Жақан СМАҚОВ
***
Алшаң-алшаң басады,
Бірін-бірі көрсе,
Қаңқылдасады.
(Қаз)
***
Ылпың-жылпың мінезі,
Барып тұрған қу өзі.
Азығы – тышқан,
Көрсе тазыны,
Зытып пысқан.
Қар үстінде қызыл-ақ,
Құйрығы оның ұзын-ақ.
(түлкі)
***
Нелер биік ағаштарға қиын,
Секіріп шығар, ол не?
(тиін)
***
Жарғақ қарын, басы жалпақ,
Бұты талтақ,
Үсті салтақ.
Батпаққа аунайды,
Жаңбыр жауса,
Қуанады,
Уанады.
(бақа)
***
Жейтіні – дән, жапырақ,
Жастанары – топырақ.
Май берсе де, жер ме еді,
«Қандай тәтті» , – дер ме еді?
Бірақ, майды алдық та,
Салып қойдық сандыққа.
(тышқан)
