Жақан СМАҚОВ
***
Аташым-ау, аташым,
Сазды жерге жатасың.
Суық тиіп қалды-ау деп,
Үйге келіп шешіндірсем,
Ұрпай-соқпай жылатасың.
(пияз)
***
Қызыл-қызыл, қызыл қыз!
Бұрымы неткен ұзын қыз.
Үйде ұйқыға батады,
Бұрымы сыртта жатады.
(сәбіз)
***
Доп сияқты өзі ғажап,
Үй көрдім бітеу алабажақ.
(қарбыз)
***
Жазда жатсаң,
Көлеңкесіне алады.
Қыста жатсаң,
Жаның рақат табады.
(ағаш)
***
Кішкене ғана сар балам,
Жазда ғана көсе еді.
Мұртына күзде таң қалам,
Лезде қалай өседі?
(бидай масағы)
***
Сүйемдей ғана бойы бар,
Тоғайдың қоңыр қойы бар,
Ағаштың түбі – тұрағы,
Көгендеулі тұрады.
Тауып ал да, сойып ал.
(қозықұйрық)
