О, ғажап! Жарық күн. Айнала не деген тамаша! Төбемнен түсіп тұрған мына күннің шуағын көруге, сезінуге қаншама күн құштар болдым. Міне мен базарға келдім. Осы уақытқа дейін неше түрлі жерде қондым. Күннің шұғылалы сәулесін бір көру мен үшін арман еді. Ол арманым да орындалды. Күн шақырайып төбеден шуағын шашып тұрған түс мезгілі. Жан-жағыма құлақ түрсем жанымда түрлі-түрлі қораптар тұр. Іштерінде не зат бары мен үшін беймәлім. Менің бақыттан басым айналды. Арғы жақтағы сатушының сөзіне қарағанда, мен бүгін бір кісінің үйіне барады екенмін. Маған осындай бақытты сыйлаған, мына алпысты алқымдаған кісінің қызы. Мен базарда тұрғанымда, бұл кісі келіп, сатушымен сөйлесіпті. Ал сатушы менің сол үйге баруымды жөн деп тапқан екен. Үйінде жар дегенде жалғыз қызының бүгін туған күні. Мүшел жасқа толғалы отыр. Сатушыға өз жағдайын түсіндіріп, ақыл сұрағаны сол екен, сатушы мені көрсеткен, ол кісіге менде ұнаған болуым керек. Бейтаныс кісімен еріп кете бардым. Үйіне де жеттік-ау. Қаланың шетіндегі жер үйде тұрады екен. Төрт бөлмелі пәтер. Үйге кіргесін, қыздың әкесі мені қай жерге орналастыратынын ұзақ ойлап біраз отырды да, сосын ақылдасуға ас үйдегі әйелін шақырды. Жұбайы ойланбастан;
- Қызымыздың бөлмесіне апарайық. Ол келген кезде ерекше тосын сый болады - деп күлімдеді. Әкесі де келіскен пішінмен мені қыздың бөлмесіне апарып қойды. Бөлмесі неткен әдемі. Тап тұйнақтай етіп жинаған. Соған қарағанда бұл қызы тәрбиелі, ұқыпты секілді. Күн бесіннен ауғанда бір көңілді дауысқа елең ете қалдым. Дауысына қарағанда, әлгі туған күн иесінің өзі сияқты. Арғы бөлмеде көңілді үндер, қуанышты күлкілер, ақ тілектер айтылып, мен тұрған бөлмеге жақындап келе жатқанын сездім. Есік ашылып, қос бұрымды, екі беті алмадай, сәл қызылы бар, күлімдегенде өзінше сұлулық беретін қыздың бетіндегі шұңқыры қызды одан бетер ажарландырып тұрғандай сүйкімді қыз кіріп келді. Мені көрген бетте, қуанышы қойнына сыймай, алдыма келіп қарсы отырды. Жан жағыма, кескініме аздап көз тастап сосын өз көркіне өзі тамсанып, әкесі мен анасын құшақтап алғысын айтты. Қарама - қарсы қайта отырды. Шашын тарап, «маған қарап күлімдегенде ақ маржандай жылтыраған тістері алмадай екі бетіне өзінше бір көрік бергендей болды. Мен бес жыл бойы қараңғы түнекте жатып, бүгін осы үйге түскеніме ерекше қуандым. Алдымда отырған қыз, ас үйден анасының, «Құлыным шай іше ғой» – деген сөзінен кейін орнынан тұрып, есікті жауып, ас үйге кетті. Осылай күндер де өте берді. Қыздың есімі - Жәния. Уақытының көбін маған бөлсе екен деп тұрам. Жәния - тал бойында бір мін жоқ сұлу қыз. Маған әбден үйреніскеннен кейін отырып, маған мұңын шағып, менімен сырласатын болды. Мен үнсіз тыңдаймын. Бірде ол бақытты жүзімен басынан өткендерін айтса, енді бірде мұңайып келіп, іштегі шерін маған ақтарып, көзіне ерік беріп, жылап та алатын. Жәния маған ғана сырын ақтарады. Анасы әрдайым өзінің мәселелерімен әлек болып қызына көңіл бөліп сырласуға да уақыты жоқ. Сәл босай қалса қолына телефонын алып, уақытын сол жерде өткізеді. Ал әкесі жұмыстан қолы тимейді. Әкесі мен анасы жан-жақтан табыс тауып, балаларымызды бағып жатырмыз деп ойлайды. Бірақ ақша беріп, қалағанын әперіп қойып жүре беретін ол жануар емес қой. Адам ғой. Балаң болғандықтан сөйлесу керек. Сырласу керек. Бірақ Жәнияның ата-анасы ондайды түсінбейді. Мен жансыз зат болса да оны білем.
Әй – адамдар! Біреулер жылап, еңіреп балаға зар болып жүр. Енді біреулері бар баласына көңіл бөлмей қу дүниенің тіршілігімен әлек болып жүр. Кейін баласы жазатайым жазым болған да өкініштен өзегі өртеніп, Жаратқанға қарсы сөздер айтады. Тағы бір адамдар бар өз баласын көзін жәутеңдетіп, жетім қылып тастап кетеді. Көздерінен жас емес қан ағып жатқандай сезіледі? Қарап тұрып менің жаным ауырады. Неге адамдар түсінбейді. Мен затпын ғой, тілім жоқ. Бала – деген бәріне бұйыра бермейтін бақ қой. Егер сенің ойыңа ажырасу немесе балаңа уақытың жоқ болса, бір сәт балаға зар болып жүрген ерлі-зайыптылармен сөйлесіп көрші. Олардың еңірегенде етегі жасқа толып, баласы болған да қалай қадірлейтінін айтқанда сенің де бәлкім жүрегің жібіп, өзгерерсің. Әй, Адамдар! Баланы жетіп қылмаңдаршы! Баланы қорламаңдаршы! Баланы өлтірмеңдерші!!!
Жәния бойжете бастағаннан ұнатқан жігіттер де аз болмады. Ол өзіне жазған жігіттердің хаттарын көңілді, көтеріңкі дауыспен маған оқып береді. Аптаның бейсенбі күні Жәния боп-боз болып бөлмесіне кірді. Менің адам секілді көңілім құлазып, Жәнияға қолдау көрсететін қабілетім болмағандықтан үнсіз әліптің артын бағып тұрмын. Бірақ мен келгелі екі жыл ішінде Жәнияның бұлай көңілсіз келгенін көруім бірінші рет. Бөлмесіне келіп қыстығып жылап жатып ұйықтап кетті. Түннің қоюланған қара түнінде ұйқысынан оянған Жәния бір шыны суын ішіп, алдыма жайғасты. Күні бойы жылағандықтан көзі ісіп кеткен. Көздерінде біртүрлі мұң бар. Бірдеме айтқысы келетін тәрізді, бірақ қалай бастарын білмей отыр. Менің тілім жоқ. Тек үнсіз тыңдау ғана келеді қолымнан.
Жарты сағаттай уақыт өткесін Жәния ауыр күрсініп алды да әңгімесін бастады.
Үлкендер бізге ақыл айтады. Жақсы бол, сабағыңды жақсы оқы, үлкен маман иесі бол» дейді. Мен сабағымды жақсы оқып жатырмын. Ертең өскенде ауырған адамды емдеп жазатын дәрігер болғым келеді. Ол үшін көп оқуым керек. Атам марқұм айтатын: «Қызым, сабағыңды жақсы оқы, ата-анаңның тілін ал» - дейтін. Мен атамның айтқандарын екі етпей орындап жүрмін. Үлкендер әрдайым қамқор болып, жақсылықтарын көрсететін еді ғой. Бірақ неге осынау үлкендер біртүрлі әрекеттер жасайды. Кеше мен анам мен әкемнің інісінің үйіне бардық. Мен ол кісіні кішкентай әке деп атаймын. Кіші әкем үй сатып алған. Қуанышын бөлісу үшін шағын дастархан жасап, бәрімізді шақырды. Өзінің достары, көршілері де жиналған екен. Дастархан басында тамақ ішіліп болғасын, әппақ ащы суларын ортаға алғызды. Мен өзім ұнатпағандықтан орнымнан тұрып, балалар ойнап отырған бөлмеге бардым. Салтанат кіші әкемнің үлкен қызы. Менен екі жас кіші. Ол маған өзінің қуыршақтарына тігіп берген көйлектерін көрсетті. Салтанатқа қатты қызығамын, өйткені қолынан тігін тігу келеді. Ол ертең өскенде анасына қымбат көйлек, әкесіне әдемі пальто тігіп беретінін және елге танымал дизайнер болатынын айтады. Мен біртүрлі өзімнің мамандығымды одан төмен санайтын сияқтымын. Салтанаттың әңгімесін тыңдап, көйлектерін тамсана қарап отырғанда, кіші әкемнің досының қызы біздің бөлмеге кіріп, далаға шыққысы келетінін айтты. Оның есімі Айжан еді. Жасы небәрі бес жаста болғандықтан кешке жалғыз шығуға қорқады. Салтанат шыққысы келмейтінін, қысылып отырған баланы аяп мен бірге шықтым. Сүт пісірім уақыт өткесін үйге бет алғанда кіші әкемнің көршісі бізге жақындап, «көгершін көргің келе ме?» - деді күлімдеп. Үстінен біртүрлі арақтың қолаңсы иісі шығатынын тәрізді. Мен қорқып тұрғаныммен бір жағынан көгершінді тек кітаптан көргендіктен өмірде қандай болатынын көргім-ақ келіп тұр. Мен ағаның сөзіне ойланып тұрғанымда Айжан үйге жүгіріп кіріп кетті. Көрші аға қайтадан мені қызықтыруға тырысып, «көгершіннің аппағын әлі көрмеген шығарсың жүр көрсетейін» дегесін мен бірге ілестім. Кіші әкемнің үйіне қарама қарсы тұратын үйдің қора жағына бардым. Дала қараңғы жүрегімді қорқыныш билей бастады. Тым қараңғы жерге бара жатқасын мен көгершінді көргім келмейтінін, үйге қайтатынымды айтып, бұрыла беріп едім, көрші аға қолымнан шап беріп ұстап, мынаның ішіне кірейік көгершіндер ұйықтап жатқан тәрізді оятып алмай тамашалайық» деді. Менің қорқынышым үдей түсті. Қайтатынымды айттым. Көрші аға маған жақындап, алғашқыдағыдай емес езуінен күлкі іздері көрінбейді. Қаталдау кейіпке еніп алған. Жаныма жақындап, өзім көйлекпен тұрғам «ешкімге айтпа жарай ма» деп менің санымнан ұстай бастады. Мен қорыққанымнан шыңғырып жылап жібердім. Сасқалақтаған көрші аға қолын дереу алып, «көгершіндерді үркіттің, болды көрсетпеймін бар үйіңе! - деп кіші әкемнің үйін нұсқап, қолына темекісін алып көшеге кетті. Мен жүгіріп барып, бөлмеге кіріп жатып қалдым. Қорыққанымнан қол-аяғым дірілдеп, ешкімге айта алмадым. Сол түні біз үйге қайттық. Мендегі қорқыныш пен көзімдегі мұңды ана мен әкем байқамады. Мен оны айту дұрыс емес деп ойладым. Сондықтан оны тек саған айтып отырмын. Осы сөздерді айтып отырғанда Жәнияның ақ қайыңдардай кірпігінің арасынан мөлдіреген тамшылар ағыла бастады. Мен Жәнияны жұбатқым келді. Бауырыма қысып, көз жасын сүртіп, демеу бергім келді. Бірақ менің қолымнан келмейді. Өйткені мен айнамын ғой...
Алғаш рет мен адам баласына ашуым келді. Жануардың өзі өзге жыртқыштың баласына олай азғындық жасамайды ғой. Сонда осынау екі аяқты пенденің осыншалықты жыртқыш аңнан төмен болғаны ма? Дөңгелек жер шарын қанға бояп жатқан да, жасыл желекті орманды кесіп, тақыр қылған да, бірінің қанын бірі төгетін де, ақша деген құрал үшін арын сататын да осынау екі аяқтылар екен ғой. Жаратқан бұларды осы әрекеттерді жасасын деп жаратпаған еді ғой әу баста…
Жәнияның сол бір еркектен көрген қорқынышы бойында сақталып қалды. Өскен сайын өзіне кері зиянын тигізіп, өзі ұнатып тұрған балаға өз сезімін білдіре алмайтын болды.
Ол өзіне жазған жігіттердің хаттарын көңілді, көтеріңкі дауыспен маған оқып беретін. Әрине, ол хаттар алғанына қуанса да мән бермейтін. Оқитын жауапсыз қоқысқа тастай салатын. Жәния менің көз алдымда бойжетті. Міне бүгін Жәния он алтыға да келіп жетті. Арада үш жыл өтсе де одан бетер құлпыра түскен. Жәнияның қолы босай қалғанда менімен келіп сөйлесе бастайды. Сан түрлі қызықты хикаяларын айтып, өзі соған мәз болып қуанып та алатын. Бірде ол әкесі мен анасының қандай қиындық көргенін, сол қиындықты қалай жеңгенін айтып берген еді. Ол былай болған екен: Тағдыр деген тәлкектің бір түйін бар ғой байлықты берген құлына денсаулық бермейді. Атақ даңқты берсе де бала бермейді. Жәнияның әкесі мен анасы үйленгеннен кейін жиырма жыл бала сүйе алмаған. Бармаған жері, баспаған тауы, әулие әнбиелері қалмаған. Араларында бірнеше мәрте ұрыс – керіс те болған. Бірақ бір-бірін шын сүйіп қосылған адамдарды ештеңе айыра алмайтынын бұлар дәлелдеді. Екеуі ойлана келе «сабырмен күтейік, тағдырдың сыйы кенеттен» деуші еді ғой деп шыдамдылық танытып күтті. Бұл екеуінің төзімділігін тексеру үшін тағдыры да күттірді. Аз емес жиырма жылдан кейін өзінің сыйын бұларға тарту етті. Ол әрине сүп-сүйкімді Жәния. Жасынан зерек, көрікті, ақылды болып өсті. Жәния сабағына кеткенде мен жалғызсырап қалам. Осындай үнжырғам түсіп отырғанда, есіктің кенеттен ашылғанын сездім. Қарасам Жәния қолында бір жапырақ қағазы бар. Сөмкесін тастай сала, алдыма қарсы отырып, хатты дауыстап оқи бастады. Бір жігіттің жазған хаты екен. Былай басталады: - Жәния сені жақсы көрем. Саған қамқор болғым келеді. – деп басталғанымен соңын Жәния оқымады.
- Маған күлімдеген жүзімен қарап, хатты әдемілеп бір бүктеп, кітабының арасына салды. Жәния осы күнге дейін келген хаттарды қоқыс жәшігіне салатын. Ал бүгін ол қоқысқа емес бір кітаптың ішіне бүктеп салып қойды. Демек ол жігітті Жәния да ұнатады. Әр күн сайын басынан өткен қызықтарын айнаға яғни маған айтатын. Неге басқа құрбысына емес? Жаны жоқ айнаға сырын айтады? Өйткені құпияны сыртқа шығармайды. Өтірік сенің алдыңда көлгірсімейді. Ол жылағанда бұл күлмейтін жансыз достың бірі осы – Айна. Көрген қызықтарын айтып отырғанда көбіне әлгі хатты берген жігіт жайлы айтып қалады. Бірақ Жәния ол жігіттің шыдамдылығын білу үшін, қаншалықты күте алады екен – деп ол жігітке ешбір жауап қайтармай, екі жыл күттірді. Жігітте екі жыл күтті. Осылайша арада екі жылда өте шықты. Жәния он сегізге де толды. Бұрыңғыдай емес ақылы да, толысып қалған. Екі жылдан бері сонау бір жігіттен хаттар толастамады. Жәния оның барлығын жинап жүрді. Бірде ол кешке таман, жігіттің жазған бұрыңғы хаттарын алып, оқып шықты. Сосын ол өзіне – өзі «Ертең оған барып, ұсынысын қабыл аламын. Екі жыл күттірдім. Осы да жетеді. Енді бірге боламыз – деп хаттарын орнына қойып, ақ мамық төсегіне жатып, ұйқыға батты. Осы адамдарды түсінбеймін, аялы алақанын ұсынған жаннан теріс бұрылып, жұдырығын ұсынған жігітке жанын беруге әзер тұрады. Кейде осы адамдар келген бақты бетінен өздері қағады. Сосын «мен бақытсыз болатындай не жаздым Жаратқан» деп кінәнің бәрін Жаратушысынан көреді. Жаныңдағы жанды, қонған бақтың қадірін білмейді ау... Күн ұясынан көтеріліп, Жәния сабағына кетті. Мен сол баяғыша өзім ғана төрт қабырғамен тілдесіп қала бердім. Бесін уақыты болды. Жәния әлі жоқ. Мүмкін қосымша сабақтары болған шығар. Бірақ күн екінтіге таянғанда да келмеді. Мен Жәнияны ойлап, алаңдай бастадым. Мүмкін кешегі ұнатқан адамымен қыдырып жүрген шығар. Иә кеше өзі де айтқан еді ғой...
Кешқұрым ашулы кейіппен Жәния кіріп келді. Кимінде шешпестен төсегіне етпетінен жатып, қыстығып жылай бастады. Бүгін қуанышты келу керек еді ғой? Сонда..... Түнге қарай бетін жуып, сақтап жүрген әлгі хаттарды қайта шығарып оқыды. Оқыды да әр қайсысын жыртып тастады. Сосын өз- өзімен сөйлесе бастады.
- Не деген ақымақ болғам. Менде оны жақсы көрдім ғой. Неге екі жыл артымнан жүгіртіп қойдым. Ал енді..... деген сөзінен кейін көзінен мөлдір жас моншақтары еріксіз ағып жатты.
- Жәния сені жақсы көрдім. Саған қамқор болғым келетін. Бірақ сен қарсы болдың амал қанша. Мен басқа қалаға көшетін болдым.
- Не деген ақымақ болғам. Менде оны жақсы көрдім ғой. Неге екі жыл артымнан жүгіртіп қойдым. Ал енді..... деген сөзінен кейін көзінен мөлдір жас моншақтары еріксіз ағып жатты.
- Жәния сені жақсы көрдім. Мен басқа қалаға көшетін болдым. Сені енді мазаламаймын. Сау бол - деген соңғы сөздерін айта алмай, көзіне ерік берді. Ол жігітті Жәния мәңгі ұмытпақ емес. Жәния енді ғана өз бақытын жіберіп алғанын түсінді. Көп уақыт күттіріп қойғанына қатты өкінді. Екі күн бөлмесінен шықпай, жылаумен болды. Тек қана екі күн өткесін ол жігітті жүрегінен, өмірінен біржолата өшіруге бел байлады. Енді сол адамды есіне салатын заттарының барлығының көзін жоюға кірісті. Хаттарын өртеді, суреттерін жыртып тастады. «Осының бәріне мен куә болып, Жәнияны қатты аядым. Сәлден кейін Жәния гүл салынған құмыраға жақындап келіп, сәл кідірді. Құмырадағы гүлге қарап тұрып, біртүрлі жымиды. Бірақ көзінен жас моншақтары төгіліп жатты. Мен таңырқап қарап тұрмын. Мұндайы жоқ еді ғой не істемекші?? Бұрыңғыны еске салатын заттарының бірі – айна. Өзіне соншалықты ыстық болғанымен ол айнаға қараған сайын сол жігітті есіне алатын. Сондықтан Жәния ойланып тұрып соңғы рет айнаға көз тастады да, гүл тұрған құмыраны алып, айнаны бір ақ ұрды. Күлімдеп тұрғандай болған айнаның беті күл-талқан болып сынды. «Бақытыңнан айырылсаң оған тек өзің кінәлісің. Келген бақты бетінен қайтарған бір өзің. Барды бағалай алмадың уақытында. Бұл саған өмірлік сабақ болсын. Сол бір жігіт үшін өзіңнің бала күннен бірге болған, жақын, жансыз досың мені (айнаны) сындырғаның ба?- деген ащы үн Жәнияға естілгендей болды…
