Қос кітаптың тұсауы кесілді

71

Қос кітаптың тұсауы кесілді - adebiportal.kz

2026 жылы қазақ халқының тарихында айрықша орны бар күрескер тұлға Зуқа батыр Сәбитұлының туғанына 160 жыл толып отыр. Бұл — ұлт тарихын ұлықтап, ел азаттығы мен бірлігі жолында қызмет еткен тарихи тұлғалардың өмір жолын жас ұрпаққа танытуға мүмкіндік беретін маңызды белес.

Зуқа батыр Сәбитұлы — елге пана, көпке тірек болған батыр, қоғам және дін қайраткері. Ол ұлтқа, дінге және әлеуметтік жағдайға бөлмей, кедей-кепшікке, әлсізге және пана іздеген жандарға қорған болған тұлға ретінде халық жадында сақталған. Оның өмір жолы — елдік пен ерліктің, имандылық пен адамгершіліктің, әділдік пен қайсарлықтың өнегесі.

1866 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Кендірлік өңірінде дүниеге келіп, 1929 жылы Алтайдың арғы бетінде шейіт болған Зуқа батырдың тағдыры — қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдерімен сабақтас. Оның есімі Қажығұмар Шабданұлының «Пана», Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр», Талғат Кеңесбаевтың «Қараңғы түннің жұлдызы» атты шығармалары және батырдың өмірі мен ерлігіне арналған өзге де әдеби, деректі еңбектер арқылы кеңінен таныла түсті.

Зуқа батырдың 150 жылдығына орай Қытай, Моңғолия, Түркия және басқа да елдерде тағылымды іс-шаралардың өткізілуі оның мұрасының шетелдердегі қазақ қауымдастықтары үшін де маңызды екенін аңғартады.

Батырдың өмірі мен қызметін зерделеу — өткенді еске алумен ғана шектелмейді. Бұл — ұлттық тарихи сананы жаңғырту, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жас буынның бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру жолындағы маңызды қадам. Зуқа батырдың ел қорғаудағы ерлігі мен адамгершілік ұстанымдары бүгінгі қоғам үшін де тағылымдық мәнін жоғалтқан жоқ.

Зуқа батыр Сәбитұлының 160 жылдығы — тарихи тұлғаның есімін ұлықтап қана қоймай, оның өнегелі өмір жолын ұлт руханиятының ажырамас бөлігі ретінде келер ұрпаққа аманаттау мүмкіндігі. Оның мұрасын кеңінен насихаттау — ел тарихына құрмет, ұлттық құндылықтарға адалдық және болашақ алдындағы жауапкершілік.

Зуқа батырдың 160 жылдығына орай 2026 жылы 6 қарашада Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасының «Ақселеу Сейдімбек» залында халықаралық ғылыми семинар өтті. Белгілі әдебиеттанушы ғалымдар, батырдың әр елдегі ұрпақтары қатысқан семинар барысында батырдың ғұмыр жолы арқау болған «Қаракөпір» және «Қорған» кітаптарының тұсауы кесілді. 

Зуқа батыр Сәбитұлының 160 жылдық мерейтойына арналған кітапқа жазылған, ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркі әлемінің «Түрік бірлігі» сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбайдың «Батырдың басын кескенше» атты мақаласын ұсынып отырмыз.

«Батырдың басын кескенше»

Егер дұшпаны оның басын алу үшін онымен он жыл соғысса; соншама операциялары соншама шығынмен сәтсіз аяқтай берсе; егер ол — дұшпаны оны қапыда мерт етіп, басын кескенше басындырмаса; жауы оның басын кесіп алып, қала дарбазасының басына  іліп қойып қарап отырғанда да қысасы тарқамаса; “ол кім болды екен” дейсіз ғой. Ол — Зуқа батыр. 

Қазақ даласының шығыс кенересі Алтай таулары. Кезеңі биік, өзені терең; жері күдір, елі батыр өлке. Таңнан-таңға айтатын дастандары мен қиссаларында да да екі-ақ тақырып: батырлық туралы және ғашықтық жайлы. Зуқа батыр Сәбитұлының 160 жылдық мерейтойына арналған кітапқа)

2026 жылы қазақ халқының тарихында айрықша орны бар Зуқа батыр Сәбитұлы 160 жыл толып отыр. Бұл — ұлт тарихын ұлықтап, ел азаттығы мен бірлігі жолында қызмет еткен тарихи тұлғалардың өмір жолын жас ұрпаққа танытуға мүмкіндік беретін маңызды белес.

Зуқа батыр Сәбитұлы — елге пана, көпке тірек болған батыр, қоғам және дін қайраткері. Ол ұлтқа, дінге және әлеуметтік жағдайға бөлмеген адам. Мұқтажға, әлсізге және пана іздеген жандарға қорған болған тұлға ретінде халық жадында сақталған. Оның өмір жолы — елдік пен ерліктің, имандылық пен адамгершіліктің, әділдік пен қайсарлықтың өнегесі.

1866 жылы қазіргі Абай облысының Кендірлік өңірінде дүниеге келіп, 1929 жылы Алтайдың арғы бетінде шейіт болған. Зуқа батырдың тағдыры — қазақ халқының күрделі тарихи кезеңдерімен сабақтас. Оның есімі әрі көркем бейнесі әйгілі Қажығұмар Шабданұлының «Пана» романында аса әсерлі сомдалған. Романда Зуқаның лидерлік қасиеті, тұлғалық бітімі, билігі, парасаты ұлттық бейнесі қапысыз сомдалған. Осы романда Абақ Керейдің  аса ықпалды билері Мәми бейсі мен Жәке би жас Зуқаны көзге ілмей отырып оңбай опынатыны бар. Зуқаның тарихи аңыз тұлғасымен жазушы фантазиясы ұштасқан тұста таң ғажайып көркем эпизодтар туады. Есіріп есе бермей ел тынышын алған немере бауыры Телқараны Алтайдың иен қойнауында алыстан көздеп атып тастайтын тұстағы қаталдығы да көз алдыңнан кетпейтін сурет. Осы романда Ертісті өрлеп, моңғол жеріне ауған Ақ гвардия Бәкіштің армиясында Алтайдың кезеңінен оқпен қайырып, елді шапқызбай өткізіп жіберетіні бар. Қажықұмардай қаламгердің шебер қаламы мен ұшқыр фантазиясы қосылды деген күннің өзін де негізгі уақиғаларды тізбесі аңыз боп жеткен ақиқат еді. Онан соң да оншақты жыл қаруын тастамаған Зуқа батыр қойнына енген жыландай сатқынның кесірінен қашан қапыда мерт болғанша басқыншыны басындырмаған кісі. Ол — Алтай бетіндегі азаттық соғысының, ұлттық қарсылықтың бір дәуірін жасаған кісі. 

Бұдан оншақты жыл бұрын Шыңжаңда тұратын қазақ жерлеріне әдейі сапарлағаным бар. Алтай, Тарбағатай, Іле аймақтарын аралап, ондағы бауырларымыздың күрес пен ерлікке толы өмірін, бүгінге дейін сағын сындырмай, тілін, салт-санасын сақтап өмір сүргенін көріп, нешеме өлең өлең циклдары мен дастандар жазып қайтып ем. Соның бірі “Қайқая шапқан Қарагер” болса, тағы бір әсерлі туынды Зуқаға арнаған толғауым еді. Алтайға барғанымда Қыран өзеніндегі көпір және оған іліп қойған Зуқа батырдың басы түсіме кіріп еді. 

Зуқа батыр Батырхан Құсбегиннің «Зуқа батыр», Талғат Кеңесбаевтың «Қараңғы түннің жұлдызы» атты шығармаларында да сәтті сомдалған образ. Зуқаның өмірі мен ерлігіне арналған өзге де әдеби, деректі еңбектер арқылы оның тарихи тұлғалық сипатын айқындай түскен.

Зуқа батырдың 150 жылдығына орай Қытай, Моңғолия, Түркия және басқа да елдерде тағылымды іс-шаралар ауқымды халықаралық сипатпен  өткізілген болатын. Бұл шаралар оның мұрасының шетелдердегі қазақ қауымдастықтары үшін де маңызды екенін аңғартты.

Батырдың өмірі мен қызметін зерделеу — өткенді еске алумен ғана шектелмейді. Бұл — ұлттық тарихи сананы жаңғырту, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жас буынның бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру жолындағы маңызды қадам. Зуқа батырдың ел қорғаудағы ерлігі мен адамгершілік ұстанымдары бүгінгі қоғам үшін де тағылымдық мәнін нығайта түседі.

Зуқа батыр Сәбитұлының 160 жылдығы — тарихи тұлғаның есімін ұлықтап қана қоймай, оның өнегелі өмір жолын ұлт руханиятының ажырамас бөлігі ретінде келер ұрпаққа аманаттау мүмкіндігі. Оның мұрасын кеңінен насихаттау — ел тарихына құрмет, ұлттық құндылықтарға адалдық және болашақ алдындағы жауапкершілік деп білемін. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan