Жақан СМАҚОВ
ҰЙҚАСЫН ТАП!
Таңдайыңнан дәмі оның,
Жыл бойына қалмаған.
Білсең, кәне, айта ғой,
Не жасайды...?
Бір жұмбағым тағы бар,
Осал болсаң, ал, мықтан.
Білсең, кәне айта ғой,
Не жасайды ...?
Қара өрік пен сары өрік
Ақ өрікті көріп пе ең?
Білсең, кәне, айта ғой
Не жасайды ...?
Кіп-кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.
Жемістерден айырып,
Танисың ба ...?
Қантпен жесең, тым тәтті,
Шайға салсаң, мүлде оңды.
Білсең, кәне айта ғой,
Танисың ба ...?
Бір бұтаққа байланған
Бір емес жүз жүзімен.
Табады лезде ойлаған,
Не жасайды ...?
ШЕШУІ:
Алмадан.
Алмұрттан.
Өріктен.
Шиені.
Лимонды.
Жүзімнен.
