Жақан СМАҚОВ
* * *
Қанатты құстан аумайды,
Бал ара мылтықсыз
Аулайды.
(көбелек)
* * *
Ауырмасын деп ойлап,
Отыз ақ боз атты
Күн сайын әкпен қоямын майлап.
(тісті порошокпен жуу)
* * *
Жүрісі бар, түрі жоқ,
Үні бар да, тілі жоқ.
Ұстатпайтын қашаған,
Жермен бірге жасаған.
(жел)
* * *
Үстінде орманы,
Суы бар.
Сені де, мені де,
Көтерген алыпты тауып ал?!
(жер)
* * *
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын көжек дейді.
(қоян)
