Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Атаева Гүлнара


Атаева Гүлнара Нүриддінқызы

Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы

 

 

Өшпес сәуле

(Таңжарық Жолдыұлын еске алу )

 

Алаш аты суымады, сен бастың,

Алаш -Күнге сәуле болып жалғастың.

Әлихан, Ахметтерді естіп тағы

Бізге тыңда дегеннен кем қалмадың.

 

Тарихтың жұлдызы аққан, таң самалы,

Түнек түрткен Алаштың шам-шырағы.

Жай тапты ма, айта ғойшы, шыбын жаның

Атқанда бостандықтық бүгін таңы?

 

Бүгін сенің жырыңды-өзен жағалайын,

Тұңғиықтай  болса сөзің кеп батайын.

Қос қанатың кісенде болса-дағы

Қаламың биікке ұшты, ағатайым.

 

О заман бәрін жұтып барады да,

Пенденің шымшық жанын аяды ма?

Сен жұтқан заманыңның ауасы кеп

Айналдырған шырмауықтан кем болды ма?

 

Болдың бе екен Ахметтің масасындай,

Тыным таппай қалардай ызың салмай?

Сен - ардақсың, естесің, жүректесің

Нар көшіңде қалса да ұйқы қанбай.

 

Уайым жеме, тыныш жат қабіріңде,

Біз - Азатпыз! Салынба әбіреңге.

Тарих саған ойып берген орыныңды

Сөнбес оңай есімің, қадірің де.

 

               Ұлы батыр

( Махамбет Өтемісұлына арнау )

 

Жігер, қайрат, ар-намысты бойына,

Тапқырлықты терең шұңқыр ойына.

Дарытыпты Тәңірі Аллам аямай

Ал батылдық сіңген оның қанына.

 

Қайратты едің,

Қайсарлы едің, батылым,-

Деп еске алад қазақ ұлы батырын.

Қолда қылыш,

Басыңда әлі дұлыға

Мен өзіңді елестетсем ақырын...

 

Нендей тұлға, тамсануың орынды-ай,

Сен еліңнің болыпсың ғой тауындай.

Кейде пана, судай шөлін қандырар

Неге сені кетті тағдыр аямай?

 

Азуыңды айға білеп майданда,

Жүргеніңді жырлап тарих жатқанда.
Мен үшін сенің қанатыңдай болатын

Қастерлі атқан жіп-жіңішке найзаң да.

 

Сөзіңнен от,

Жалындай боп

Жырларың ыстық естілер.

Бүгін сені тарихи азат үні дер.

Сені еске ап жүрген әрбір бауырың

Кеудеңнен жан суырған күнді жауыз дер.

 

Алқымыңнан әбден алды тағдырың,

Мұз арқалап күл төктің бе, батырым?

Жо-жоқ, аға, олай емес, бүгінде

Орындалған сенің жалғыз арманың.

 

Тәуелсіз ел, туы көктен көрінер,

Күн сәулесі шаңыраққа төгілер.

Сен қаныңмен сақтап қалған бұл жерде

Болса болсын тек өзіңдей серілер!

 

              Түсінбей кеткен ардағым

                   ( Лирика )

 

Түсінер деп кеткенің қалай үн қатпай?

Түсінем қалай?

Жүргенім әлі тым ұқпай.

Долданып мына бастағы шексіз ойларға,

Жемі де болдым тіріден тірі қалмастай.

 

Мен емес, мына сен мені түсін, ардағым,

Көргім - ақ кеп ед сезімнің шыншыл айнасын.

Кешіріп қой , сезімде сенім осал-ақ

Күнә болса сені сынға салғаным.

 

Түсінсін деп ем, бәрінен бұрын өзіңді.

Төзер ме деп ем, өткерсе менсіз өмірді?!

Сен, жарығым, менсіз-ақ ауа жұттың-ау,

Жерге төгіп бар маған айтқан сөзіңді...

 

Мені емес, сен өзіңді алдадың,

Сүйем демей, сүйемін деп ойладың.

Сол-ақ себеп жазғырмауым өзіңді

Иа, жаным, бұл менің соңғы ұққаным.

 

Ұққаным бар, сабырсызбын сонда да,

Үміттен болар: берігі күллі жалғанда.

Жәудіреп тұр-ау жараға толы жанары

Тыныстайд әлі, өлілеу тыныс алса да.

 

Ойлама мені бетперделі біреу деп,

Шыншыл ем саған, адал да едім көптірек.

Тағы кешір, тым артық кетсем егер де,

Сүйгені ғой, жүрек те сені таңдап ед.

 

Мен сөз бергенмін, саған емес, өзіме,

Бүгін келіп тірелдім осы сөзіме.

Сүйгенім де, сенгенім де - соңғы амал,

Я сенімен, мен жалғызбын немесе!...

 

 

 

 

 

Көп оқылғандар