Бекжан Әшірбаевтың «ЖАНАРТАУ» атты жыр кітабы таныстырылды
Кеште Бекжан Әшірбайдың шығармашылық өмір жолынан сыр шертетін фильм көрсетілді.
ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш», Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Бекжан Әшірбаевтың «ЖАНАРТАУ» атты жыр кітабының таныстырылымы өтті.
Кеште Бекжан Әшірбайдың шығармашылық өмір жолынан сыр шертетін фильм көрсетілді.
Шараға ақынның аяулы анасы Ұлбике Әшірбай мен туыстары, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.
Қазқстан Жазушыдар одағы Басқарма Төрағасының орынбасары, ақын Қасымхан Бегманов ақынның артына қалдырған мол шығармашылық мұрасы жайлы сөз сөйлеп, Бекжан Әшірбаевтың аяулы анасына сый-сыяпат көрсетті.
Сонымен қатар жиында белгілі сыншы, филология ғылымдарының докторы, Дандай Ысқақұлы, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәкен Хамзин, көрнекті ақындар Ұлықбек Есдәулет, Байбота Қошым-Ноғай, Әділғазы Қайырбеков және т.б. Бекжан Әшірбаевтың шығармашылық еңбегі жайлы өз естеліктерімен бөлісті.
Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі
