Жақан СМАҚОВ
* * *
Шаң, тозаң, лас
Болмасын ...
(класс)
* * *
Жыртылып, жұтап,
Тұрмасын ...
(кітап)
* * *
Сумкадан іздеп,
Болма сен алаң.
Пеналда орнында
Жатсын ...
(қалам)
* * *
Жаныңнан, бәлкім,
Бәкі табылмас.
Ұштаулы болсын
Әрқашан ...
(қарындаш)
* * *
Сырғанақ тептің,
Айда тарт! – дедің,
Шана боп жүрмесін,
Қолдағы ...
(портфелің)
* * *
Суды құя, құя,
Сұйылып кетпесін ...
(сия)
* * *
Айналдым, қалқам,
Алқам, салқам –
Сынбасың ...
(партаң)
* * *
Балаға көшіргіш
Бермейік ...
(өшіргіш)
* * *
Дәптерді таза ұста,
Бәрінен де сол күшті.
Сондықтан балалар,
Жыртпайық …
(сорғышты)
