Жақан СМАҚОВ
***
Екі қолында,
Екі қышқашы бар.
Түрі жаман,
Тырбиған нұсқасы бар.
(шаян)
***
Жау көрсе, қатты сасады,
Құйрығын тастай қашады.
(кесіртке)
***
Айыр-айыр тілі бар,
Шұбар ала түрі бар.
Бар жәндіктің ішінде,
Қауіпті сол, біліп ал.
(жылан)
***
Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін,
Өзіміз күтіп алатын,
Күндіз шыға алмас,
Түнде жата алмас,
Қасқыр да оған бата алмас,
Батып, тісін сұға алмас.
(кірпі)
***
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі жанған,
Шамға ұқсайды.
(жолбарыс)
***
Секіртіп төмен тастасаң,
Арқасы жерге тимейді.
Ыза қылып ұстасаң,
Тырнағымен түйрейді.
(мысық)
