Сәбит Баймолдин
Қазақтың белгілі ақыны Сәбит Баймолдин – 1942 жылы 5 наурызда Байғанин ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1964 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін, кейін Қазақ КСР Ғылым Академиясы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аспирантурасын бітірген. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Байғанин ауданының Байғанин орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директорлық қызметте болды. Бұдан соң Республикалық «Қазақстан Мұғалімі» газетінің батыс облыстар бойынша меншікті тілшісі, Батыс Қазақстан темір жол басқармасының органы «Стальная магистраль – Болат жол» газеті редакторының орынбасары, Ақтөбе облыстық кітапқұмарлар қоғамы басқармасының жауапты хатшысы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы болды.
Алғашқы өлеңдер жинағы «Жер-мекен» деген атпен 1966 жылы «Жазушы» баспасында жарық көрді. Одан кейін «Қырда туған» (1967), «Монолог» (1969), «Қызыл іңір» (1971), «Сағыныш» (1976), «Алтын гүл» (1978), «Сенемін саған» (1980), «Іңкәр күндер» (1982), «Армия семьясы» (1982), «Бесік жыры» (1985), «Тал кеме» (1988), т.б. өлең кітаптары жарық көрді. Тақырыбы жағынан сан алуан болып келетін С.Баймолдин өлеңдері авторлық өзіндік қолтаңбасына тән ырғақ, ұйқастармен ерекшеленеді. Ақын өз туындыларына замандастардың болмыс-бейнесі, тыныс-тіршілігі, моральдық және азаматтық бағыт-бағдары турасындағы ой-толғауларын арқау етті.
Сәбит Баймолдин 2000 жылы 9 желтоқсанда дүниеден озды.
Баймолдин С: Өмірбаян // Қазақстан Жазушылары анықтамалық / Құраст. Қамшыгер С. Жұмашева Қ. – Алматы: Ан-арыс, 2009. – 81 б.
Баймолдин С. Өмірбаян // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd» ЖШС, 2010. – 111б.
Баймолдин С. Жер-мекен: Тұңғыш кітап. – Алматы: Жазушы, 1966.
Баймолдин С. Қырда туған: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1967. – 68 б.
Баймолдин С. Монолог: Дастандар. – Алматы: Жазушы, 1969. – 56 б.
Баймолдин С. Қызыл іңір: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1971. – 56 б.
Баймолдин С. Сағыныш: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы,1976. – 160 б.
Баймолдин С. Алтын гүл: Өлеңдер, дастандар. – Алматы: Жалын, 1978. – 160 б.
Баймолдин С. Сенемін саған: Өлеңдер мен поэма. – Алматы: Жазушы, 1980. – 156 б.
Баймолдин С. Іңкәр күндер: Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1982. – 96 б.
Баймолдин С. Армия семьясы: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы,1982. – 112 б.
Баймолдин С. Бесік жыры: Өлеңдер жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 155 б.
Баймолдин С. Тал кеме: Өлеңдер жинағы. – Алматы: Жазушы,1988. – 197 б.
Баймолдин С. Мәңгілік көктемді аңсау // Ақтөбе. – 08.04.1992. 8-9 б.
Баймолдин С. Өмірі мен шығармалары // Жәдігер: Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы / Ред. алқасының төрағасы Сағындықов Е. – Ақтөбе, 2006. – 202 б.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...