Жақан СМАҚОВ
***
Тышқан, бірақ құлпырған,
Терісі қандай көрікті.
Көресің де сыртынан,
Аласын еске бөрікті.
«Суыр» дейсің біреуің,
«Сусар» дейсің біреуің,
«Су тышқан» дейсің біреуің.
Шешуі оңай, қолда тұр:
Дейсің бірің – «ондатр».
Пайда қандай айтыстан,
Айтыңдар мынау қай тышқан?
(құндыз)
***
Орманды жер тұрағы,
Бірін-бірі құрылдап,
Тақыршықтан қуады,
Жұлысады жүндерін,
Түсінбедім тілдерін,
Осы қай құс балалар,
Айтыңдаршы білгенің?
(құр)
***
Аша тұяқ, асқан жүйрік,
Орман, тоғай мекені.
Бөкен танау, ешкі құйрық,
Бөгелмей нудан өтеді.
(бұғы)
***
Табиғат қалай қас қылған,
Төрт аяғы тең емес.
Бірақ жауы – қасқырдан.
Жүйріктігі кем емес.
Түнде ғана жортады,
Көлеңкеден қорқады.
Кетік ерін, қамыс құлақ,
Ұнатамын өзін бірақ.
(қоян)
***
Жолбарыстай жолақтанып,
Жойқын күшті ол бір алып.
Ақ қайран мен шабақтарға,
Түсті балық, жыртқыш балық.
Мінезінен жүр ғой бірақ,
Туыстардан бөлек қалып.
(шортан)
