Мұзафар ӘЛІМБАЕВ
(Логогрифтер)
Құясың оған әрқашан
Қымызды мейір қанатын...
Дауыссыз дыбыс жалғасаң,
Класта оқу сағаты.
(Саба – сабақ)
***
Дүкенге барсаң қолда жүр.
Кереге көзді дорба бір.
«Т» әрпін қоссан соңына,
Тәп-тәтті тағам сонда бұл.
(Тор – т)
***
Біріншісі – пішеннің үйіндісі,
Үйіндінің малға сол тиімдісі,
«К» әрпін соған қоссаң
аралдарда
Жол сілтейді жолаушы адамдарға.
(Мая – к)
***
Буалдыр әрі бұлыңғыр,
Көрсетпес заттың түрін бұл...
Дауысты дыбыс жалғасаң,
Биіктен шолар тұғыр бұл.
(Мұнар – мұнара)
***
Ақылды сөзбін, бұйыммын –
Атадан саған бұйырдым.
Дауыссыз дыбыс жалғасаң,
Алдына қойған мақсатың,
Сонымен шығар жақсы атың.
(Мұра – т)
