, танып өс.

 


Құшағыңды отан аш маған

 

Қаптаған халық,

Алды ғой алып,

Өзекті барад өртеп от.

Осынау өлкем –

Туған жер көркем

Жүруше - ем  саған еркелеп.

 

Қиялым самғап,

Қиянды шарлап,

Шекара келдім бері асып.

Қуаныш неткен,

Шуағын төккен, 

Тәуелсіз ел тұр жарасып.

 

Сана мен жүрек,

Қалмасын жүрдеп,

Шырқалсын енді асқақ ән.

Өзің деп тектім,

Алқына жеттім,

Құшағыңды, Отан, аш маған.

 


Қызай ана

 

Қызай ана,

Ұрпағыңмын өзіңнің,

Адамымын сезімнің,

Сенің туған жеріңе кеп өзімді,

Шын бақытты сезіндім.

 

Қызай ана,

Мен озіңнің түлегің,

Сен болагөр тірегім,

Алып ұшып әкелді бұл араға,

Ұлтым деген жұдырықтай жүрегім.

 

Қызай ана,

Сен-ең менің киелім,

Мен елімді сүйемін.

Бойымдағы қызыл қаным сенікі,

Тағзым етем, саған басты иемін.

 

Қызай ана,

Не көп бүгін, жүлде көп,

Қатысамын күнде кеп.

Қазылар бұл әділ болса алармыз,

Ұрпағыңды рухың мен жүр жебеп.

 

 

 

              

 

Көп оқылғандар