Жақан СМАҚОВ
***
Өзі күшті,
Өзі тісті.
Тісімен жерді қопара,
Жасайды жаңа өзендер,
Жасайды жаңа жоталар.
(экскаватор)
***
Қорап түсті,
Алып күшті,
Түсіреді өзі жүкті.
(самосвал)
***
Өзіңмен бірге өседі,
Өзіңмен бірге төсегі,
Көргенде оны жіп дейсің,
Бірақ киім тікпейсің.
(шаш)
***
Бастауда, беткейде,
Қос көл бар.
Көлемі оймақтай.
Төгіліп кетпей ме?
Көл сырын
Ешкімге қойды айтпай.
Түпсіз көл, оймақ көл,
Қайда бар, ойлап көр?
(көз)
***
Пернесіз, тиексіз,
Күйі келсе,
Ағылып кетеді.
Буынсыз, сүйексіз,
Тежеуін білмесе,
Етіңнен өтеді,
Сүйекке жетеді.
(тіл)
