Жақан СМАҚОВ
***
Маң-маң басқан жүрісі,
Барлық құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын, бірақ, ұстайды.
(түйеқұс)
***
Өзі сақ,
Өзі ұзақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Өсекшіге ұқсап,
Құйрығы ұзын, ала,
Бұл қандай құс, бала?
(сауысқан)
***
Аша тұяқты,
Сиыр сияқты.
Мүйізі аршаға ұқсаған,
Адам үйретіп, қолында ұстаған.
(бұғы)
***
Аюдай түсі бар,
Пілдей тісі бар.
Суда жүзеді,
Балық сүзеді.
(морж)
***
Тарғыл-тарғыл тас па,
Тастан, бірақ, басқа.
Ауыл да мекені,
Қала да мекені.
Жолаушы жүрсең,
Шығарып салады.
Алдыңнан шығады,
Жаныңды еркелетеді.
(қарлығаш)
