Жақан СМАҚОВ
* * *
Шыны да кеседі,
Жерді де теседі,
Ал жұрт осыны
Темірден,
Болаттан
Қатты деседі.
(алмас)
* * *
Күнді үйге кіргізіп,
Айды үйге қондырған.
Жапқанда – жылылық,
Ашқанда тоңдырған.
Әлемнің көзі ол
Үйіңнен қарайтын.
Бұл жұмбақ оп-оңай,
Жұмбақшы болса егер жарайтын.
(терезе)
* * *
Сұлудың сұлуы,
Бойында жоқ жылуы.
(ай)
* * *
Әлемдегі тіршіліктің иесі,
Адам, ауа, тау, тас, су – оның тиесі.
Адамдардың ата мекен тұрағы.
Тәулігіне кіндігінен
Бір айналып тұрады.
Бұлттар толы құшағы,
Күнді айналып ұшады.
(жер)
* * *
Жөңкиді бұлттар дүркіреп,
Жауады жауын күркіреп.
Аспанның жүзі жарқ етті,
Ақ найза жерге сарт етті.
(найзағай)
* * *
Үйге кірген ақ бала,
Шыға келді қап-қара.
(көсеу)
