Балуан Шолақ
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет) Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1868 ж. Ақмола обл. Еңбекшілдер ауд. – 1919 ж. Ақмола облысы, Тасты өзені бойы) - палуан, композитор, ақын. Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болып өседі. Жас кезінде оң қолының саусақтары үсіген. Кейін күш-қажыры толысып, палуандығы танылған кезде Балуан Шолақ атанады. Ол өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерініңтамаша орындаушысы әрі насихатшысы болды, өзі де өлең шығарды. Арқаның әндерін Жетісуға жеткізді. Балуан Шолақтың "Ащылы-айрық", "Балуан Шолақ", "Желдірме", "Дікілдек", "Көкшетау", "Қосалқа", "Қос барабан", "Қос перне", "Құлан кісінес", "Кенже қоңыр" сияқты әндері бар. Белгілі музыка зерттеушісі, фольклоршы А.В. Затаевич ел арасындағы әншілерден Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оларды "Казақ халқының 1000 әні" мен "Қазақтың 500 ән-күйі" жинақтарына енгізді. Алматыдағы Спорт сарайы Балуан Шолақ есімімен аталады.
Көп оқылғандар
04.11.2026
2897
03.11.2026
2286
01.11.2026
1740
03.11.2026
1174
02.11.2026
1102
03.11.2026
947
31.10.2026
941
03.11.2026
926
30.10.2026
907
31.10.2026
793
03.11.2026
790
30.10.2026
768
03.11.2026
766
02.11.2026
611
21.10.2026
4523
22.10.2026
4352
28.10.2026
4267
07.10.2026
3676
20.10.2026
3472
15.10.2026
3271
09.10.2026
3184
28.10.2026
3112
20.10.2026
3034
04.11.2026
2897
16.10.2026
2642
09.10.2026
2424
03.11.2026
2286
08.10.2026
2206
