Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Дос Құбаш


Қостанай қаласының тұрғыны

Қапырық көңіл

Қапыда қалған дариға шіркін күндермен,

Қапырық көңіл ынтызар болып үлгерген.

Адасып қалып жанымды жеді бей уақта,

Тәнімді сүйреп жападан жалғыз сүлдермен.

 

Қыстың соңы күндер міне жылымық,

Балауса кейіп,сезімнің сенде сырын ұқ.

«Ақ раушанға» ұқсатқамын мен сені

Сабақтан емес жүректен түскен үзіліп.

 

Жаралы көніл,жаутаңдап ем іздесе

Қажет қылса тайсалмай теңіз кешер

...Қалай табам жолымда тұмандығой

Қалай табам көзіме сені ілмесем...

 

Қапырық көңіл...

Тілемесем пенделердің басына

Тұншығатын жауын моншақ жасына

Түсіме енші тек қана мен тілейін

Қайғы болдың қасірет боп басыма

 

 

              Өскен жерім

 

Өскен жерім өрлейсің өзендермен

Тоқтамайды уақыт сезем желген.

Мен өзіңді күніне мың құшақтап,

Ұшып жүрем құс болып кезеңдермен.

 

Сен –әкемсің, әкелген бар тұлғамды

Сен –анамсың жанының алтын бәрі

Топырағыңнан айналайын ата жерім,

Ұлылық бар ұрпақта артыңдағы.

 

Желің бар жүрегімді сыбдырлатқан

Ойыншық ойларымды былдырлатқан.

Өзіңде жүріп сені сағынамын

Сезімім ұйқысы жоқ сылдыр қаққан.

 

Тауым бар туысымдай көрінетін

Көлім бар түнде айна боп керілетін.

Мен сенің ақ жауының болайыншы

Бір қыздың бұрымы боп төгілетін.

 

Бер, маған бишігіңді арман далам,

Тау болам, не толқыған орман болам.

Қарайды биік таудың ар жағынан

Өзіме ұқсас реңі таңдар маған!

 

 Таңжарық еді

 

Алтайдың қаптап бетінде арша өседі

Аршаны тербеп ақүрпек самал еседі.

Топырағы торқа болса екен асыл ақынның

Ұмтылған биік Таңжарық еді кешегі.

                 

Сүйетін елін, сүйетін жерін жәй ғана

Қарағай болып тұратын таңда ойлана.

О, аға мынау толқындар тулап жатқанда,

Белбеуін шешіп қарап тұр белден бай дала!

 

Талқының жері тағдырыңды алып самғады

Сәтікөк аттың ағызды сені арманы.

Жарысқан желмен қиялың сенің ұйқысыз,

Әбдірахман болып, Шұғаға сөзін арнады.

 

Өзің де сонда Бейімбет едің маңдайлы

Балапан оймен ұшырған үркек торғайды.

Қытайдың жері қытымыр еді, амал не

Сағымдар түбі белдерден асып алдайды.

 

Таңжарық ақын, тойыңда тұрмын тау асқан

Ардақты ақын асуға жалтыр жарасқан.

Бәти мен Сара осында жүр ғой қарашы,

Ассалаумағаләйкүм, ақ аспан!

 

Көп оқылғандар