Жақан СМАҚОВ
***
Ағашта жабысып тұрады,
Тұмсығын аямай ұрады.
(тоқылдақ)
***
Орман, тоғай мекені,
Көктемде ойнағы бар,
Қыста өзгеріп кетеді.
Бұл қандай құс, балалар?
Ойланып ал?!
(құр)
***
Аяғы жоқ жүреді,
Қанаты бар ұшпайды.
Балалар оны,
Отырып-ақ ұстайды.
(балық)
***
Өзі тісті,
Емес күшті.
Тышқан боп туып,
Құс болып ұшты.
(жарқанат)
***
Тас қуыста жүрегі,
Арқалап үйін жүреді.
Құрғақ та, суда да,
Жатсынбай өмір сүреді.
(ұлу)
