Жылқының да жауы бар
Жақан СМАҚОВ
***
Зияны тіпті керемет,
Кішкене ғана көбелек.
Салады ылаң, бүлікті,
Құртады киім, мүлікті.
(қара күйе)
***
Тек қана сиырды қуған,
Соның сорына туған.
(оқыра)
***
Жылқының да жауы бар,
Оны өздерің тауып ал.
(бөгелек)
***
Әрі сусын,
Әрі дәрі,
Кәрі, жас,
Емге ішеді бәрі.
Малдың сүті,
Ауылдың құты.
(қымыз)
