Ер Тоқымбет
Ер Тоқымбет - жыр. Жыр оқиғасы Тоқымбет деген жігіттің махаббат жолындағы ерлік күресін баяндауға қүрылған. Дастанның кі-сі аттарындағы өзгешеліктері болмаса, мазмұндары бірдей, бес нұсқасы бар. Торғайлық халық ақыны Файзолла Сатыбалдыұлы ел аузынан естіп жазған Тоқымбет атты поэмада Тоқымбеттің Гүләйім деген бай қызына ғашық болып, өмірде болған адам, аға сұлтан Ерден батырдың олардың отау тігуіне қол ұшын беруі көркем суреттеледі. Файзолла ақынның осы поэмасының Ж.Ыбыраев ел аузынан жинаған нұсқасы толық та, Р.Шәріпұлы жинаған нұсқасы толық емес. Екеуі де он бір буынды қара өлеңмен жазылған. Осы жырдың қарағандылық А.Ахметов қара сөзбен баяндаған нұсқасы екі бөлімнен тұрады: 1-бөлімде Тоқымбеттің нағашысы Сүлеймен оқиғасы баяндалса, 2-бөлім бас кейіпкердің әңгімесі арқылы өрбиді. Халық ақыны Б.Қожабаев жырлаған осы дастанның бесінші нұсқасы да толық, өлең құрылысы жыр үлгісіне құрылған. Дастанның барлық нұсқасы Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институты Қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
Көп оқылғандар
04.11.2026
2897
03.11.2026
2286
01.11.2026
1740
03.11.2026
1174
02.11.2026
1102
03.11.2026
947
31.10.2026
941
03.11.2026
926
30.10.2026
907
31.10.2026
793
03.11.2026
790
30.10.2026
768
03.11.2026
766
02.11.2026
611
21.10.2026
4523
22.10.2026
4352
28.10.2026
4267
07.10.2026
3676
20.10.2026
3472
15.10.2026
3271
09.10.2026
3184
28.10.2026
3112
20.10.2026
3034
04.11.2026
2897
16.10.2026
2642
09.10.2026
2424
03.11.2026
2286
08.10.2026
2206
