Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Қайбуллаев Нартай


Қайбуллаев Нартай, 1998 жылы Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Қазақ ұлттық университетіне қабылданады. Қазіргі таңда аталмыш оқу-орнында 3-курс оқиды.

Сөндірмейміз сәулені!

Қалықтаған рухы бір көсем көкте,

Пайымдады ақын – ол, шешен деп те
Нақ ізінен мұң емес, жыр көре сап,
Мен неліктен аңызым өшем текке.

Болу керек ебедейсіз есерге абай
Таңжарығым жанашыр десем қалай?
Таңы жарық қоғамда қалып кеткен
Қайтарады өлеңнен есемді Абай.

Білімділік, жыр, өнер, тәсіл бөлек
Өзгермекке талайғы ғасыр керек.
Көзін ашпақ болғанға қарсылары,
Әсілінде, айнымас масыл демек.

Міне, содан отырғандай таң налып
Көбі өтті масылданып, паңданып,
Алаштықтар сыр шертсе өз жерінде
Шығысымнан атой салды Таңжарық

Жар салатын ол кезде жаңалығын
Жаңа қоғам, жаңашыл, жаңа Күнім
Бір мейірімнің шашпауын көтеретін
Жаңашылдық шынайғы ада бүгін

Өкпелейміз біз несіне налаға құр
Күн шығыстан биіктеп бара жатыр
Таңжарықтың сәулесін сөндірмейтін
Алаштықтан біреу шығар қара да тұр!

 

 

~~Өзім – өзім емес!

Қара дақтар көбейгенде түйрелем
Өз-өзінен ынжықтығым басым боп.
Қалай болсын нық тұруды үйренем,
Көзімдегі жай әншейін жасым деп.

Кей кездері кейіпінен масылдың
Мен өзімді көп көремін не себеп?
Көрмесем де қаталдығын ғасырдың
Өн бойыма сұмдық енді неше рет

Өзге ойдың шырмауына асылып,
Күнәсіна періштенің қалдым көп
Эх, жасымды ел біткеннен жасырып
Тұншығу мен талғым жоқ

Тапқанында жанға дауа досы өңір
Айтады екен, бұл өмірді сүрмес ем
Бұйырмаса мағанда дәл осы өмір
Сұмдығында, тағыларын көрмес ем

Қара дақтар көбейгенде түйрелем
Өз-өзінен ынжықтығым басым боп.
Қалай болсын нық тұруды үйренем,
Көзімдегі жай әншейін жасым деп.

Көз жасымнан биік тұрып, құрыққа
Түспейтінім анық бәрін елесем
Жаратқаным күш беруді ұмытпа,
Тамшы жастан төмендесін демесең.

 

 

~~Көктем келгенде...

Ұмыта сап, мен сені және сен мені
Іздеуді қойдық екеуміз бірдей рас осы,
Осыларға сенгім де жаным келмеді
Бар білгеніңді жасашы.

Өзегім жанып, отыратынмын жекумен
Келеді сосын, мына әлемнен қашқым-ақ,
Қорықпасам да өзіңнен жаным кетуден
Жібермейді жас бірақ

Жараларымды айтпасаң да жатқа көп
Жолдарын таптым дәрісімен сәтті емдер
Сосын, сосын айтар сөзің де тапталып,
Қалып қоймасын әттеңдер

Бөлінген кезде сен қуанып лақтырдың
Гүліңді көкке..., негізі бұның жат мүлдем
Жазылмағандай кең басына бақ құлдың
Айырылайын тәттімнен,

Басына кейде мың бақыттар ереді ал,
Ғашықтардың келген сәтінде көктемі
Ал, бізде бәрі көктем келгенде керағар,
Көктем келгенде біткені...

 

 

 

 

Көп оқылғандар