Жақан СМАҚОВ
***
Мекені қамыста,
Бұл саған таныс па?
(жапалақ)
***
Ағашты жұлып,
Бөрене құлатқан.
Тұмсықты,
Тісті,
Алып күшті.
Адамды ұнатқан.
(піл)
***
Міне ғажап!
Бұл қандай аң?
Алабажақ,
Есек құйрық,
Жылқыдай жалы бар.
(зебра)
***
Айбатты, қайратты,
Қасқырды, өгізді,
Түйені, биені,
Жерге ұрып жайратты.
Ол адам айлалы,
Осындай алыпты
Торға әкеп байлады.
(арыстан)
***
Шыр-шыр етеді,
Шырылдаған дауысы,
Құлағыңнан өтеді,
Қатты састым.
Таңдайын қақты,
Таң қалдым,
Оқудан қалдым.
Алдандым.
(сағат)
***
Ағайынды мыңды
Бір-ақ белбеу буды.
(бауланған бидай)
