Алдар көсе
Алдар көсе - қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Аңыз әңгімелерде Алдар көсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты - сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды т.б. әжуа ету. Мысалы, ол сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметгеп отырады. Өйткені Алдар көсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халыктың өкілі.
Алдар көсе - түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетіне ортақ тұлға. Бұл Алдар көсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеум. мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Алдар көсе бейнесі қазақ театр және кино өнері туындыларында да көрініс тапқан. Ш.Хұсайынов "Алдаркөсе" пьесасын (1942) және "Алдаркөсе" фильмінің сценарийін (1964, реж. Ш.Айманов) жазды.
Көп оқылғандар
04.11.2026
2897
03.11.2026
2286
01.11.2026
1740
03.11.2026
1174
02.11.2026
1102
03.11.2026
947
31.10.2026
941
03.11.2026
926
30.10.2026
907
31.10.2026
793
03.11.2026
790
30.10.2026
768
03.11.2026
766
02.11.2026
611
21.10.2026
4523
22.10.2026
4352
28.10.2026
4267
07.10.2026
3676
20.10.2026
3472
15.10.2026
3271
09.10.2026
3184
28.10.2026
3112
20.10.2026
3034
04.11.2026
2897
16.10.2026
2642
09.10.2026
2424
03.11.2026
2286
08.10.2026
2206
