Жақан СМАҚОВ
***
Дені сау күшті де,
Мықты да , – дейді.
Кімде-кім етті,
Қолымен емес, сонымен жейді.
(шанышқы)
***
Ерінбей еңбек істеген,
Онсыз тамақ ішпеген.
(қасық)
***
Ол сенің тісің де,
Күшің де.
Онсыз өнбейді ісің де.
Нан кесілмейді онысыз,
Қарындаш ұшы шықпайды
онысыз.
Бірақ мықтайды, жұмсасаң
орынсыз!
(пышақ)
***
Сызылған жолға түседі,
Саған киім пішеді.
(қайшы)
***
Тісімен қант тістейді,
Онымен бірақ шәй ішпейді.
(қант қайшы)
***
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтпейді,
Қабат-қабат тоны бар,
Түймелеуге жетпейді.
(капуста)
