М.Әуезов пен Н.Тихонов арасындағы рухани байланыс

Мақалада қазақтың заңғар жазушысы, академик Мұхтар Әуезов пен орыстың танымал ақын, прозаигі, Лениндік сыйлықтар комитетінің төрағасы болған Николай Тихоновпен достық қарым-қатынасы  баяндалады.

52

М.Әуезов пен Н.Тихонов арасындағы рухани байланыс - adebiportal.kz

Мұхтар Әуезовтің Жазушылар одағында, Лениндік сыйлықтар комитетінде оның мүйізі қарағайдай қаламгерлермен өте жоғары да тең қарым-қатынасын әдеби орта жақсы біледі. Соның ішінде аталмыш комитет төрағасы, атақты ақын, прозаик Николай Семенович Тихоновпен достық байланысын айтпай кетпеуге болмас.

«Мұхтар Әуезов» энциклопедиясындағы «Тихонов Николай Семенович» атты мақалада екеуара арақатынастары толыққанды ашып көрсетілмегендіктен, осы жарияланымды жазуыма себеп болды.

Тихоновтың Әуезовпен таныстығы 1934 жылдың тамызынан басталады. Темірғали Нұртазинның «Жадымдағылар» естелігіне жүгінсек, ол – Мұқаңның Ленинград жазушыларының конференциясына қатысқан сәті. 11 тамыз күні Әуезов Урицкий сарайында оның поэзия туралы баяндамасын тыңдады. 

Азия-Африка жазушыларының конференциясында. Ташкент қаласы, Науаи театры, 7-13 қазан, 1958 жыл.

Қазақтың «Бір көрген – біліс, екі көрген – таныс» сөзін келесі эпизодтағыдай байқаймыз. Хабиба Елебекованың «Жазушы мен әнші» естелігінен: «Кешке қарай Жүсіпбек екеуі шақырған үйге келді. Бұл Николай Семенович Тихоновтың үйі еді. Оларды қала салтымен жиылған кең, таза бөлмеге, кіргізді. Шақырылған адамдары түгел жиылған сияқты. Үй иесі:

– О, Мұхтар Омарханович келді, енді столға отыруға болады, - деп, қуана қошеметпен қарсы алды. Сол-ақ екен, отырғандар бәрі де орындарынан тұрып, кезекпен қол алыса, құрметпен амандасып шықты. Үй иесі столға шақырды. Салқын тамақты ішіп болған соң, екінші бөлмеге шығып жайғасқан қонақтар Мұхаң мен Жүсіпбекке кезек қарап бірдеңе күткендей. Енді Мұқаң сөз бастап кетті. 

– Достарым, қазақ халқының тағдыр-тарихынан, салт-санасынан, әдет-ғұрпынан жазба әдебиеті арқылы хабардар екендеріңізге күмәнім жоқ. Әдебиетші қауым, біздер, жана дәуірдің жаршысымыз. Шын достар өз ішіндегі қиял-мақсатын, болмаса бойындағы жетістік-кемшілігін ірікпей жеткізуге асығады емес пе? Олай болса менің бойымдағы арманым да, қиялым да, барым да, нәрім де еліммен тағдырлас болғандықтан, сол елімнің өнері – ән-күй қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткізген қорлық киянатын, тағдыр-тартысын, кіршіксіз таза махаббатын, болмаса сөз тауып айта алмас ауыр қайғылы қазаға айтар көңілін әнмен, шешендік тілмен, болмаса екі шекті домбыраның үнімен жеткізген. Сөзбен жеткізе алмас нәзік сезімдерін жүрек қылына ұштастырған елімнің асыл мұрасы әнімен таныстырсам деп ойлаушы едім. Сол қасиетті қазынасын елімнің шебер әншісі Жүсіпбектің орындауында сіздерге естіртсем деуші едім. Сол ойымның сәті бүгін түскендей, - деді Мұхаң.

Жүсіпбек бүл сөзді естігенде, бүкіл бір елдің әнер тағдырын жеткізуді өзіне сеніп ауыр жүк артқанына, сол жүкті Мұхаң артқанын естігенде көңіл күйі алаулап, астан-кестеңі шығып, бір жүйеге келе алмай толқып кетті. «Осыншама ауыр жүкті қабырғам қайысса да көтере алсам жарар еді. Әлде, өнер жүгін биікке көтере алмай сол жолда мерт болар ма екенмін», - деп ойласа, Мұхаңның: «Елімнің қасиетті қазынасы әнін Жүсіпбектің орындауында сіздерге жеткізсем деп едім», - деген сөзін есіне алып, еңсесі жоғарылап, өнер аруағы нұрын құйғандай болды. Биікке самғардағы қанатын қомдап дайындалған, тек қыран иесінің шыжым аяқ, бауынан босатып, томағасын сыпырып, белгі күтіп тұрғандай еді. Тек Мұқаңның емеуірінін аңдып даяр отырды. Мұхаң сол айтатын әннің шығу тарихын, ән сөзінің мағынасын түсіндіріп, оны шығарушының ой-мақсатын көтеріңкі шабытпен, ерекше шешендікпен толғады.

Бұл ортада Мұхаңның өз елінің өнер көшін, ән көшін, қиядан-қияға өрлей, сүйрей тартып бара жатқанын естігенде, Жүсіпбек ендігі ауыртпалықты өзі алғысы келіп, асыға күтуде еді. Мұхаң сияқты көшбасшың болса, жүгін көтерер нар болуға Жүсіпбек дайын еді. «Нар жолында жүк қалмас» демеуші ме еді. Ән басталып кетті. Жүсіпбектің өмірінде талай қиын асу, шатқал қиялар кездескен еді. Бірақ дәл бүгінгідей ауыр міндет атқарған емес-ті. Бұрынғы ауыр сындарда өз басының өнерін еліне өз тілінде түсінетін ортаға сарапқа салса, бүгін отандас болғанымен тілін түсінбейтін басқа ұлтты қазақ халқының өнерімен таныстырмақ. Сол әнді шығарған адамның мақсатын, ойын жеткізбек. Әннің сөзі арқылы білдіретін жүрек сырын енді ән әуені арқылы жеткізбек.

Қазақтың аты әйгілі әншілері Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Мәди сияқты ұлдарын қазіргідей ғып даралап, көз алдарына келтірді. Жүсіпбек тер шығып, бойы жадыраған сайын құлашты кең тастап, жүйріктей жүйткіді. Мұхаңның тыңдаушыларға ендігі айтатын әні жайында көкейлеріне құз айтып отырған сөзі ғана жол ашып отырғандай, соны ғана көңілін аудара тыңдайды. Басқаларға зер салар емес.

Енді бірде Абай әндері айтылды. Абай әндері: «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Көзімнің қарасы» сияқты әндер айтылды. Енді Абайдың орыс тілінен аудармаларын: Татьяна, Онегин хаттарын қазақ тіліне аударып, өз халқын орыс мәдениетіне жақындастырудагы зор рөлін, бұл аударма қазақ халқының төл шығармасындай ел арасына кең тарағанын, Пушкин өлеңінің мағынасын бұзбай алып, өз халқына түсінікті қазақтың өзіне тән жақсы теңеулі сөздермен аударғанын, осы аудармаға арнайы шығарған әнін, ән ырғағына орайлы төгілген Абай шумақтарын ақындай құйылған шешендік сөзбен жеткізді. Енді Абайдың Татьяна хаттарын аударған өлең шумақтары мен осы өлеңге арналып жазған Татьяна әні айтылды.

Тәңірі қосқан жар едің сен. 

Жар ете алмай кетіп ең. 

Ол кезімде бала едім мен, 

Аямасқа бекіп ең.

 

Өз қораңның қақпасын сен, 

Қатты жаптық, не айтайын,

Жат қораның тақтасын мен, 

Жастанамын, қайтейін.

 

Қаймақ еді көңілімде, 

Бізге қаспақ болды жем. 

Екі сөз жоқ өмірімде,

Meн де сорлы бақыты кем.

 

Жар табылмас сен секілді, 

Мен де сендей сорлы зар. 

Қол-аяғым бір бекілді. 

Енді ненің орны бар!

 

Ғашық-ақпын еш күмәнсіз, 

Ырыс емес, сор үшін. 

Көрісуге шыдамаспыз, 

Айрылысалық, сол үшін.

Жүсіпбек Татьянаның кіршіксіз таза махаббатын жырлады. Байлыққа да, балаға да, қызыққа да кенде емеспін. Солай бола тұрса да жар құшағын таба алмай, зармен өткен жанмын. Өмір бойы аңсаған сен ғана боласың деген шерін шертті. Үй ішіндегі тыңдаушылардың, әсіресе, әйелдер қауымының көздерінен Татьянаның зар-мұңын өз басынан өткізгендей, сан құбылған өмір көрінеді.

Мұхтар Әуезов пен Николай Тихонов Дүниежүзілік Бейбітшілік кеңесінің 11-ші сессиясында. 

Дели қаласы, Ғылым сарайы, 24-28 наурыз, 1961 жыл.

Ән әсеріне шомған тыңдаушылар ұйып тыңдап қалыпты. Тіпті көпшілік ішінен біреу ғана тыңдамаса да ән орындаушыға ауыр тиеді. Мұндайда ән тыңдай алмайтын, өнер түсінігінен жұрдай адам ол жерде отырып керегі жоқ. Бұрынырақ бойын аулақ салғаны жөн болады. Өнер қандай күштілердің де басын игізген. Қайғыдан опырылып, бүк түсіп жатқанның басын көтерткен. Өнерге табынбас, тындамас адам болмауға тиіс. Сұлу ән мен тәтті күйді адам тұрсын хайуанат та ұйып тыңдайды.

Бір кезде Мұхаң сөз бастап кетті.

– Жүсіпбек, сенің кім екеніңді жаңағы орта әнің арқылы таныған жоқ па? Жаңағы отырғандар орыс халқының сүт бетіндегі қаймағы. Өз әдебиетінің алдыңғы шебіндегілер. Солардың өзі сенін әніңнің алдында тағзым етіп, өздерін ән құдіретінің қалықтаған қанатының көлеңкесінде қалғандай сезінген жоқ па? Сенің бүгінгі талмай тартқан тарландай, құлаш ұрған өнерің арқасында, еліннің өкіліндей жалғыз отырған менің де мерейім үстем болды ғой. Мен сені шабытпен көк жүзін шарлаған тау қыранының бейнесінде көрдім. Иә, солай болу керек. Кеше әлемге елін таныту жайында, өнер сайысында Әміре де ел жұлдызын көкке көтеріп, қазақ атын дүние жүзіне паш еткен. Өз басын жүлде алуда емес, еліңнің жүлдесін әперуге келгенде алдына қара салмас кең қолтық арғымақтай құлашыңды кең сермеген жөн. Қазақ халқының ұлттық шежіресін шерттің, сен қазақ өнерінің сарқылмайтын қазынасын таныттың, алғыстан басқа айтарым жоқ. Жаңағы сен айтқан Татьяна әнінен Пушкин ойының от ұшқыны мен Абай ойының жалыны бір-біріне ұласты емес пе?! Сен айтатын Татьяна әнін қай қазақ еміреніп тыңдамайды. Міне, бүгін орыс халқының ұл-қыздары да бөтенсінбей беріле иіп тыңдаса, ендеше Абай әні арқылы сенің орындауында екі ұлттың үнін, ойын бір жерден шығаруға, сен де өз үлесіңді қостың ғой, Жүсіпбегім!» (Мұхтар Әуезов туралы естеліктер. Алматы, «Жазушы», 1997, 226-230 б.).

Әуезов пен Тихонов екеуінің кейінгі кездесулері КСРО Жазушылар Одағында да, Бейбітшілік қорғаушы Кеңестік комитетте де, Лениндік сыйлықтар комитетінде де, Ташкент қаласында да ұласты.

Евгения Книпович – Тихоновпен де, Әуезовпен де журналистика, әдебиет және өнер салалары жөніндегі Лениндік сыйлықтар комитетінде қоян-қолтық байланыс жасаған жан.

М. Әуезов жайында жазған «Светлый человек» естелігінен мына бір жайтты аңғарайықшы: «Выступления Мухтара Омархановича иногда поражали товарищей чудесной свежестью и неожиданностью взгляда. Так, когда обсуждались достоинства и недостатки конного памятника Григорию Котовскому в Кишиневе, Ауэзов отбросил снимок, который он взял в руки, со словами: «Конь так ноги не ставит! Конь так идти не может!» Слова эти вызвали веселое и дружеское «оживление в зале»: «Вот степняк, конник, сразу заметил, а мы все и не увидели!» И затем Мухтар Омарханович произнес целую речь о том, чем должен быть конный памятник. «Конные статуи всегда имеют свои особенности, затрудняющие работу ваятеля. Здесь два живых существа. Ведь и конь живое существо, красивое существо, и нелегко бывает сочетать всадника с конем», - Мухтар Омарханович говорил о красивости конной статуи Николая І в Ленинграде. Критиковал московский памятник Юрию Долгорукому, его мнению, конь оказался более выразительным, чем всадник, и наконец воздал хвалу «Медному всаднику», замечательному творению Фальконета. Именно «Медный всадник» был, по мнению Ауэзова, как бы «эталоном» конной статуя, потому что два живых существа здесь связаны, «всадник уздой железной поднял коня на дыбы», «конь паяшет под ним» и все же «дикий конь подчинен его воле». «Вот эта воля, этот всадник, который сильней всех стихий, и делают памятник прекрасным» (Мухтар Ауэзов в воспоминаниях современников. Алма-Ата, «Жазушы», 1972, 37 б.)

Е. Книпович «Главное отдано людям» атты келесі естелігінде де комитетте істеген жылдарында өзінің де, өзгелердің биік беделін, парасатын аңғартқандай әрі растай түскендей: «Мне пришлось близко соприкоснуться с одним из «секторов» деятельности в те годы, когда я работала в Комитете по Государственным и Ленинским премиям (с 1952 по 1960 год). Звание у меня было громкое – «заведующая отделом литературы», на деле же я была референтом, правда с мнением которого считались руководители. Тихонов сначала был руководителем литературной секции, с 1956 года – председателем всего Комитета. Руководство в данном случае было делом весьма сложным. Комитет состоял из индивидуальностей очень ярких и очень разных – по возрасту, «роду оружия», взглядам и традициям» (Евгения Книпович. Главное отдано людям. Воспоминания о Николае Тихонове. Москва, «Советский писатель», 1986, 391-392 б.).

1961 жылы 22-29 наурыз күндері Үндістанға шеккен соңғы жолда Әуезов Тихоновпен бірге сапарлас болу бақыты бұйырды (сондағы КСРО делегация мүшелері тізімі «Правда» газетінің 1961 жылғы №82 санында келтірілген). Жолсапарға арнап күнделік жүргізді («Әуезов үйі» ҒМО, №525 бума, 1-27 б.). Бірақ біз бұнда Тихоновпен тікелей байланысатын тұстарды келтіруді жөн санаймыз.

Бейбітшілікті сақтаудың Кеңестік комитеті өкілі Быковтың жіберген телеграммасына үңіліп көрейік: «Ваш выезд Дели намечен из Ташкента 22 марта четыре утра самолетом рейс 53 паспорт билет везет делегация Тихонов просит Вас подумать заранее возможном выступлении сессии тему ликвидации колониализма срочно вышлите справку о зарплате для расчета командировочных комитет мира Быков» (М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі. Алматы, «Ғылым», 1997, 736 б.).

Бұл орайда оның «О времени и о себе» атты радио арқылы сөйлеген сөзінен жазып алынған естелігіндегі Мұқаңның өзі де, Тихоновтың өзінің де куә болған атаулы жайттарды келтіре кетейік: «В столице Индии, древнем городе Дели, есть место, которое называется Рамилла Граундз. Это площадь, вмещающая множество народа. Я присутствовал там на митинге мира и выступал на этой площади.

Передо мной говорили представители Индийского Комитета Мира, народов Азии, Африки, Америки, Европы. Народ на площади сидел прямо на земле, пришли целыми семьями, и для порядка были отгорожены веревками отдельные квадраты, чтобы не создавать давки.

Когда выступал президент Всемирного Совета Мира профессор Бернал, ему во время речи сменили 5 больших венков, которые надевали на него один за другим. Он исчезал в их золотисто-розовой груде. Потом дали ему в руки поднос с золоченым кувшином, и он благодарил и кланялся под восторженный крики народа. Ему вручили десятка два больших голубых шаров, веревка от них запуталась за его пуговицу на пиджаке, шары чуть не увлекли его в пространство. Вид летящего на площади профессора, уносимого голубыми шарами, вызвал бы истинный восторг народа, который умеет радоваться, словно дети. Но это, к счастью, всё же не случилось. Шары взмыли в еще светлое небо и долго качались над площадью.

Когда говорил я, мне тоже вручили голубые шары, с которыми я благополучно справился. После моей речи один уважаемый индус сказал: «Самое замечательное, что вы сказали, это когда кончали речь: шанти! шанти! шанти! – мир! мир! мир! Это то, что нужно нам всем». 

После митинга известный борец за мир индус Сундерлал спросил меня: 

– Сколько здесь, по-вашему, было народу?

– Тысяч десять, - отвечал я.

Сундерлал улыбнулся: 

– Здесь было более тридцати тысяч человек. Вы видели, как слушали! Боялись пропустить хоть одно слово!» 

Надо сказать, что в Индии довольно часто происходили совещания, конференции, конгрессы в защиту мира и всякий раз на них присутствовали советские товарищи, которые потом ездили по всей Индии, знакомясь с жизнью страны.

В марте 1961 года в Дели проходила сессия Всемирного Совета Мира. Однажды вечером большая делегация была приглашена в личную резиденцию премьер-министра. 

Неру был настроен молчаливо, отвечал кратко на разные вопросы гостей. Он сидел, перекатывая во рту какую-то горошину, которую искал непрерывно языком то за одной щекой, то за другой. Вдруг он спросил: «Кто-нибудь останется в Индии после сессии?» 

Ему ответили: «Да, останутся». 

Я с удовольствием бы остался, но я должен спешить в Москву, потому что меня туда призывает Индия!» - сказал я.

Тут все изумились, а Неру как бы проснулся, он перестал катать горошину, оживился и ждал моего разъяснения.

Быстро, но не очень торопясь, я рассказал о той подготовке, которая ведется в Москве к юбилею Рабиндраната Тагора, о том, как обстоятельно готовятся к этому событию даже дети. Его изумление возросло. Я рассказал про школы, где дети с самого малого возраста изучают индийские языки и читают стихи великих поэтов в подлиннике. Неру это очень пришлось по душе. 

Когда мы уходили, он радужно жал руки гостей. «Спасибо вам, что вы в день своего отдыха, такого краткого, нашли время для беседы с нами!» - поблагодарил я. 

Он задержал мою руку в своей, взглянул на меня внимательно и вдруг, неожиданно для всех, сказал по-русски: «Спасибо! Спасибо! До свидания!» (Н.С. Тихонов. Собрание сочинений в 7 томах. Том 7. Москва, Художественная литература, 1986, стр. 486-487, 489-490).

Көп ұзамай Әуезов, Тихонов, Евгений Челышев, Павло Тычина және Мирзо Турсун-Заде төртеуі бірлесіп «Рабиндранат Тагор – великий сын индийского народа» деген ашық хат түріндегі публицистикалық толғам жазды (Rabindranath Tagore. A centenary volume. 1861-1961. Sahitya Akademi, New Delhi, 1992, p. 301-306).

Белгілі кеңес қаламгері, журналист Борис Полевойдың «Репортаж из-за облаков» естелігі оқырманымызға осы сапардың соңғы сәттерін сипаттауымен аса қызғылықты да құнды. Соның Әуезовке де, Тихоновқа да қатысты тұсын келтірейік: «Справа от меня, на золотом фоне окна, будто бы вычеканен смуглый профиль Мухтара Ауэзова, славного казахского романиста и доброго товарища по этому дальнему путешествию. Во сне он сохраняет деловой, сосредоточенный вид, будто слушает нечто интересное на важном, ответственном заседании. Слева, через проход, в полумраке кабины вырисовывается седая голова Николая Семеновича Тихонова. У него утомленное лицо, тени залегли во впадинах под глазами. Все эти дни, проведенные нами на сессии Совета Мира в индийской столице, были до краев полны кипучей деятельностью. Ему, как главе нашей делегации, особенно доставалось, и вот он спит сейчас крепким сном альпиниста, только что закончившего длинный, трудный путь по неизведанным горным склонам, и во сне этом отдыхает каждый натруженный мускул, каждая клетка утомленного мозга.

Я смотрю на его характерное, мужественное лицо, с которого даже сон не стирает энергичного, динамического выражения, и вдруг появляется странное желание – вот тут, в самолете, плывущем над облаками, бог весть над какой страной, написать репортаж об этом хорошем русском человеке, рассказать о нем все, что я знаю, что доводилось наблюдать во время совместных странствий по белу свету, совместных свирепствований на разных международных трибунах, что доводилось слышать о нем от общих друзей».

М. Әуезов дүниеден өткенде осы бір ақын жолдасының қалайша қамыққанын «Абай жолы» романы аударушыларының бірі Анна Никольскаяның өз аузынан естіген Алексей Пантиелев былай дейді: «Н.С. Тихонов, как рассказывала А. Никольская, одна из первых переводчиц Ауэзова, настойчиво спрашивал ее в Переделкино:

– Мухтар? Умер? Что это значит?

И еще он задавал характерный вопрос:

– Что же мы будем без него делать?» (М. Әуезовтің орыс тіліндегі «Племя младое» атты жинақтағы «Певец великой степи» алғысөзінен, 8-бет).

1944 жылы ақпанда КСРО Жазушылар Одағының IX пленумында жасаған баяндамасында Тихонов сол кездегі қазақ әдебиетінің де шығармашылық процесін қағыс қалдырмайды. Көз алдымыздан Абдолла Жұмағалиевтің, Қасым Аманжоловтың, Мәлік Ғабдуллиннің, Жамбылдың, Сәбит Мұқановтың, соңында Мұхтар Әуезовтің есімдері өтеді... Мұхтартанушы мамандарға Тихоновтың не үшін «Намыс гвардиясы» пьесасын Сәбит Мұқановтың «Гвардия, алға» пьесасымен бірге атағаны ой саларлық әрі салыстыра зерттеу объектісіне айналғаны ләзім (Н. С. Тихонов. Собрание сочинений в 7 томах. Том 6. Москва, «Художественная литература», 1986, стр. 295).

Кәміл Яшеннің «Николай Тихонов для нас блистательный пример русского советского писателя, для которого успехи наших национальных литератур – радость, гордость, повседневное практическое дело. Признаюсь, я просто диву давался, когда слушал его глубочайшие высказывания о Хафизе, Омаре Хайяме, Саади, Рудаки, Джами, нашем великом Алишере Навои, Низами, Бабуре, Рабиндранате Тагоре, Абае, Токтогуле, Фуркате, Мукими, Хамзе Хаким-заде Ниязи. Он столько о них знает! Их гениальные строки сопровождают всю его жизнь, целые главы из их творений Николай-ака читает наизусть» (Воспоминания о Н. Тихонове. Москва, Советский писатель, 1986, стр. 212) дегенін қаламдас әріптес інісі Хамид Гулям «Наверняка многие другие «разноязычные» литераторы нашей страны могли бы привести еще много примеров такой удивительной дружбы и учительства, такого знания и интуиции, интуиции поэтической и языковой, такого же проникновения в тайная тайных братской и все же иноязычной литературы» (сонда, 209 б.) дей қуаттайды. Көпұлтты кеңес поэзиясы өкілдерінен ұлы Абайдың асқаралы есімі көзімізге неліктен жылы ұшырағанын әңгіме тізгінін ұстаған Тихоновтың өзінің «Абай жолын» оқығанын, Абай өлеңдерімен орыс тілінде жақсы таныстығын айтпай аңғартып тұр емес пе?!

Мұхтар Әуезов пен Николай Тихоновтың суреті қойылған арнаулы мақала. 

«Қазақ әдебиеті», №25 (233), 19 маусым, 1959 жыл.

Қырғыз қаламгері Түгелбай Сыдықбеков Тихоновтың ұлт әдебиеттері туындыларына төрелігін өз шығармасы мысалында келтіреді (мысалы дәлелді болу үшін тарихи датасынан бастайық): «1961-жылдын 10-апрели. Комитеттин кезектеги кеңешмесинде жашыруун добушка коюлчу чыгармалар иргелди.

«Тоо арасы» сунушка коюларда эреже боюнча мен даланга чыктым.

Ичтен: – Көп пландуу социальный роман – деген Николай Семенович Тихоновдун үнү угулду. Ал киши негизинен «Тоо арасын» жактагандай болду» (Мухтар Ауэзов жана Кыргызстан. Түзгөн Мундузбек Тентимишев. Бишкек, «Турар» басмасы, 2010, 385 б.)

Бұндайда тәжіктің Мирзо Турсун-Задесі айтқаны еске түседі: «Николай Тихонов не раз напоминал, что в литературах братских народов закреплены в художественных образах те великие перемены, которые внесены в жизнь народов Великой Октябрьской социалистической революцией, десятилетиями упорного труда по переустройству общества. Он всякий раз убеждался в этом, приезжая к своим друзьям из братских республик не просто гостем, а зорким наблюдателем, умным советчиком» (Воспоминания о Н. Тихонове, 180 б.).

М.О. Әуезов пен Н.С. Тихоновтың бірге түскен суреттер шоғыры молынан кездеседі. Олардың басым көпшілігі Facebook парақшамда жарияланған.

«Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының қолжазба қорында Н.С. Тихоновтың бірсыпыра хаттары мен жеделхаттары сақтаулы. Астында олардың бірқатарының мәтіндері беріледі.

1951 жылғы тамыздағы шұғыл жіберген телеграммасы: «Двадцать восьмого августа Москве созывается Пленум Советского Комитета защиты мира. 

Ваше присутствие необходимо. Телеграфируйте дату Вашего приезда. 

Председатель Советского Комитета защиты мира Тихонов».

(РФ НКЦ «Дом Ауэзова», п. 292, л. 35, М.О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі. Алматы, «Ғылым», 1997, 442-ші бет).

1957 жылғы 29 сәуірдегі телеграммасы: «Желаю хорошего доброго года богатого всеми радостями – Николай Тихонов».

(РФ НКЦ «Дом Ауэзова», п. 285, л. 128, сонда, 576 б.).

Осы жылдың 28 қыркүйегіндегі құттықтау телеграммасы: «Горячо поздравляю высокой заслуженной наградой сердечно обнимаю шлю наилучшие пожелания. Николай Тихонов».

(РФ НКЦ «Дом Ауэзова», п. 281, л. 177; М. О. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі. Алматы, «Ғылым», 1997, 600-601 б.).

Ең соңғысы – 1960 жылы 30 желтоқсан күнгі хаты: «Многоуважаемый Мухтар Омарханович! 

Президиум Комитета сообщает Вам, что во изменение своего первоначального решения от 8 декабря с. г. очередная сессия Комитета назначена на 2 февраля 1961 г. Сессия продлится 10-12 дней. Прошу подтвердить Ваше участие в сессии и необходимость бронирования гостиницы.

Председатель Комитета (Н. Тихонов) (Комитет по Ленинским премиям в области литературы и искусства при совете Министров Союза ССР // РФ НКЦ «Дом Ауэзова», п. 292, л. 149, сонда, 723-б.).

Көріп отырғандарыңыздай, хаттар стилі көбінесе ресми іс-қағаздар тілімен жазылған. 

Әуезов КСРО Жазушылар Одағы не Лениндік сыйлықтар комитеті мәжілістерінде болсын, шешендік шеберлікпен көпұлтты әдебиет мәселелерінде Тихоновтың алдында да білгір полемист, жалынды оратор бола білген.

Татар халқының көрнекті ұлы, ақын Мұса Жәлелдің, авар халқын асқақтатқан ғаламның Ғамзатовының, тәжік ақыны Мирзо Турсун-Заденің, адамзат рухын асқар биікке көтерген айтулы Шыңғыс Айтматовтың, әйгілі орыс әдебиетшісі, балалар жазушысы Корней Чуковскийдің шығармашылығын Тихоновтай әдебиет дөкейінің алдында азаматтық позициясымен, әділ қазылығымен қорғай білді. Оны Н. Тихоновтың өзі де былайша мойындайды: «В свое время Мухтар Омарханович был членом Комитета по Ленинским премиям в области литературы, искус журналистики. Для работы и этом сложном, очень трудном комитете от его членов требуется исключительная широта охвата представляемых произведений, углубленное изучение их достоинств, полный отказ от личных пристрастий, строго принципиальные суждения, чтобы потом совесть не упрекала за легкомыслие или неправильность окончательного отбора. Для такого рода общественной работы, носящей государственный характер Мухтар Омарханович был идеальным человеком. Кроме того имел особое преимущество перед другими товарищами. Он мог читать в оригинале многие представленные в переводе произведения писателей наших советских азиатских республик. И тут он подавал пример нелицеприятного отношения к материалу. Для него не существовало иных критериев, кроме достоинств. Если их не было, если защита шла по линии важности темы или некоторого снисхождения, он делался беспощаден, его разборы становились строжайшим исследованием, порой не оставалось камня на камне от попыток защитить произведение, не отвечающее высоким требованиям. Он был примером для всех участников обсуждений, и на этих обсуждениях он оставался писателем, который верен главной линии, развитию литературы высокой, правдивой, всенародного значения, входящей в обширную сокровищницу нашей советской культуры. Он был гуманист самого большого плана» (Мухтар Ауэзов в воспоминаниях современников. Алма-Ата, Жазушы, 1972, 14-15 б.).

1966 жылы Наум Марға берген сұхбатында: «Интерес к советской прозе на Западе усиливается еще тем, что в наших братских республиках выступили такие блестящие прозаики, как Мухтар Ауэзов и Чингиз Айтматов» (Наум Мар. Люди, которых я слышал. Москва, «Советская Россия», 1973, 49 б.). Бұған осы қос автордың атаулы туындыларының сан алуан әлем тілдеріне аударылуы куә.

«Әттеген-ай» дегізген аса ащы бір жайт – Әуезовтің Тихоновпен жазысқан хаттарының, не болмағанда кітапқа берген қолтаңбаларының сақталмауы. Кеңес әдебиетінің атаулы классик жазушысы Константин Фединнің 1953 жылы 21 желтоқсандағы күнделік жазбасы жан жүректегі шерді толғандырмай қоймайды: «Опять несчастье: сгорела дача Н. Тихонова.

Николай подавлен: бесследно сгорел весь его редчайший индийский материал, рукописный, книжный, вещный” (Конст. Федин. Собрание сочинений в 12 томах. Том 12. Москва, Художественная литература, 1986, стр. 324) Бұнда орын алған өртке алғашқы мезеттердегі жазған хаттары да, «Абай» романының алғашқы орысша басылымдары да қоса кеткені де жасырын емес...

1974 жылғы жағдай да дәл осылай қайталанды. Николай Семеновичке ұлт әдебиеттері өкілдерінің, әсіресе Әуезовтің де хаттары, қолтаңбалары жалын құшағына кете бергені өзекті өкінішке толтырады. Тихонов ол материалдарды Әуезов мұражайының қолжазба қорына дер уақытында тапсырмаған...

Әдебиеттанушы Гүлзия Пірәлінің «Әдеби байланыс: Мұхтар Әуезов және Зоя Кедрина» кітабында Айгүл Ісмақова естелігі арқылы Зоя Кедрина отбасының (өзі бедеу-тін, сол үшін жары Алексей Пантиелев екеуі бала сүйе алмады) және архивінің аянышты халін жаны шырқырай жазуы – әр саналы адамды ойландырарлық нәрсе. Бұл зауал Тихоновтың басына да туды. Оның әйелі Мария Константиновна Неслуховская ұрпақ көру бақытына ие бола алған жоқ. Ең өкініштісі – әдебиеттанушылар Владислав Шошин, Иосиф Гринбергтің Тихонов туралы кітаптар жазғанмен де, қазіргі Ресейде Тихонов пен әйелінің артында іздеуші де зерттеуші жандардың болмауы...

Сөзімізді түйіндей айтсақ, Мұхтар Әуезовтей қара сөздің қылын қақ жарған шебердің және де Николай Тихоновтай кеңестік поэзияның (өлең сөздің) алып кемесі арасындағы қарым-қатынас шеңберінің кеңдігін аңғарғандай боламыз.

Бекжан Бектенбай, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, 

журналистика мамандығының 3-курс студенті, Шымкент қаласы.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan