Мұзафар ӘЛІМБАЕВ
(Логогрифтер)
Мені жұтсаң,
қуанып,
Тыныс алып тұрасың.
Қоссаң алдан бір әріп,
Маған суды құясың,
Малдарыңды суарып.
(Ауа – Науа)
***
Қуанғанда қиқулайсың мені айтып,
Қуанышты қостаушыны молайтып.
«Б» әрпін қос әлгі сөздің басына,
Балдырған боп жетіп келем қасыңа.
(Алақай – Балақай)
***
Жарататын қалың ел
Жанға жайлы қоңыр жел...
Дауысты әріп жалғасаң,
Нұр-сәуленің молын көр.
(Самал - самала)
***
Ұлпадай жұмсақ құс жүні,
Тоңдырмас сені қыс күні.
«Қ» орнына «Р» қойсаң:
Азырак қана ойлансаң,
Көктемгі аймын шуақты
Елжірер анаң сияқты.
(Мамык – мамыр)
***
Үлкен астау, төрт әріптен тұрады.
Судың мынау жасанды бір бұлағы....
Енді соған «Т» дыбысын қосқанда
Қантқа ұқсас тәтті болып шығады.
(Науа-т)
