Нұржан КӘПҚЫЗЫ
Түз тағысы қыраны,
Өте сақ, тым қырағы.
Өзі епті қайсар құс,
Ағаш басына ұя салған,
Орманды мекендеп қалған. (Қаршыға)
***
Қасқырды да аулайды,
Қанаты да талмайды.
Ұясы қия-жартаста,
Өзі қыран марғасқа. (Бүркіт).
***
Қауырсыны қап-қатты,
Жұбымен қанат қақты.
Құз-жартаста ұясы,
Көзі сондай қырағы,
Өзі түздің қыраны. (Бүркіт).
***
Орман, түзді сағалап,
Жеміс-жидек асаған.
Зиянды жәндіктерді теріп жеп,
Қыруар пайда жасаған. (Қрғауыл).
***
Жүзгіш құс атанған,
Аяғы қысқа, мойыны ұзын.
Тамағы-балық, шаяндар,
Қырмаңдар оны аяңдар. (Аққұтан).
***
Маңдайында төбелі,
Жәндік-оның қорегі.
Қауырсыны қап-қара,
Мекендейді далада,
Түрі оның қарала. (Қасқалдақ).
***
Орман, тауларда,
Ұшып , заулайды.
Жемін түнде қаузайды,
Зиянкестерді аулайды. (Үкі)
***
Қанатвы мен жотасы,
Қара қоңыр түсті.
Мекендейді қыратта,
Аң мен малдың,
Етін жейді бірақта. (Құмай).
***
Қауырсыны қара ала,
Ұшып жүреді далада.
Талғамайды жемді де,
Зиянкес жәндіктерді жейді де,
Көп пайда келтіреді. (Сауысқан).
***
Адамға адал жүрегі,
Тынымсыз ұшып жүреді.
Жіңішке, ұзын қанатты,
Адамның досы санапты. (Қарлығаш).
***
Өзен-көлді жағалап,
Топ-топ болыпмжүреді.
Сирақтары сидиған,
Мойындары қылқиған.
Балапаны да, өзі де аппақ,
Оны кім біліп таппақ. (Аққұтан).
***
Балпаң-балпаң басады,
Кісі көрсе қашады.
Қанатымен су шашып,
Айналаны салқындатады. (Үйрек).
***
Құз-жартастастың қиясы,
Қол жетпесте ұясы.
Өзі сүйір қанатты,
Жанары ұшқын атты.
Топшысы сіңірлі келеді,
Бұл құсты кім біледі? (Лашын).
***
Мамық ,жұмсақ жүні де,
Естілмейді үні де.
Тез тестиді дыбысты,
Биікке ұшып, самғайды,
Түнде жемін улайды. (Үкі).
***
Бақа-шаян қорегі,
Көп қой оның әлегі.
Мекені өзен, көл екен,
Пайдасы оның көп екен . (Әупілдек).
***
Үйірлі жануар,
Тікірейген жалы бар.
Есекке ұқсастығы тағы бар,
Терісінен былғары да алынар. (Құлан).
***
Жүні қалың, бағалы,
Терісін де алады.
Басы менен көзі үлкен,
Киім де болар жағалы. (Жанат).
***
Сүп-сүйір қанатты,
Саусақтары керемет.
Қарағайлы орманда,
Жеміс-*жидек қорегі,
Топ-*топ болып өреді.
Сүп-сүйір қанатты,
Саусақтары керемет. (Қызылаяқ).
***
Тұла бойы сіңірлі,
Имек мойын өзі ірі.
Денелі де,өзі ірі,
Шөлге келер төзімді,
Іс тындырар бір өзі. (Түйе).
***
Құғақ жерде тұншығады,
Суға жүзсе құлпырады. (Балық).
***
Су жүрек қорқақ,
Сыбдырдан да қорқады.
Селтиіп екі құлағы,
Елеңдеп ылғи тұрады. (Көжек).
