Жақан СМАҚОВ
***
Бауда, бақта,
Саяда өседі.
Қыста жапырақ жамылған,
Сабан төсегі.
Жазда балалар үзеді,
Әжем қыста шырын сүзеді.
(жүзім)
***
Алдымызда ақ тақыр,
Ақ тақырда із жатыр.
Кімнің басқан ізі екен?
Кездескен жан түсінген,
Ол іздерді түсірген,
Мені мен сен екенбіз,
Сіздер менен біз екенбіз.
(қағаздағы жазу)
***
Сен қайда барсаң,
Сонда жүреді.
Үйіңді,
Атыңды,
Жөніңді,
Бәрін де біледі.
(хат)
***
Имек-имек ине бар,
Имек ине үйде бар.
Суға саласың,
Балық аласың.
(қармақ)
***
Аяғы жоқ жүреді,
Қанаты бар ұшпайды.
(балық)
***
Ұя салған тұтқа,
Көбелек пе, құрт па?
Құрт болса да, құртпа,
Керегі бар жұртқа.
(тұт ағашына ұя салатын жібек құрт)
