Жақан СМАҚОВ
* * *
Арадай тіс-тіс еді,
Шалғыдай шөпке түсті.
Бірақ шөпті шаппайды,
Ойламаған таппайды.
(тарақ)
* * *
Ағайынды бес бала,
Бір үйге кіреді,
Бес бөлек жүреді.
(саусақ пен қолғап)
* * *
Ақ тақырды тұмсығымен сүзеді.
Ою – өрнек түзеді.
Сенің оқып-білгенің,
Соның жүрген ізі еді.
(қалам)
* * *
Екі бірдей қайқы атым,
Қарда ғана қарғиды.
(шаңғы)
* * *
Таудан түссем – тоқтауды білмейді,
Тауға қарап тартсам да, жүрмейді.
(қол шана)
* * *
Бала мысық киіміңді тырнайды,
Бірақ ешкім ұрмайды.
Таза баламен достасады,
Қожалақпен қастасады.
(киім шөткесі)
