Көл бетінде Ай сәулесі қалқыған,
Кең далада тек тыныштық шалқыған.
Күн батқада орнына Ай ауысып.
Жұлдыз самсап шығып жатты артынан.
Тау арасы – тынған мылқау тыныштық,
Бірде салқын, бірде дала тым ыстық,
Тап осындай үнсіз, меңіреу даланың
Тыныштығын сипаттауға тырыстық.
Жол жүрді екен қажып қанша шақырым.
Күбірлейді жалып тарап атының.
Кеудені емес, кең дүниені жарардай,
Күрсінеді, күрсінеді ақырын.
Серік етіп жалғыздығын қасына,
Мұң мен зарын ел көзінен жасыра,
Тағдыры әбден құлазытқан, жасытқан,
Жігіт келді түнде жардың басына.
Отырды үнсіз жар басында мұңайып,
Тағдырына тақты тағы мың айып,
Меңіреу дала тына қалды бір сәтке,
Дегендейін, «айт сырыңды, ұғайық».
Маңдайыма қара бұлт кеп төнді – деп,
Жігер, қайрат, құмға айналды, өлді – деп
Аспандағы Айға қарап сөйледі,
Екі көзі жасқа толып, мөлдіреп.
– Жігіт едім жаман кәсіп іс қылмас,
Ауызына кеселді сөз қыстырмас,
Бірақ мені тағдыр қинай береді.
Күнде көзден төгіледі ыстық жас.
Бірақ көкте Айдан жауап болмады,
Жігіт енді жұлдызға мұң жолдады.
Айға мүлде қызық емес жігіттің,
Қайраты өліп, жігері құм болғаны.
– Сүріп жүріп бұл өмірдің өгейін,
өксікпенен мұңға толды көмейім,
тұла бойым тұнып тұрған запыран,
Айтшы жұлдыз, қайда апарып төгейін?
Жауапсыз қап жұлдызға айтқан сұрағы,
Жабырқады, жүрегі қан жылады.
Бәлкім, мұның мұңын ұққан жұлдыздар,
Көз алдында зулап жерге құлады.
Көлге қарап тас лақтырды біртіндеп,
Ал көл тіпті қарамады бұл кім деп,
Керсінше оған айып тақты табиғат
тыныштығын бұздың,түннің шырқын кеп!
Жігіт сорлы, жол таба алмай күрсініп,
Өлгісі кеп кетті кей сәт тұншығып.
Бәлкім, өзін құтқарар деп ойлады,
Құдайына қылған жалғыз құлшылық.
– Жетелейтін мені көкке, асқарға,
Көңіл шыңын қара бұлт кеп басқанда.
Мұң шерімді тарқататын адам бер, –
Деп қол жайып қарап тұрды аспанға.
Осы сәтте таңда атты, күн шығып,
Көл бетінде күн сәулесі тұр сынып,
Енді жігіт қайта берейін дегенде,
Кенет Аты қалды жүрмей қырсығып.
Ашу менен атты боқтап боралап,
Бар күнәні үйіп төкті соған ақ,
Бірақ аттың бұған еткен сыйлығын,
Жігіт әлі білмейтіні обал ақ.
Ақытып кеп боғауыздың бұғазын,
Ойлап тұрды уақытның тым азын
Ұзақ уақыт арпалысып атпенен
Жоғалтты ол уақытының біразін.
Бірақ сол күйі аты оның жүрген жоқ,
Шу дегенді құлаққа да ілген жоқ
тым көп уақыт жоғалтқанын білседе,
Қандай бақыт тапқандығын білген жоқ.
Жаңа атқан қарғап сілеп ақ таңын,
Тұрғанында бақылап тау қатпарын
Өзі жаңа тас лақтырған сол көлге,
Көрді бір қыз батып бара жатқанын
Апыр топыр ат үстінен секіріп,
Сол бір қызды құтқаруға бекініп,
Өмір бойы қорқып өмір сүрседе,
Батылдығы кетті бірден жетіліп.
Көзі ерлік ,батырлыққа сұқтанып,
Батыл қадам жасайтынын ұқты анық,
Суға батып бара жатқан сол қызды,
Алды демнің арасында құтқарып.
Шығарғасын қызды тартып жағалап
Қыз жігітті құшып сүйді ағалап,
Өзін жаңа құтқарған сол жігіттің,
Тіпті келбет жүзіне де қарамат.
Қыздың көркі толықсыған күн нұры,
Суға тастап кетті екен кім бұны,
Қайдан келіп түсіп жүр ол бұл суға,
Өзі жалпы қай ауылдың тұрғыны.
Деген сұрақ жігіт ойын мазалап,
Алды мұңмен шердің бәрін тазалап,
Және өзін іштей мақтап қояды,
Міне осындай болады деп азамат.
Сұрап біліп ол сұлудың халь жайын,
Білейін деп оқиғаның мән жайын,
Қызға қарап ақытып кеп жіберді,
Сұрақ бенен әңгіменің шалғайын.
Қыз қаладан келген қонақ ауылға,
Қызығатын жан екен көл, жауынға
Жар басында көлге қарап отырып,
Құлапты ол су бетіне сауылма..
Тұр төбеде шуақ шашып ,күн шығып
Жігітте тұр бұл өмірге құлшынып
оның дереу түсті кенет есіне
Түн жарымда Құдайға еткен құлшылық.
Жігіт қыздан ұялғанмен шамалы,
Қызды көріп,лаулап іші жанады
Осыншама жылдам екен япырмау,
Құдайымның маған берген жауабы.
Бұл оқиға қалай бітті білмейміз,
қыз жігітті сырттан аңдып жүрмейміз,
Бірақ қурап солсақтағы жігіттей,
Түптің түбі қызғалдақтай гүлдейміз.
Жар басында жігіт көрдік отырған,
Тұла бойы запыраннан тоқылған,
Қызды солай тапқан сорлы жігітке
Не болғанын өзіңіз шеш оқырман.
Бұл әңгіме болмас бәлкім деректі ой,
Бірақ бәрі бір жағдайға себеп қой,
Қанша тағдыр қажытқанмен адамды,
Жақсылықтан күдер үзбеу керек қой!
Өмір өтіп, уақыт зулап барады,
Қыз жігітке оң көзімен қарады.
Ал жігіттің шек жоқ қуанышында,
Бақытымды таптым ба деп бағалы.
Бір біріне сезімдері тез өсіп,
Жүрді олар алты ай бойы кездесіп,
Сыйластығы бір біріне күшейіп,
Сөйлесуші ед бір біріне сіздесіп.
Қыз бен жігіт ұзақ шолып ой маңын,
Ашып айтты бір біріне ойларын.
Сөйтіп ақылдаса келе екі жақ,
Жасайтын болып шешті үйлену тойларын.
Дүркіретіп той жасалды қызық қып,
Бірақ біздер бір жағдайды ұмыттық.
Бақытты қып сол жігітті шектен тыс,
Құдайына махабаттын құрыттық.
Перзенті қып ұл берді оған тағдыры,
Ұлы сондааййй адамзаттың алғыры,
Зерек еді бала күннен ол сондай
Жүзін әсем етуші еді таң нұры.
Қыз да берді Құдай оған артынан,
Ол жігіттің бақ дәулеті шалқыған,
Көсегесі көгерді де осылай,
Өсіп өне берді түлеп жалқыдан.
Бақытқа ол қалды қатты мастанып,
Ақ көңілі кетті біраз ластанып,
Шүкір деген сөз шықпады аузынан,
Бірақ бәрі бір ойланбадық саспадық.
Ол ойлады бәрін өзім жасадым,
Мен осылай күллі жұрттан асамын.
Деген ойлар шел бастырып көзіне,
Көрсетпей көп бастырушы ед лас адым.
Игі етіп жасамады көп істі,
Нәпсісі омен,көп нәрсемен бөлісті.
Тағдырына налып ішпеген арақты,
Ол бақытты шақтарында көп ішті.
Ұлы ер жетіп,қызы қалды бой жетіп,
Жігіт 50 жасты алды олжа етіп,
Оны енді жігіт деуге келмеуші ед,
Ақсақалдық жасқа қалды мол жетіп.
Ұлы ер жетіп,қызы қалды бой жетіп,
Жігіт 50 жасты алды олжа етіп,
Оны енді жігіт деуге келмеуші ед,
Ақсақалдық жасқа қалды мол жетіп.
Шал болды ол байлығымен даңқы асқан,
Сүйтіп жасы тақалғанда алпысқа
сол баяғы өзі мұңын шағатын,
отбасымен бірге барды жартасқа.
көл де ,жар да бәрі көне қалпында,
сағынышпен шер толады алқымға,
Осы тұста мұңын шақты жас күні,
Осы тұста бақыт тапты ол жарқындап.
Демалысты қызық қылам тойлайм деп,
Қартайғанда жас балаша ойнайм деп,
Тыныштықты ұнататын сол жерге,
Жын ойнақпен салып кетті ойраң кеп.
Одан қалды арақ ішті еппенен,
Ол бақытсыз шақта бұндай етпеген,
Бақытыңнан айырайын деп ендеше,
Көлде оған қарап тұрды кекпенен.
Ұл мен қызы жүрген кезде шомылыр
Жынды су дан ішіп алды мол қылып,
Біршама уақыт өткен кезде арада,
Ол сөйлейде ала алмады оңдырып.
Қате аяқ асты екенін ұмытып,
Ондай ойлар мазаламды оны түк,
Терең жерге таяп қалған ұл қызды,
Көлде алды су астына сүңгітіп.
Шыр пыр болып бәйбішесі жанында,
Жаны шығып, қайта орнына салына,
Жұлқылады шалын келіп шырылдап,
Кетіп барады барым менен нарымда.
Ал шал болса еш қайратсыз дәрменсіз,
Тұла бойын мастық жаулап алды енсіз,
Құтқарайын деп суға кеткен ұл қызды,
Бәйбішесі суға өзін салды ерсіз.
Ол кепмірде суға батып жаңағы,
Бар кінәні шалына кеп тағады
Есін зорға жиған шалдың көзінше,
Үш бақыты суға кетіп барады.
Өзін зорға алып шығып еңіске,
Өз өмірін шығарды әкеп теріске,
Осы сәтте көз алдына бұл шалдың,
Елестеді жәбірейіл періште.
Бұдан әрі жетпегендей шыдамың,
Өз алдыңа өксікті өмір құрадың.
Сен осыдан тура отыз жыл бұрын,
Қолды жайып көктен бақыт сұрадың.
Өзің отқа жақпай тұрып ұяңды.
Бақытсыз жан Құдайды еске жиі алды
Құдай қолын жайып тұрған пенденің,
Алақанын елемеуге ұялды.
Бұл бейшара жүрді өмірден түңіле,
Деп жаратқан Жарық берді күніңе
Өзің сонда құтқаралған сұлуды,
Жаңа ғана жібердің су түбіне.
Менің көктен қарап тұрып көргенім.
тура жолдан тайып төске өрледің,
Келеді деп күтіп едік тәубеңе,
амал нешік,сен ондайға көнбедің.
Өссін өнсін көркейсін деп жайқалып,
Сенен біраз теріс әдет байқадық
Жаза қылып Құдай саған бергенін.
Бір мезетте алды өзіне қайтарып.
Шүкір етіп жүруші едің мөлшермен,
Адам бағы шүкірлікпен өлшенген,
Титтей бақыт қона қалып ед басыңа,
Күнәға сен батып кеттің белшеңнен.
Сенің бүгін бастан кешкен күніңде,
Жын шайтандар шаттануда күлуде
Енді әрмен қарай түзу өмірді,
Тура келед жалғыз өзің сүруге.
Деп періште ғайып болды жоқ болып,
Шал басына, бақ орнына от қонып,
Қолда барды бағаламағаны үшін,
Сүреді енді өмірде азап көп көріп.
Көл бетінде Ай сәулесі қалқыған,
Дала тыныш,тіршілік жоқ шалқыған,
Күн батқасын орнына ай ауысып.
Жұлдыздарда шығып жатты артынан
Тау арасы тынған мылқау тыныштық,
Дала салқын бірақ кейде тым ыстық,
Тап осындай үнсіз меңреу даланың
Тыныштығын сипаттауға тырыстық.
Дала шексіз,таусылмайтын шақырым.
Сол далада жинай алмай ақылын.
Өкінішке толған пенде тынысы
Естіледі әлсін әлсін ақырын.
Сүйретіліп мұң жібіне асыла,
Жұрттан ішкі өксік зарын жасыра
Тағдыр әбден құлазытқан, жасытқан
Шал отырды түнде жардың басында.
