Жақан СМАҚОВ
***
Темір жолы — тірегі,
Дүрсілдеп жүрегі,
Аспанға керілген,
Сымды ұстап жүреді.
(электровоз)
***
Үстінде сатысы, арқаны,
Су толған бөшкені артады.
Үстінде сауыты, қалқаны,
Адамдар осыған отырып,
Өрт шыққан жерге тез тартады.
Бұл қандай машина,
Кәне, кім айтады?
(өрт сөндіргіш машина)
***
Қос сымның бойымен көрінбей ағады,
Бар үйдің шамын ол бір сәтте жағады.
Жұмбағым жеңіл ме, оңай ма?
Кәне, кім табады?
(ток)
***
Ұртын толтырып,
Су бүркіп шашады.
Көшенің, жолдың
Шаңын басады.
Жүкті, адамды
Таси ма?
Жоқ…
Ендеше бұл қандай машина?
(су бүріккіш)
***
Түйе мойынды,
Айтқанды ұғады.
Біледі ойыңды
Тізгінін тартсаң,
Көтеріп тұрады,
Қанша жүк артсаң.
(жүк көтергіш кран)
