Жақан СМАҚОВ
Құрғақ жерде сақтайсың,
Менсіз тамақ татпайсың.
(тұз)
***
Бір ағашта бес тармақ,
Бес тармақта бес жаңғақ.
(қол)
***
Бетіме қарасаң, бетіңе қарайсың!
Өкпелер болсаң несіне қарайсың?
(айна)
***
Бір сәтте жүз туады,
Жел оның жүзін жүз жаққа қуады.
(бақбақ)
***
Гүлге қонады,
Гүлдің қонағы.
Үйіне кірсе,
Бөшкелер балға толады.
(ара)
