Жақан СМАҚОВ
***
Алты, жеті жастан,
Қорған салдың тастан,
Отыз екі маржан тас
Ол қорғанды жасаған,
Соны күткен әрбір жас
Ұзақ өмір жасаған.
(тіс)
***
Қара үңгірде қара тас,
Жанғанда, бетті қаратпас.
(көмір)
***
Құлақтан тартсаң, ашылады,
Құлақтан тартсаң, жабылады,
Күнде тынымсыз сабылады,
Түнде ғана дамыл алады.
Білмесең іздеп көр —
Өз үйіңнен табылады.
(есік)
***
Қожасы үйдің бір өзі,
Қызық-ау бірақ мінезі.
Төрге барып жатпайды,
Тазалықты сақтайды.
Буған белін шешпейді,
Кір-қоқыспен өш дейді.
(сыпырғыш)
***
Көмейден шығып тозаңы,
Көкке мойнын созады.
(түтін)
