Мұзафар ӘЛІМБАЕВ
(Логогрифтер)
***
Бойыңдамын әрқашан –
Біл күшімнің мығымын.
Дауысты әріп жалғасаң,
Қорытпаның бірімін.
(Қол – а)
***
Спортшы болсаң білесің,
Озғанның алар үлесін.
«Д» орнына «Г» қойсан,
Қайықпен суда жүзесің,
Балық та, бәлкім, сүзесің.
(Жүлде – жүлге)
***
Өнеге жайын толғасаң,
Сол сөзді еске аласын,
Бір әріп қосып,
ойласаң,
Сүртінер затты табасың.
(Үлгі – сүлгі)
***
Қалың ағаш – бір алап, –
Жап-жасыл боп жайнайды.
«Р»-ды қоссаң сыналап,
Құс болып та сайрайды.
(Тоғай – торғай)
***
Құрылық айналасын су қоршаған,
Қызық көп кезігетін содан саған.
Алдына «М»-ны қоссаң,
табылады
Тайганың бұғы тектес жануары.
(Арал – Марал)
