Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СӨЗ ДАУЫСЫ
Дархан Қыдырәлі. Тоныкөктей терең тұлға...

26.05.2017 6446

Дархан Қыдырәлі. Тоныкөктей терең тұлға

Дархан Қыдырәлі. Тоныкөктей терең тұлға - adebiportal.kz

Дәуірлер мен замандар ауысса да, сан қилы қоғамдық жүйелер алмасса да, қара тастың өзін кеміріп жоқ ететін уа­қыт пен кеңістік сапырылысса да, өлшемі кеміп өз­гер­мейтін, мыңқ етіп мызғымайтын, бояуы оңғанымен ішкі нәрі құлпырып қайта түлей беретін, халыққа сарқылмас өзен-өмірдің мәңгі сарынын жалғайтын рухани жауһар құн­дылықтар, мәйекті мәдени игіліктер болады. Мұндай ба­ға жетпес ақыл-ой қазыналары жекелеген халықтарды ға­на емес, тұтас адамзатты, бір өңір ғана емес, орасан ке­ңіс­тікті өркениет бесігінде тербетіп, ұшы-қиыры жоқ сал­қар уақыттың қоңыраулы рәмізіндей алыс ғасырлардан күм­­бірлеп үн қатып тұрады. Адам-қоғам-табиғаттың іл­гері жыл­жыған осынау ішкі үнінің дабысын естіп, нәзік ыр­ға­ғы­на зер салып, тамыр бүлкілін жүрек лүпіліне үйлестіріп, ай­наласын таңғажайып әсерге бөлей алатын қайталанбас тұл­ға­лар болады. Мұндай дарабоз жандар ұлттық ой-сананы жа­ңа белеске көтеріп, тұтас бір халықтың интеллектуалдық өре­сін өрісті көкжиекке жетелей береді.

Түрк халықтары мұн­дай сы­паттағы рухани же­тек­ші­л­е­рін абыз деп айшық­тап атаған. Алаш жұртын тари­х­тың талай бұралаң, тұманды жол­­дарында, небір шаңды жо­­рықтарда адастырмай алға сүй­­ре­ген тегеурінді тұлғалар қо­­быз ұстап, толғауларын тү­мен сарбаздың алдында толғап, то­­лағай ерлерді қаһар­ман­дық­қа, білікті билеушілерді дана­лық­­қа үндеген, болашақты бол­­­жап, хандарға кеңес айтып, елдің жарғы-жасасын жа­сақ­таған, хан мен халықтың ара­сы­на алтын көпір болған. Есте жоқ ықылым замандардан бас­тау алып, елмен бірге есейген абыз­дар легінің бізге мәлім көш­басшысы Тоныкөк екені белг­ілі.

Күңіреніп күн түбіне жор­та­тын батырларға жол сілтеген дана Тоныкөк Ұлы даланың ұр­пағына айдан анық, күннен нұр­лы, әманда жігер беретін тал­мас қанат секілді. Мәңгілік ел мұратын жанына жалау еткен бүгінгі жас буын «Күндіз отыр­мадым, түн ұйықтамадым, қара терімді төктім, қызыл қа­ны­мды ағыздым, Түрк ұрпағы үшін» деген ұранды жатқа ай­тады, жарау атқа мініп, мұз­дай сауыт киіп, жалаулы найза көтерген бабалар ру­хы­нан мәңгілік қуат алады. Бұл – тәуелсіздік жемісі, тәуел­сіз­­дікке жету жолында күні бұ­­рын тәуелсіз сананы, рух бо­с­­тан­дығын халқына сыйлап үл­­герген қазақ мәдениетінің мар­­­қасқалары, алдыңғы буын ал­­тын дәуіріміздің алқалы зия­­лыларының төккен тері, ек­кен дәнінің мәуесі екені айдан анық.

Тоқтаусыз айналған дәуір доң­ғалағымен бірге дәстүр де жалғаса береді. Бүгінде сек­­сеннің сеңгіріне келген, Ор­­хон мұраларын зерттеуде ол­жа салып, қазақ әдебиетінің та­ри­хын он ғасырға ілгері жыл­жытқан, Тоныкөк сынды біл­генін біліктілікпен зерделеп, қа­ра тасқа қайта тіл бітірген ғұлама, Жамбыл жыраудың рухымен сырласып, кемел Кененнің батасымен көгерген, тәу­­елсіз мемлекетіміздің кере­ге­сін керісіп, шаңырағын кө­те­­ріскен ұлт қайраткері, азат­тық­тың елең-алаңында Ел­б­а­­сының жанынан табылған қа­зақ мәдениетінің қаранары, ғұ­лама ғалым Мырзатай аға Жолдасбековті сол кешегі абыз­дардан қалған сарқыт, мың жылдық керуенге куәгер жо­лаушы деп айта аламыз.

Кеңестік кезеңде еліміздің та­рихын архивтің шаң басқан түк­піріне қамап, тілге тұсау, рухқа кісен салған зілмауыр кез­де халықты марксизм-лени­низ­­мнің қызылкөмеш даңғаза ұра­нынан емеурінмен арашалап, тегеурінді мінез көрсеткен, ру­хы құлдыраған алашқа қар­лығаштай қанатымен су сепкен қам­қоршы ел ағасы, қарағайдай қасқайған абыздар болды. Бұл – елін «Абай жолына» шақырған ұлы Мұхтар Әуезов, кезбе көш­пелілерде қазыналы қала, өз­геше өркениет болғанын ай­­ғақтаған академик Әлкей Мар­­ғұлан, хан Кененің рухын ті­­ріл­ткен тарихшы Ермұхан Бек­маханов, ежелгі әдеби жау­һары бар тамырлы ел екен­і­мізді дәлелдеген профессор Бей­сенбай Кенжебайұлы бас­та­­ған ұлтымыздың ар-намысы іс­петті кемел кемеңгерлер к­ер­у­е­ні еді.

Солақай саясат үстемдік құр­ған сол тұста Орхон-Ене­сей мұ­раларын, Алтын орда дәу­ірінде хатталған ежелгі әдебиет үл­гілерін кейбір ға­лым­­дардың өзі жатырқаған, тосырқап, үрке қараған кездер болған. Осын­дай тарихқа деген қасаң қа­ғида, мәдени мұраға деген ыз­ғарлы көзқарас, сірескен мұз­ға айналған қате ұғым-түсі­нігімізді түзету ал­дың­ғы буын зия­лыларымыз үшін оңайға соқпаған. Ұлттық төл мәдениет әбден жұтаң тартып, ата діліне, ана тіліне ала­пат апат төнген тұста алыс ғасырдағы түрк рухын шы­рақ етіп, алаштың намысын ояту үлкен ерлікке пара-пар еді. Елді елең еткізіп, 1967 жы­лы «Мектеп» баспасынан «Ежелгі әдебиет нұсқалары» хрес­томатия-оқулық жарияла­нып, мәдени өмірімізге ерте кел­ген көктемнің шуағындай елеулі жаңалық әкеледі. Қазақ әдебиеттану ғылымын жаңа белеске көтерген еселі еңбектің авторларының бірі Мырзатай Жолдасбеков болатын. Осы­лай­ша ғылымға тұлпар тұя­ғы­мен дүбірлеп келген жас тала­нт 1969 жылы «Көне түркі әде­биет нұсқалары және оның қа­зақ әдебиетіне қатысы» деген соны тақырыпта академик Ә.Марғұлан жетекшілік ететін диссертациялық кеңес­те ғылыми еңбегін табыс­ты қорғайды. Әйгілі Әлкей Хақан­ұлы сол мәжілісте: «Мырзатай Жол­дасбековтің диссертациясы қазақ әдебиетінің байырғы бастауларын ашқандықтан, бұл жұмысқа докторлық атақ беру керек» - деп, зерттеуге аса жоғары баға береді. Бұл оқиға – байырғы бабалар мұрасының тарих қойнауынан отанымызға қайта оралған жұлдызды сәт еді.

Тұғырлы еңбегіне тарихи-салыстырмалы әдісті тірек еткен жас зерттеуші «Түрк ха­­лық­­тары өз әдебиетінің та­ри­хын бертіндегі ұлт болып қа­лыптасқан шақтан емес, бір­ге жүріп тіршілік ет­кен бә­рі­мізге ортақ дәуір­ден бас­тай­ды. Бұл әбден заң­ды. ХV ға­сырға дейінгі жа­сал­ған әдеби шы­ғармалар мен ақын-жа­зушылар түрк ха­лық­та­ры­ның бәріне де ортақ болып ке­леді. Ен­деше, қазақ халқы ХV ға­сыр­д­а құралды, одан әргі та­рих­тың, мұраның бәрі де бізге бөгде екен деп түңіліп қарауға болмайды. Өйткені, халық тарихы, тілі, әдебиеті қысқа мез­гілдің аясына сыймайтын, басынан сан мың жылдарды өткізіп келе жатқан тым ұзақ жол» деп жазып, алаш рухын аспандата түседі.

Ғалымның түрк халық­та­ры­ның бірлігі мен ынтымағын ту етіп, елдік пен ерлікті ұран ет­кен қисынды ой-жо­сы­ғы кей­інгі еңбектерінде де жал­ға­­сын тауып,нығая түсті, бү­кіл ғы­лыми-шығар­ма­шы­лық, қа­рым­ды қай­­раткерлік қыз­ме­ті­нің алтын арқауына, шал­қар өрісіне ай­­налды.

1986 жылы жарық көрген «Асыл арналар» моногра­фия­сында ғалым Орхон мұрал­арының жанрлық табиғаты, поэтикасы, тілдік өрнектері, VІІ-VІІІ ғасырдағы түрк ха­лық­­тарының өмір-тұрмысы, хан­­дық жүйесі, олардың қазақ хал­қымен байланысын байсалды зерделейді. Бұл монография түркология ғылымына түрен салған салмақты да салиқалы терең зерттеу еңбек болды. Ол кезде әлемдік түрко­ло­гия ғы­лымда бұл келелі мәсе­ле­лер­дің кейбір саласы әлі ше­ші­мін түбегейлі таппаған, пі­кір­сайыс күйінде даулы тұрған бо­­латын. Мәселен, түрколог А.Щербак Орхон жазбаларын қара сөзбен жазылған түр­к қағандығының жылнама, деректері, өлеңге қатысы жоқ десе, зерделі зерттеуші И.В.Стеблева осы үлгілерді тұ­тас­­тай поэзияға жатқызған еді. Жетекші ғалымдардың ы­­ғына жығылмай дара соқ­пақ таңдаған жас ғалым М.Жолдасбеков өзіндік көз­қ­а­р­а­сын сенімді дәлелдеп, атал­мыш еңбегінде бұл мұраға поэ­зия мен қара сөз аралас жа­зыл­ған батырлық эпос деген анық­тама беріп, ескерткіштің жанрлық ерекшелігін дөп басып айқындайды. Ол Күл­тегін, Тоныкөк жазбаларын «Алпамыс» сынды қазақ эпос­тарымен салыстырып, поэ­тикалық-стильдік ұқсас­тық­тар­ын салыстыра зерделеп, сал­мақты тұжырымдар жасай­ды. Өзіне дәріс берген ұстазы М.Әуезовтің «Орхон жазулары деген не? Бұл күнге дейін олар­ды тіл тарихының ескер­т­кі­­ші ретінде зерттеп жүр. С­о­ған қоса ол фольклордың мей­­л­інше көне үлгілерінің де ес­кер­ткіштері емес пе? Сол жазу­ларда эпостық аңыздардың ша­ғын да ықшам фабулалық желілері бар ғой» деген ой ұшқынын өбектеп, сөнбес алауға айналдырып, табанды да батыл ғылыми түйіндер жа­сайды. Зерттеуші Орхон мұ­ра­лары туралы сәулелі ой-пік­ір білдірген қазақ авторларын ерекше ықыласпен атап өтіп, кішіпейілдіктен айнымай, ғы­лымның күмбезді сарайында әдеп­тілік пен кісілік парасатын таныта түседі. Даңғайыр тіл­ші Қ.Жұбанов Орхон жазу­ларын алғаш рет жоғары оқу орнында оқытуға талап қыл­ғ­анын ілтипатпен атап, бұл салаға қатысты Ә.Марғұлан, А.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаровтардың тарихи-тіл­та­н­ымдық зерттеулеріне те­рең на­зар аударады. Ірге­лі зерт­теуі арқылы соны та­қы­рып­қа қалам ізін салған ал­ғыр ғалым М.Жолдасбеков «Шынында ол ескерткіштерді жасаған не­гізінен қазақ халқының құ­ра­мына енген ру-тайпалар еді... Бұл ескерткіштердің қай тіл­де жазылғанын анық­тай­тын уақыттың жеткендігін В.Бар­то­льд, В.Радлов, П.Мели­о­ра­н­­ский, С.Малов сын­ды ғұ­ла­м­алар талай жаз­ған және соңғы екеуі ол жаз­ба­лар­дың тілі қазіргі қазақ тілі­не кө­бі­рек келетінін баса айт­қан. Сөй­тсе де, өкінішке орай, бір ғасырдан астам уақыт бо­­йы зерттеліп келе жатқан осы бір ғажап шығармаларды хал­қы­мыздың мұрасы ретінде соң­ғы жылдарға дейін қазақ ға­лы­мдарының батылы жетіп, еш­кім қолға ала қоймаған», деп ға­­сырлар керуенінен қалған то­лағай жүкті тәуекелдік етіп иы­ғына алғанын оқырманға хабардар етеді.

«Асыл арналардың» жарық көруі шын мәнісінде қазақ руханияты үшін көзқуаныш, көне мұрамыздың ортамызға қайта оралуына жасалған жар­қын қадам еді. Күлтегін жы­рының күмбірі, Тоныкөк да­налығының алтын зерлі ұш­қыны халқымызға осылайша тәбәрік-тарту болды. Тас бетіндегі эпостарды қа­ғаздан оқу арқылы қазақ жұр­т­ы өзі­нің арғы тамырын тап­ты, мұ­қа­ла бастаған ар-на­мысын қай­рады, түпкі бос­тан болмы­сын таныды. «Елді ха­лық едім, елім қайда, кімге ел-жұрт іздермін, қағанды ха­­­лық едім, қағаным қайда, қай қағанға күш-қуатымды бе­­рермін?» деген ұранды жол­дар бұғаудағы алаш­ты бос­тандыққа талпындыр­ды, мүл­гі­ген тас бетінен қайтадан нұр­лы өмірге жолдама алған жау­ын­гер­лік жырдың айбынды үні тәу­елсіздіктің бозала таңында Ұлы даланы тербетіп тұрды.

Дарынды түрколог, жы­рау­лық дәстүрлі мектептің зер­делі зерттеушісі һәм шырақшысы Мыр­затай аға аударған «Күл­тегін», «Тоныкөк» жырлары қо­быздың қоңыр әуезіндей ха­лық­ты бірден баурап алды, на­қысты тілімен, өрнекті кес­тесімен өзіне еліктіріп, көне поэ­зиямызды байыта түсті. Бұл туралы классик жазушы С.Мұратбеков, «Міне, «Асыл ар­налар» да қанатын қағып ұшып шықты. Ғұмырлы кітап! Кі­тап қана шығарып отырған жоқсың, тарихымыздың өшуге айналған беймәлім беттерін жасап отырсың. Әлі талай ұрпақ өзіңе бас иіп, алғыс айтатын болады. 26.ІХ.1986», - деп қол­таңбасын қалдырып, ақ тү­йе­­нің қарыны жарылған сәтте ақ­жарма лебізін білдіріпті.

Күлтегін, Тоныкөк мұрасы қалың оқырман қауымның сүйіп оқитын жырына айналып, қадым дәуірден келген қастерлі қазына елге төл мұрасындай лезде етене болып жерсіне қалуы Мырзатай ағаның өзі жазғанындай қазақ халқы көне түркілердің нағыз жұрнағы екендігінде, сонымен бірге ғалымның қалам қуаты, ғылыми шығармашылық әдіснамасы, стильдік өрнегі ерекше тартымды да нәрлі болғандығының айғағы.

Ол Орхон-Енесей мұрасын бәдіздеген ру-тайпалар жер бетінен өшіп кетпей, қазақ арасында бүгін де жасап жатқанын, жұртымыз көне түрктің заңды жалғасы, мұрагері екенін бай деректермен дәлелдей түседі, Ұлы дала мұрасының иесі де, киесі де қазіргі алаш екенін тұжырымдайды. Сонымен бірге жауынгер жыраулар инс­титуты қазақ ауыз әдебиетінде Алтын орда дәуірінен желі тартып, Сыпырадан бастау алып, Қазтуған, Шалкиіз, Асан қайғылармен жалғастық тауып,­ бертінгі Бұқар, Сүйін­бай, Жамбылға дейін үзілмей жеткенін, осы жырау типінің бастау сағасында Тоныкөк тұлғасы тұрғанын дәстүр са­бақ­тастығы мен поэтикалық-с­тильдік байланыстар арқы­лы нақ­тылы дәлелдейді. Ғалым бұл арқылы жазба әдеби­е­ті­міздің арналы бастауы сонау VІІІ ғасырда әлдеқашан қа­лып­тасқанын дәйектеп көр­сетеді, тасқа өрнектелген ежел­гі үлгілер әдепкі ерлік эпос екенін жүйелі анықтайды.

Халық шығарма­шы­лы­ғының бірден-бір са­ли­қа­лы зерттеушісі ретінде ғ­а­лым көне түрктен керуен тартқан зерлі де мөрлі ой-тұжырымдарын кейінгі зерт­теулерінде жалғастыра түс­­ті. Жамбыл бастаған Же­ті­су жырауларының дә­с­түрлі мектебін зерделеген жұмысы – өз алдына бір төбе. Жамбыл мен Кененді халқына қай­та танытып, таныстырды. «Жүз жыл жырлаған жү­рек», «Асыл сөздің атасы», «Ха­лық поэзиясының алыбы», «Тоқсан толғау», «Орхон ес­кер­ткіштерінің толық атласы», «Күлтегін», «Ел тағдыры – ер тағдыры», «Шың мен шыңырау», «Күндерімнің куәсі», «Сөзді ұғатын кез келді» секілді іргелі еңбектері ғылым кеңістігінде самаладай жарқырап тұр.

Мырзатай аға Тоныкөктей та­ғылымы терең, танымы тұң­ғиық, тегеуріні бе­рік тұл­ға, ойшылдық пен мем­­­ле­кет­ші­лдікті, отан үшін жа­сам­паз қызметті өзара қау­ыш­ты­ра білген өре­лі қай­рат­кер. Ол тәуелсіз мем­ле­ке­ті­міздің қалыптасуына тия­нақ­ты үлес қосып, Елбасы сая­са­тының жү­зеге асуына «Түн ұй­ық­та­май, күндіз отырмай, қа­ра те­рін төгіп» қажырлы қыз­­мет етіп келе жатқан бір­ту­ар тұл­ға. Ел тарихының ең бір күр­меуі қиын күрделі ке­зе­­ңі­н­де Қазақстанның Оқу аға­р­ту ми­нистрі, Қазақстан Ком­­пар­тия­сының Орталық Ко­ми­те­тінің идеология бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік кеңесшісі, Премьер-ми­ни­стр­дің орынбасары, Пре­зи­дент­тің кеңесшісі сияқты лауа­зымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қазақ халқының тағдыры таразыға түскен аумалы-төкпелі заманда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жанынан табылды. Халықтың ардақты ұлдарының бірі Өзбекәлі Жәнібековпен үзеңгілесе жү­ріп, ұлт мүддесі жолында қа­ламы мен қайратын қару етіп, қыруар істер атқарды. Мә­селен, қазақ тілі туралы Кол­бинге жазған хатын кейін академик Әбдуәли Қайдар «тарихи хат» деп бағалаған еді. Сол тұста сең қозғалып, Алаш арыстары ақталды, «Қазақ тілі» қоғамы құрылып, Тіл туралы заң қабылданды. Ұлттық санада серпіліс болып, халықтың рухы көтерілді, Наурыз мейрамы ресми түрде мемлекеттік деңгейде тойлана бастады. «Ел­дестірмек – елшіден» деп, Қазақстанның Ирандағы Тө­тен­ше және өкілетті елшісі қыз­метін абыроймен атқарды, Дип­ломатиялық Академияның рек­торы, Сыртқы істер минис­трі­нің орынбасары болып, сырт­қы саясат саласында тер төк­ті. Л.Н.Гумилев атын­да­ғы Еуразия Ұлттық уни­вер­си­тетінің ректоры болған жыл­дары айтысты жандан­дырып, оркестр құрды. Күл­тег­ін ес­кер­ткіші елге келіп, «Күл­те­гін күндері» дәстүрге айналды. Мырзатай аға Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенттік мә­де­ниет орталығын басқарған тұс­та оны ұлт руханияты мен мәдениетінің ордалы ор­та­лы­ғына айналдырды. Ел­ба­сы­ның ұсы­нысымен Түркі дү­ниесі ақ­са­қалдар кеңес­інің алғашқы мү­шесі болды, тамырлас елдер арасында байланыстарды нығайту, ын­тымақтастықты дамыту жо­лында көптеген ке­ле­лі ұсы­ныстар жасады.

Түркі өркениетінің теңдес­сіз құндылықтарын тек қана қа­ғаз бетінде зерттеп қана қой­май, оның бүгінгі тәуелсіз ел­­деріміздің мәдени-рухани өмі­­ріне дендеп еніп, ізгілікті кә­деге жарап, жас ұрпаққа нәр беруіне ұдайы ықпал жа­­сап, қаламгерлігі мен қай­рат­­­­керлігі үндестік тапқан Мыр­­­затай аға Жолдасбеков тұң­­ғи­ық, дана Тоныкөк сияқ­ты түр­кі дүниесінің те­геу­рін­ді тұл­ғасына, ардақты ақ­са­қа­- лы­на, батагөй абызына ай­налды.

egemen.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар