Жақан СМАҚОВ
***
Бақа тұмсық, балта бас,
Қанша жүрсе, шаршамас.
Бір-бірінен озбайды,
Күтіп кисең, тозбайды.
(бәтеңке)
***
Қараймын да, қараймын,
Қара шашым тараймын.
Оның да беті әппақ,
Менің де бетім әппақ.
(айна)
***
Теңізге салдым балықты,
Теңізге салған балықтың,
Құйрығы сыртта қалыпты.
(ожау)
***
Төрт құлағы бар.
Екеу емес, не біреу,
Сонда да ол,
Естімейтін меңіреу.
(қазан)
***
Асан, Үсен
Қой қоздатты.
Сол күні апам
Бауырдай қатты,
Қаймақтай тәтті,
Тамақ ойлап тапты.
(уыз)
