Жақан СМАҚОВ
***
Ай құшады, көк құшады,
Айдында аққу ұшады.
(көл)
***
Аузында ауы бар,
Суда жүзеді.
Балық сүзеді,
Бұл қандай құс?
Тауып ал!
(бірқазан)
***
Қонады суды сағалап,
Қамысты көлді жағалап.
Түбіртек шөпті паналап,
Ұшады жерді сабалап.
(қырғауыл)
***
Сап құрып көкте самғайды,
Айлар ұшса талмайды.
Жылытса жерді көктен күн,
Жаршысы осы көктемнің.
(тырна)
***
Құлағы бар құс болса да,
Тұрағы бар қыс болса да.
Қараңғы түнде жанғанда,
Көзі жарық шамнан да.
(үкі)
