Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Жолтай Әлмашұлы: Ақ боз үйдегі алты қыз (драма)...

14.02.2017 5122

Жолтай Әлмашұлы: Ақ боз үйдегі алты қыз (драма)

Жолтай Әлмашұлы: Ақ боз үйдегі алты қыз (драма) - adebiportal.kz

Қатынасушылар:

1. Би-апа – Ақбоз үйдің иесі, көпті көрген Ана.

2. Айшолпан – қазақ қызы

3. Людмила – орыс қызы

4. Венера–украин қызы

5. Бахаргүл–өзбек қызы

6. Лариса – корей қызы

7. Гүлімжан – шешен қызы

8. Ақбоз аттылы жігіт (Елес-жігіт, Ақ қалпақты жігіт)

Жекелеген көріністерде: маскүнем жігіт,әртүрлі ұлт өкілдері, бишілер, дауыс, т.б.

Оқиға осы күні Бурабай курортының ішіндегі орман арасында, арнайы тігілген Ақбоз үй ішінде және соның маңайында өтеді.

e10464f7894f05e10103b0106f4a5151.jpg


Ескертпе:

1)Драмадағы қыздар өздерінің ұлттық киімдерінкиіп жүріп, емін-еркін ойнауына да болады;

2) Сахналау барысында әртүрлі ұлттардың халық әндері орындала береді.

Бірінші бөлім Бірінші көрініс

Бурабай. Айнала көкпеңбек: шыршалар, қарағайлар, қайыңдар... Аспан шайдай ашық. Оны сахнаға молынан түсіп тұрған ақ сәуледен байқауға болады. Сахнадағы ағаштар ақырын соққан самал желмен аздап тербеліп тұрады.

Осы кезде сахнаға әсем гүлді көйлек киген, шашы түюлі бір қыз билей басып шығады. Ол тамылжыған табиғатқа қарап тұрып, өзінше ыңылдап әндетеді.

Қыз: Ақ қайыңдар,қалады дір-дір етіп,

Көк аспаны жаңбырын сіркіретіп...

Сахнаның бір бұрышынан ақ қалпақ киген жас жігіт шыға келіп, әнді әрі қарай жалғап әкетеді.

Ақ қалпақты жігіт:

...Таудан өзен,

Құлайды гүр-гүр етіп...

Қыз: (шошына)Сіз...кімсіз?

Жігіт: Гуд монинг?Мен–кәдімгі қазақ жігітімін.

Қыз: Қайдан шыға келдіңіз деймін?Ағылшынша сөйлейсіз тағы да...

Жігіт: Шыға келген жоқпын,мен осында тұрамын.Туғалыбері...

Қыз: Сонда...сіз Бурабайлықсыз ба,а?

Жігіт: Немене,ұқсамаймын ба?

Қыз: Мұнда тұратындардың маңдайына жазып қоя ма?

Жігіт: Білмесеңіз,біліп қойыңыз.Мұндағы жігіттер мен секілді аққұба болып келеді. Ақ қалпақ киеді. Ақ шалбар киеді.

Айдай жарқырап...

Қыз: (сөзді бөліп)Өзіңіз нағыз мақтаншақ екенсіз.

Жігіт: Се ля ви!Мақтаншақ емес,шындықты беткешыжғырып айтып ашық сөйлейтін жігітпін. Барды бар, жоқты жоқ деймін.

Қыз: Оны байқадым.

Жігіт: Тағы нені байқадыңыз?

Қыз: Ән сала білетініңізді.

Жігіт: Даусым жақсы,ә!Ашық,зор...

Қыз: Зор екені рас.Құлақты жарып жібере жаздайды.

Жігіт: О-о,мына сөзіңіз...мақтағаныңыз ба,жоқ әлде... мұқату ма?

Қыз: Түбі түскен шелектейсіз.Қыз көрсеңіз қылжақбас бо-лып кететініңіз тағы бар екен.

Жігіт: Қалай?

Қыз: Алғашқы сөзіңізден-ақ...байқалып қалды.

Жігіт: Мен де сіздің кім екеніңізді байқап тұрмын.Сізмұнда қаладан қыдырып келген қызсыз.

Қыз: Рас.Аз күнге демалып қайтуға.

Жігіт: Әрине,жалғызсыз.

Қыз: (селк етіп)Неге олай ойладыңыз?

Жігіт: Осындай ой өзінен-өзі сұранып тұр емес пе?Қазақтыңжап-жас, көрікті, әдемі, әсем, сұлу қызы... Бурабайдың қақ ор-тасында жападан-жалғыз... (күліп) Осы күні бар ғой, қыздар батыл, ал жігіттер қорқақ! Қыздар жалғыз жорта береді, ал жігіттер топ-топ болып, әлдекімнен үрейленгендей бір-бірін сүйрелеп...

Қыз:Не деп кеттіңіз?Жападан-жалғыз дегенді қайдантауып ала қойдыңыз?

Жігіт: Көзім көріп тұр ғой.Сіз де жалғыз,мен де жалғыз. Сіз де жалғыз...

Қыз: (сөзін бөліп)Қазір жалғыз шығармын,сәлден соң екеуболамыз, ал ертең осында біраз дос қыздарым келеді. Олар көп.

Жігіт: Екеу ме?

Қыз: Одан да көп.

Жігіт: Үшеу ме?

Қыз:Одан да көп.

Жігіт: Бәлкім,отыз шығарсыздар?

Қыз: Мазағыңыз ба?Біз немене ансамбль деп пе едіңіз?

Жігіт: Кім біледі,би ансамблі болсаңыздар,айталық,отыз, тіпті қырық...

Қыз: Біз алтаумыз.Алты құрбымыз.

Жігіт: Олар неге бүгін келмей қалды?Сіз неге жалғыз жеттіңіз? Әлде-е...

Қыз: Қиялыңызға ылғи күңгірт ойлар ұялап қалған ба?

Жігіт: Күңгірт ой деп кім айтты сізге?Бәлкім,жарқын да

жақсы ойлар шығар... (күліп) Мұнда жалғыз келгеніңіз өтірікпе?

Қыз: Мен...мен алдын-ала орын іздеу үшін келдім.

Жігіт: Неге,именно,сіз іздейсіз?

Қыз: Өйткені...өйткені–олар маған қонақ.

Жігіт: Сонда басқа қаладан келгендер ме?

Қыз: Басқа ұлттың қыздары.

Жігіт: (таңдана)Міне,қызық!Украин қызы бар болар?

Қыз: Бар.

Жігіт: Ал,корей қызы ше?

Қыз: Ол да бар.

Жігіт:Шешен қызы ше?

Қыз: Бар.

Жігіт: Е,енді түсіндім.Сіз көп ұлтты қазақстандыққыздардың ішкі ассамблеясын құрғалы жүрген болдыңыз ғой?

Қыз: Тағы мазақ ете бастадыңыз.Мен сізге бар шынымдыайтып тұрсам...

Жігіт: Осындай көп ұлтты берік достық болады дегенге сену қиын...

Қыз: Ол сіздің ойыңыз.Ал,біз жас кезден біргеміз.Көпуақыттан бері...

Жігіт: Әрине,аракідік ұрысып та қаласыздар.Сен анаусың,мен мына ұлтпын деп...

Қыз: Тағы да мүлт кеттіңіз.Біз әлі күнге дейін ұлтымыздыайтып сөз таластырған жоқпыз.

Жігіт: Е,айтасыз-ау өтірікті!Мен сене қоятындай...

Қыз: Сенсеңіз де,сенбесеңіз де–осы. (сәл тоқтап)Сізнеге менің ашуыма тие бересіз? Өзіңіз қандай жігітсіз? Қызық екенсіз...

Осы кезде сахнаға Людмила шығады.

Людмила: Сізге аса қажет болса,мұнда орыс қызы да бар.

Жігіт: О-о,нағыз интернациональный топ екенсіздер.Сіздермен дос болу да аса қызық шығар, ә!

Людмила: Ойыңыз түзу болса,бізге де бөтен болмайтын-сыз. Жаны таза кісімен дос-жаран болуға әрқашан әзірміз.

Жігіт: Ендеше,  сіздерге  мен  көмектесейін.  Қай  жерді қалайсыздар? Айталық, жеке коттедж...

Людмила: Ол қызық емес.

Жігіт: Ендеше,бес қабатты санаторийдің жеке блогы...

Людмила: Ол да қызық емес.

Жігіт: (енді қалжыңдап)Бәлкім,сіздер таза ауада,ашықаспан астында емін-еркін жатып демалғанды қалайтын болар-сыздар?

Айшолпан: Осындай да қалжың бола ма екен?Сіз бізді кімдеп тұрсыз?

Жігіт: Ғафу өтінемін!Әзіл.Әзілімнің сиқы осы!

Людмила: (күле сөйлеп)Несі бар,жап-жақсы әзіл!Өзіңізептеп юморист екенсіз.

Айшолпан: Юморист емес,сайқымазақ демейсің бе!Бұндайжігіттерге күле қарасаң болды, аузына не келсе, соны айта салады (осыны айтып, бұлардың қасынан алыстап кетеді).

Жігіт: (ойлана)О,есіме түсті.Осында арнайы тігілгенАқбоз үй бар. Оның ішіне су кіргізілген, ваннасы бар. Қысқасы, барлық жағдай жасалған. Мүмкін, соған...

Людмила: (қуана)Мына ойыңыз қызық екен.Қазір менАйшолпанмен ақылдасып алайын. (оған жақындап сыбырлап) Мұнда бір қызық идея туды. Біз киіз үйге түссек қайтеді, а? Барлық жағдай қарастырылған. Келістік пе! (бұрылып.) Ал, әлгі Ақбоз үйді қайдан көруге болады екен, жас жігіт?

Жігіт: Оны көру еш қиын емес.Міне,мына телефон нөмірінеқоңырау шаласыз. (қағаз ұсынады) Арғы жағынан Би-апаның жұмсақ үні естіледі. Жағдайды айтасыз. Сонымен шаруа бітеді.

Людмила: Сіз ше?Өзіңіз бастап апармайсыз ба сонда?

Жігіт: Мен...қалаға жол жүріп барамын.Ертең ораламын.

Сіздерді сөзсіз тауып аламын. Ал, жақсы. Көріскенше!

Жігіт сахнадан шығып кетеді. Людмила жаңағы теле-фон нөмірін теріп болып, Айшолпанға береді. Арғы жағынан Би-апаның даусы естіледі.

Би-апа: Тыңдап тұрмын.

Айшолпан: Апай,мен қаладан келіп едім.Осында4-5күнге демалуға, қасымда бес қыз бар. А-а? Атың дейсіз бе? Менің есімім – Айшолпан. Қалада аяқ киім фабрикасында жұмыс істеймін. Сіз бізге Ақбоз үйді көрсете аласыз ба? Не дейсіз? Қай жерге? Түсіндім. Қазір жетемін.

Людмила: О-о,жаңағы жігіт қылжақбас,сайқымазақ біреуме деп ойласам, мүлде олай болмай шықты-ау! Айтқаны дәл келіп тұр. Бізді алдамапты.

Айшолпан: Қуануға әлі ерте.Әуелі сол мақтаған Ақбозүйді өз көзімізбен көрелік. Ал, жігітке баға беру ешқайда қаша қоймас. (сәл тоқтап) Мен осындай тілі мен жағына сүйенген жігіттерді онша ұната бермеймін. Әсіресе, мақтаншақ даңғой болса...

Людмила: Несі бар,қалжыңмен астарлап мақтанады екен. Ол да өнер...

Айшолпан: Ой,сен де...Сол жігіт өнерлі болса,ондақазақтың өнерінен де қадір-қасиет кете бастапты...

Людмила: Жарайды.Енді тездетіп жаңағы апаға баралық. Көрейік Ақбоз үйді... Жүр, жүр кеттік...

Сахна қараңғылана береді.

Екінші көрініс

Сахнада – әсем тігілген Ақбоз үй. Айналасында – көкпеңбек жасыл ағаштар. Ауа тап-таза. Әріректен бұлақ суының сыбдыры естіліп те қалады. Би-апа, Людмила мен Айшолпан сөйлесе, сахнаға шығып келе жатады.

Би-апа: О,тоба!Заман деген осы!Әлгі айтқан әңгімеден соңесіме қайдағы-жайдағылар түсіп кеткенін көрмеймісің.

Айшолпан: Есіңізге не түсті,апа?

Би-апа: Баяғы кез...соғыс жылдары.

Айшолпан: Қай соғыс,апа?Ауған соғысын айтасыз ба?

Би-апа: Оу,шырағым!Ауған дегенің күні кешегі соғыс емес пе! Мен Ұлы Отан соғысын айтамын. Қырып жіберді ғойхалықты. Өліп кетті ғой талай боздақ...

Людмила: Мен бір газеттен оқығанмын.Сол соғыстақазақстандық бес жүзден астам адам орден алып, Кеңес одағының батыры болып...

Би-апа: Қарағым-ай,кеудеге таққан қу темір не болады!Қыршынынан қиылмады ма талай-талай боздақтар-р...! Соны ойласам, осы күнге дейін жүрегім қарс айырылады. Менің екі ағам сол соғысқа сап-сау аттанып кетіп, із-түзсіз жоқ болды. Анашым болса өле-өлгенше сол екі ұлын келеді деп күтумен болды. Бірақ олар келген жоқ. Хабар да болмады.

Айшолпан: Апа,сіз жаңа соғыс жылдары осы қазақ жерінежер ауып келген шешен халқы туралы сөз бастап келе жатыр едіңіз?

Би-апа: Ой,бейшаралар-ай!Біздің ауданға келіп түскендеаш-жалаңаш, өңдері құп-қу, қарындары жабысып қалған...құбыжық бейне еді. Колхоз бастығы «ал, кімнің үйіне барадымына бейбақтар» деп дауыстады. Сол кезде бұл қазақ шіркін ешқайсысын да жатсынбады ғой, әркім екеу-екеуден, үшеу-үшеуден өз үйлеріне жетелеп кете барды. Біздің үйге бір кәрі шал мен жас қыз тиді. Өзіміздің де жағдайымыз аса мәз емес болатын.

Айшолпан: Олар кімдер?

Би-апа: Кәрі шал әкесі екен,аты–Маулади болатын,алжас қыз – Дилям кенжесі болып шықты. Ауыр да азапты жолда шал кемпірінен, екі бірдей ұлынан айырылыпты. Үйге келген соң тамақ берсек, өзінің тостағанын қызына ұсына береді. «Сен же, сен аман қалшы» деп күбірлейді. Анам «өзің де же» десе басын шайқайды. Көп ұзамай сол Маулади атай да көз жұмды. Оны үлкендер ауыл сыртына апарып жерлеп қайтты. Ал, Дилям... біздің үйдің бір мүшесі болып, менімен бір бөлмеде тұрып жатты. Екеуміз тату дос болып өстік.

Айшолпан: Қазақ тілін тез үйреніп алды ма?

Би-апа: Әрине!Өзі сондай алғыр қыз болатын.Сабақты даөте жақсы оқыды. Оқта-текте әкесін, шешесін, бауырларын ой-лап, жылап та алатын. Мен ондайда қалай жұбату сөздерін айтарымды білмей қиналатынмын (сәл тоқтап). Айтпақшы, Дилямның әкесі –Маулади атай көз жұмар алдында менің шешемді шақырып алып «осы қызым сізге аманат, егер қызым жыламай, бақытты болып өссе, ана дүниеде жатып та сізге деген алғысымды жаудыра берем, қазақ анасы, аманат еттім сізге-е» деп даусы дірілдеп барып, үзіле берген-ді. Атайдың сөзін естіп тұрып мен де көзімнің жасын сығып алғаным есімде.

Айшолпан: Сосын не болды,апа?

Би-апа:Шешен қызы менімен бірге есейді.Мен ішкен астыішті, мен киген киімді киді. Бойжетті. Сосын оны анам өз қолымен көрші ауылға тұрмысқа ұзатты.

Людмила: Ол кісі әлі бар ма?Тірі ме?

Би-апа:Тірі.Үш-төрт бала тапты.Өзі маған жиі-жиі хабарласып тұрады (сәл тоқтап). Бір күні Дилям маған ба-зарда кездесіп қалды. Даусында діріл бар, сөздері жуыспайды. Тұрмысқа шыққалы бері бұлай әбіржіп сөйлегенін көрген емеспін. «Апам қайда?» деді маған. «Жұмыста жүр» дедім. «Апам екеуің біздің ауылға келіп кетесіңдер ме!» деді. Мен түкке түсінгем жоқ. Апама соны айттым. Апам «қой, барып келейік, бір келеңсіз жағдай болып қалған ғой» деп жолға жиналды. Мен де ере шықтым.

Айшолпан: Сіз де бірге өскен құрбыңызды сағынып қалғанболарсыз?

Би-апа:Ол да бар.Ол ғана емес, «бірдеңе болып қалды-ау»деген сөзге зәрем ұшты. Содан әлгі ауылға келсек, Дилямның ұлы мен көрші үйдің баласы қызыл шеке болып төбелесіп қалып,арты салалы дау-дамайға ұласыпты. Екі үйдің арасында от тұтана жаздап тұр екен. Апам келген соң, көрші үйдің үлкен кісісін қол қусырып шайға шақырды. Шәй үстінде мән-жайға қанықты. Сөзінің соңында былай деді: «Уа, замандас, екі бала білместік қылған екен, артық-кем сөз кеткен екен арада! Сіз бен біз ауызбіршілікті ойлайтын жастағы кісілерміз ғой, бір пәтуаға кел-сек қайтеді?». Ана кісі сөзшең екен, ол айтты: «Мына қызыңның ұлы өте бұзық, нағашыларының қанына тартқан ба, менің балама күн көрсетпей барады». Сонда апам айтты: «Жоқ, замандас, сен дұрыс айтпадың, бұл келіндерің – Дилямның күйеуі ғана қазақ емес, өзі де қазақ, өзін бала күнінен мен бауырыма бастым, ендеше ол неге бізге бөтен болады, сіз бұл сөзіңізді қайтып алыңыз». Сонда ана кісі көшелі сөзге бірден тоқтады, ары қарай дау шығармады. «Рас, тым артық сөйлеппін, оны айтқым жоқ еді, менің балам Дилямның ұлына «сенде шешеннің қаны бар» деп айтып қалыпты, бар төбелес содан тұтаныпты. Осы шаруа-ны бүгін, тап қазір шешіп кетіңіз өзіңіз (сәл тоқтап). Сол күні бар шаруа шешілді. Екі жақ татуласты.

Людмила:Апа,сіз сонда Дилямды өз сіңліңіздей көріпкеттіңіз бе? Оны іздеген туыстары болмады ма?

Бипа:Неге іздемесін!Арада біраз жыл өткенде Шешен-станнан бір топ кісілер келді. Дилямның әкесі – Мауладиді сұрады. Менің анам ол кісінің біздің үйде жатып, ауыр науқастан қайтыс болғанын айтты. Сосын қайда жерленгенін сұрап, басына барып қайтты. Ал, елдеріне қайтар кезде Дилямды ала кетпекші болған еді, Дилям менің апамды қатты құшақтап алып, айырылмады. Көз жасын көл етті.

Айшолпан:Сіздерге әбден бауыр басып қалған екен ғой,ә!

Людмила:Әрине,қай заманда да туған туыс емес,бағып-қағып өсірген туыс болып кетеді.

Би-апа:Өте дұрыс айттың,қызым!Кішкентай шаранағаұлттың да, басқаның да түкке қажеті жоқ. Оған тамағы тоқ, көңілі көтеріңкі болып жүрсе жетіп жатыр.

Айшолпан: Апа,менің бір құрбым–Қызылорда жақтан.Ұлты – кәріс. Сол айтады: баяғыда 30-жылдары оның аталары Қызылорда жеріне жер ауып келіпті. Өздері тілді де білмейді екен. Ал, Қызылорда халқы тек қазақша сөйлейді. Сонда тіл білмесе де жергілікті халық кәрістерді өз үйлеріне кіргізіп, төрінен орын беріпті.

Би-апа: Ондай жағдай біздің елде де болған,қарағым.Меніңанам айтып отырушы еді: «Қарағым, осы ауылда тұрып жатқан кәріс те, шешен де, әзірбайжан да, орыс та, тағы басқа ұлттардың арғы тағдыры аянышты. Олар өз еркімен келген жоқ, уақыттың, саясаттың салқыны тиген жандар. Сендер оларға сый көрсетіп, аса зор құрметпен қарай біліңдер!» дейтін.

Людмила: Сіз мектепте оқығанда әртүрлі ұлт өкілдері болдыма, апа?

Би-апа:Әрине!Біз,бірақ ешбірінің көңіліне тиген жоқпыз.Тату-тәтті өмір кештік. Тіпті осы күнге дейін татумыз.

Айшолпан: Апа,осы ұлтқа бөлінісуді кім ойлап тапқан?Адамды алалап-бөлу, бірін жоғары, екіншісін төмен қою, міне, осыдан бастау алып жатыр.

Би-апа:Жоқ,қызым!Адамдардың арасына сына қағып,ара-жігін ажырататын ұлттық белгісі емес, ақыл-ойдың таяздығы. Біз соғыс жылдары да, одан бергі кезде де ұлтқа бөлініп көрген жоқпыз. Қазақтың кең жайлау көңілін қай ұлтқа да ұсына білдік. (сәл тоқтап)Ал,бірақ ақыл таяздығы–кез-келген елдіңкісісіне тән құбылыс. Барлық ұлтта өте ақылдылар бар, сонымен бірге ойы өз бойынан аспай жататын ергежейлілер де кездеседі. Оларға не дейсіз!..

Айшолпан: Адамдардың өмірге келуі,өсіп-өнуі бәрі дебірдей. Ендеше неге адамдар арасында алалық сақталып қалып отыр? Әсіресе, қазақта...

Би-апа:Ала-құла мінез кімге,қай ұлтқа тән емес.Ендешеқазақ неге бұндай салалы кеселден тыс қалады екен, а?

Айшолпан: Өстіп-өстіп қазақ қазақтығын жоғалтып,елдікбейнесінен де мүлде ажырап бітетін шығар. Осыдан қорқам.

Людмила: (сөзге араласып)Қазақ қазақтығын жоғалтып барады деген сөзіңе мүлде қосылмаймын. Мүмкін қазақ жаңа заманға, жаңа уақытқа бейімделіп бара жатқан шығар.

Айшолпан: Бейімделу емес,еліктеу!Біздің қазақ о бастанеліктегіш-солықтағыш!

Людмила: Бұл ойыңмен де келісе алмаймын.Маған қазақжігіттерінің алғырлығы, ой ұшқырлығы ұнайды. Тіпті таң қаламын.

Айшолпан: Таң қалатындай не ерлік жасап қойыпты осы қазақ жігіті...

Людмила: Байқайсың ба,осы күнгі жас жігіттер саясаттасұңғыла! Мамандық таңдауда – өте көреген. Ал, тіл мәселесіне келсек – қазіргі жас жігіттер ағылшын тілін өз ана тіліндей меңгеріп алды. Емін-еркін сөйлесіп кете алады.

Айшолпан: Ерлігі осы ма!Жоқ,бұл ерлік емес!Бұл–жылтеткенге жалп етушілік! Мұның аяғы – құрдымға апаруы да әбден мүмкін... Менің күдігім-м...

Би-апа: (сөзге араласып)Адамдардың бәрі бірдей екені рас.Алайда, әр ұлттың өз ерекшеліктері де болады. Өмір соны-сымен қымбат. Айталық, кең далаға шықсаң әртүрлі гүлдерді көресің, сол гүлдердің түсі де, исі де бірдей болса, онда көңіл қуантып, көз тартпас еді.

Айшолпан: Апа,менің бір құрбым шетелдік жігітке тұрмысқашығып, сол жаққа біржола көшіп кетті.

Би-апа: Ойбай-ау,ол қыз қай елге кетті?Алысқа ма?

Айшолпан: Грекияға.

Би-апа: Е-е,бағы жансын бейбақтың!Өз елінен өзі қашқандайболған екен де. (сәл тоқтап) Қыз бала – болашақ Ана! Ал, Ана деген өз еліне қалқан болуды ойламас па!

Людмила: Апа,мен Айшолпанға осыны айтам.Ал,ол мағанылғи қарсы шыға береді. Жаһандану деп, тағы басқа деп...

Айшолпан: Заман жаңарған сайын адамдардың пейіл-ниетімүлде өзгеріп бара жатқаны өтірік пе? Қазақ қазақтығын, орыс та орыстығын жоғалтуға әзір екенін байқамайсыз ба? Сезбейсізбе?

Би-апа: (сөзді бөліп)Адамзат жаратылғалы қаншамағасырлар өтті. Сонда да қара жер аман, тіршілік жалғасуда. Әрине, әр кезеңнің өз қиыншылықтары мен әурешіліктері бола-ды. Оны трагедияға айналдыру – ақылдының ісі емес. Өмір деген – күрес.

Айшолпан: Менің түсінгенім–осы күнгі қазақ жігіттеріқасиет деген ұғымнан мүлде жұрдай. Оларға сене бермеймін. Күдігім басым болып жүр. (сәл тоқтап) Шетел асып

кеткен қаракөз қыздардың соңынан ат айдағанша, жігіттер бір сәт өздерінің де қолақпандай кінәсін ойлап қоймай ма?

Би-апа:Қыз бала–ұлттың байлығы.Ұлттың болашағысол болашақ Аналарға тікелей байланысты. Ендеше, қаракөз қыздардың шетел асуы – аса ақылды шаруа бола қоймас.

Айшолпан: Ал,өз елінде қалса...не істесе де бәрібір ме?

Би-апа: Шама келсе,шырағым,қазақ қызы қазақ жігітіне тұрмысқа шыққаны абзал. Арғы жағын қайдан білейін...

Айшолпан: Осы күнгі жігіттерде сезім жоқ.Сөздері дөрекі.Ал, басқа ұлттың жігіттері...

Би-апа:Қазақ жігіттері,мүмкін,сені солай жақсы көретінболса ше?

Людмила:Міне,апа,мен де соны айтамын.Айшолпанғатүсіндіре алмаймын.

Би-апа:Мен сендерге бір сыр айтайын.Ақыл қойып тыңдапалыңдар. Ертеректе, Дилям екеумізге екі бозбала көз салды. Жап-жас кезіміз. Сол екі бозбала киноға шақырады, биге бара-мыз. Бір күні менің қасымдағы жігіт маған дөрекілеу сөз айтып қалғаны. Бетінен салып жібердім де, үйге кетіп қалдым. Ал, Дилям... ана жігітпен ұзақ дос болды. Ақыры тұрмысқа шықты. Кейінірек сұрасам, ол айтады: «Бұл жігіт маған талай рет өтірік те айтты, жанымды ауыртатын сөздер де болды, тіпті қолымды қысып, тәнімді ауыртқан кездерді де болған, бірақ мен оның жүрек лүпілін ұқтым, ол мені бәрібір сүйетін еді». Мен сол әңгімені тыңдап отырып өзімнің үлкен қателік жасап алғанымды сездім. Бірақ айтпадым. Ішімде сақтадым. (сәл тоқтап) Сендерге де айтарым – қолда барда алтынды қадірлей біліңдер. Әр нәрсе – өз кезінде қадірлі...

Сахна қараңғылана береді.

Үшінші көрініс

Ақбоз үйдің жаны. Людмила мен Айшолпан сөйлесіп отырады.

Людмила: Апа қандай мейірімді жан.Көргені мен түйгеніөте көп екен. Мұндай кісілердің жаны таңғы шықтай таза болып келеді.

Айшолпан: Байқайсыз ба,екеумізді де өз қызындай көріп,тіпті бауырына тартып әкетті.

Людмила: Сөйлеген сөзінен менің анамның мейірімді мінезі

көрініп тұрғандай болды. Анашымды сағынып жүр едім...

Айшолпан: Айтпақшы,біздің қыздарға мына киіз үй ұнайма?

Людмила: Ұнайды.Қайта қуанады.

Айшолпан: Дегенмен оларға телефон соғып,ескертіпқоймаймыз ба?

Людмила: Жоқ,келген соң бір-ақ көрсін.Сонда қызық болады. Бәрі естерінен танып қалады сонда, ауыздарын ашып...

Осы кезде сахнаға Ақ қалпақты жігіт шығады.

Ақ қалпақты жігіт:Гуд дей!Ауыздарын ашып,аңқиыпқалған ол қандай аңқау жандар, а? (күледі)

Людмила:Ой,бұл сіз бе?Сіз...қалаға асығып кеткен жоқпа едіңіз?

Ақ қалпақты жігіт:Жарты жолдан кілт бұрылдым.Сіздерді қия алмай...

Айшолпан: Өзіңіз өтірікті ойланбай айта салады екенсіз...

Ақ қалпақты жігіт:Имандай шыным!Автобусқа мініптұрып, қайта түсіп қалдым. Көңілім құлазып кетті.

Людмила: Мына киіз үйді табуға көмектескеніңіз үшін көпалғыс айтамыз, әрине!

Ақ қалпақты жігіт: Кісіге көмектескенді жаным жақсыкөреді. Әттең, сол жақсылық ісіңді түсінетіндер бар да, түсінбейтіндер де көп.

Айшолпан: Жақсылықты есеппен жасамайды.Оныміндетсінуге де болмайды. Есептесу – есті жанның әрекеті емес.

Людмила: Сіз кісіге өте көп жақсылық жасаған адамсияқтысыз?

Ақ қалпақты жігіт: Көп дей алмаймын...бірақ...жақсылықжасадым.

Айшолпан: Қашан?Қандай?

Ақ қалпақты жігіт: Мысалы,сіздерге...

Айшолпан: Бұдан басқа қандай жақсылық жасадыңыздеймін?

Ақ қалпақты жігіт: Оны айта беруге болмайды.

Айшолпан: Неге?

Ақ қалпақты жігіт: Жаңа ғана сіз айттыңыз ғой.Жақсылықтыміндетсінбеу керек деп... (сәл тоқтап) Айтпақшы, мен сіздерді көлге шақыра келдім. Қайық әзірлеп қойдым.

Айшолпан: Біз құрбыларымызды күтіп отырмыз.

Ақ қалпақты жігіт: Олар түс ауа келеді емес пе!Оған дейінтұп-тура жарты күн бар ғой. О кей! Келістік пе?

Айшолпан: Ешқандай о кей емес!Құрбыларсыз еш қызықболмайды.

Людмила: Несі бар,бірер сағатқа барып қайтсақ ше?

Ақ қалпақты жігіт: Міне,ақылды сөз!

Айшолпан. Менің ықыласым жоқ. (сәл бөгеліп)Әлгіндегіақылгөй апаның айтқан терең мағыналы сөздері әлі де көкірегімді ашытып тұр.

Ақ қалпақты жігіт: Ол кісі қандай ауыр сөз айтты?Сіздіңкөңіліңізді қалдыратындай қандай кермек сөз ол, ә!

Людмила: Жо-жоқ,біз туралы емес,өткен өмірі туралы...

Ақ қалпақты жігіт: Е,  түсіндім.Ұлы  Отан  соғысы жылдарындағы оқиға. Жер ауып келген өзге ұлт өкілдері...

Айшолпан: Оны қайдан біле қойдыңыз?

Ақ қалпақты жігіт: Білемін.Мен де естігенмін.

Людмила: Өзіңіз өткен тарихты бір кісідей білетін сияқтысыз.

Ақ қалпақты жігіт: Менің мамандығым–тарихшы.

Кітаптарды да көп оқығанмын. Айталық, біздің қазақ топырағына баяғыда-а жапондар да келіп тұрақтаған. Ол аз десеңіз, біздің елге әзірбайжан, тәжік, түркімен де келіп паналаған. Ол аз десеңіз... татарлар, башқұрттар...

Айшолпан: (сөзді бөліп)Мақтаншақтау сияқтысыз...

Ақ қалпақты жігіт: Неге олай дейсіз?

Айшолпан: Білетініңізді көрсеткіңіз кеп тұрады екен.

Людмила: Айшолпан,сен олай деме.Бұл жігіт шынымен

тарихты көп білетін сияқты. Сіз маған орыс пен қазақ достығы туралы айтып беріңізші, а?

Ақ қалпақты жігіт: О-о,орыс-қазақ баяғыдан дос емес пе!Тіпті бізді енді ешкім де ажырата алмайтын шығар.

Людмила: Ал,тарих?

Ақ қалпақты жігіт: Тарих дейсіз бе?Тарих–тым терең.Оны бір сәтте айтып тауысу еш мүмкін емес. Біздің достық қарым-қатынасымыз туралы бір ауыз сөзбен былай деуге болады.

Біз тағдыры баяғыдан араласып кеткен көрші елміз. Тағдырдың араласып-астасып кетуі деген – тамырлас туыстықтың бастауы деген сөз.

Айшолпан: Ал,біле береді екенсіз,онда айтыңызшы?Осықазақтың қаны кімге жақын деп ойлайсыз?

Ақ қалпақты жігіт: Бұны ғалымдар өмір бойы зерттеп кележатыр. Солардың жазуына қарағанда бізбен қан жағынан ең жақын халық – қызық болғанда жапондар болып шығыпты.

Людмила: Таң қаларлық жағдай екен.Ал,түріктер қайдақалады?

Ақ қалпақты жігіт: Түріктер–өз туысымыз ғой.Олардыңарғы аталары осы қазақ жерінен көшкендер. Сосын да түріктер біздің елді Атажұрт санайды.

Айшолпан: Сіз...тым сөзуар болуды ақылдылықтың бір саласы деп ойлайсыз-ау шамасы...

Людмила: Айшолпан,саған не болды?

Ақ қалпақты жігіт: Енді үндемейін онда.Аузын буған өгіз болайын...

Айшолпан: Ол енді ақылдылық.

Людмила: Айшолпан,сені түсіне алмай барамын.

Ақ қалпақты жігіт: Бірақ,мен жақсы түсіне бастағандаймын.Сөйлесін, айта түссін тағы да.

Айшолпан: Тағы не айтуым керек?

Ақ қалпақты жігіт: Айталық,сізге бір жапон жігіті ғашық болып қалса...

Айшолпан: Олай болуы мүмкін емес.

Ақ қалпақты жігіт: Мысалы деймін!Мысал деген бола-ды. (кішкене тоқтап) Сол жапон жігіті өлердегі сөзін айтса, сүйем-күйем десе...

Айшолпан: Бұл–бос қиял!

Ақ қалпақты жігіт: Тіпті көнбей бара жатқаныңызды сезіп,«Енді өзіме-өзім қол жұмсаймын, бұлай тірлік кешкенше өлемін» десе...

Айшолпан: Онда шын ақымақ болғаны!

Ақ қалпақты жігіт: Өле берсін бе?

Айшолпан: Кім?

Ақ қалпақты жігіт: Әлгі жапон жігіт...

Айшолпан: Оны мен көрген жоқпын ғой.

Ақ қалпақты жігіт: Қиялдағы жапон жігітін айтам.

Айшолпан: Өмір қызық болмаса,оған мен не істей аламын? Өзі шешсін.

Ақ қалпақты жігіт: Жоқ,оның ендігі тағдыры сіздіңқолыңызда екенін ұмытпаңыз.

Айшолпан: Осы сізге...мазақ керек пе?

Ақ қалпақты жігіт: Е-е,сізді түсіндім.Сіз...мөлдір махабатты аялай білмейтін сияқтысыз. Бұл деген... бұл енді...

Айшолпан: Мен шаршадым.Демалғым келеді. (ол сахнаданшығып кетеді)

Людмила: (жігітке)Сіз оған ренжімеңіз.Аздап шаршаған ғой. Әйтпесе, өте ақылды, жақсы қыз...

Ақ қалпақты жігіт: Нағыз ақылды қыз мына сіз сияқтысыз?

Людмила: (күліп)Мен Айшолпаннан кейінгі ақылдымын.

Ақ қалпақты жігіт: Онда жеке серуендеуге қалайсыз?Таза ауада...

Людмила:  Көңіліңіз  қалап  тұрса,  серуендейік.  Тек  көп уақытқа емес...

Ақ қалпақты жігіт: Келістік.

Людмила: Айтпақшы,менің сізден сұрайтындарым да бар.(сәл тоқтап) Осы Бурабайда біраз ұлт өкілдері тұрады екен. Айтыңызшы, бәрі де тату-тәтті ме?

Ақ қалпақты жігіт: Ешқандай кикілжің жоқ десем өтірікболады. Ара-тұра келіспей қалушылық кездеседі әрине. Мы-салы, мен мектепте оқып жүргенде бір кәріс баламен төбелесіп қалдым. Оның мұрны қанады, менің құлағым...

Людмила:Содан?Аяғы немен бітті?

Ақ қалпақты жігіт: Менің анам ақылды кісі ғой,кәрісбаланың шешесімен кездесіп, бірге шәй ішіп, ақыры екеумізді достастырып жіберді.

Людмила: Қазір де араласып тұрасыздар ма?

Ақ қалпақты жігіт: Әрине.Тату доспыз.Маған анамныңбір сөзі қатты әсер етті. Ол кісі былай деді: «Біз, балам, өз еліміздеміз, ал олар-қонақтар! Қазақ қай кезде қонағына күш көрестіп, жұдырық түйіп еді, а? Осыны ылғи да есіңде ұста!»

Людмила: Қандай әдемі айтқан.

Ақ қалпақты жігіт: Апам тағы бірде былай деді: «Ұлт пенұлт татуласса, ол елде береке болады. Ал, енді ұлт пен ұлт шекіссе, ол елдің шаңырағы шайқалады, басқалар оларға күледі, сыртынан мазақ етеді.»

Людмила: Өте ақылды сөз екен.Анаңыз тереңнен ойлайбілетін кісі болды ғой.

Ақ қалпақты жігіт: Тағы бірде айтты: «Әр ұлт өзінше ұлы!Оны қадірлей білу – әркімнің парызы. Егер ұлтты менсінбей, аяққа таптағысы келгендер болса, олар түбі опық жейді. Өзінің теріс пиғылының торына қамалып, қорлықпен өтеді».

Людмила: О-о,сіздің Анаңыз өте ғажап кісі екен.Таныстырасыз ба?

Ақ қалпақты жігіт: Әрине.Таныстыруға уәде етемін.

Сахна қараңғылана береді.

Төртінші көрініс

Сахнада ыңылдап әндетіп, Би-апа әлдебір ой үстінде отырады. Осы кезде оның жанына екі қыз – Людмила мен Айшолпан келеді.

Айшолпан: Сіздің әңгімеңізді тыңдай бергім келеді,апа!Әйтпесе осында жүр өңшең ақылдысымақтар... бәрін біле беретіндер-р...

Людмила: Қойшы енді,Айшолпан!Сені бүгін мүлде таниалар емеспін.

Би-апа: Қыздарым-ау,сендерге не болған?Бурабайға кел-мей жатып әлдекімдер ренжітіп үлгерген бе?

Людмила: Жо-жоқ,апа!Бәрі де дұрыс...Айшолпан аздапшаршаған ғой. (сәл тоқтап) Сіздің жаныңызда отыра тұрсақ бола ма?

Би-апа: Әрине!Жер жетеді.Бурабай кең.Мұнда орыс та,кәріс те, неміс те – бәрі тұрып жатыр. Сырттан келіп демалу-шылар қаншама! Келіңдер, отырыңдар жаныма.

Айшолпан: Апа,мен жақында корей елінің бір фильмінкөрдім. Сонда байқағаным – олардың жігіттерді өте батыл ғана емес, ең бастысы – ұлтшыл. Қыздары да сондай. Ал, бізде жігіттер – жалтақ, қыздар – қызылшыл...

Людмила: Сен тағы да бастадың ба?

Би-апа:Оқа емес.Ой саларлық әңгіме!Мені де ойландырыпжүрген сауал бұл. (енді Айшолпанға) Сол қазақ жігіттері неге жасық, ез болып барады? Соны ойлап көрдің бе?

Айшолпан: Ойладым.

Би-апа:Ал,айтшы ендеше білгеніңді?

Айшолпан:Біз ұлтты шын сүйе алмайды екенбіз.

Би-апа:Бұл дәл жауап емес.Бұнымен құтылам деп ойлама.

Людмила: Мен де айтамын.Қазақ жігіттері жасық емес, бүгінгі заманға ылайық болып қалыптаса бастады деймін.

Айшолпан: Сөзімді дәлелдейін.Біздің жігіттер өз елінің тарихын білуге аса құштар емес. Біздің жігіттер өз халқының салт-дәстүрлеріне пысқырып та қарамайды. Біздің елдің жігіттері өз тілін өздері табанға салып...

Би-апа: Енді жігіттер неге солай болып өсті деген сауалғажауап ізде. Менің ойымша, қазақ қыздары өз беделін өздері түсірді. Намысты аяқ асты етті. Ал, намысы жоқ бойжеткені көп елдің жігіттері де намысшыл болмайды.

Айшолпан: Тағы да қыздар кінәлі ме?Тағы да біз...

Би-апа:Қанша ренжісең де–бар шындық осыған саяды.Ұлтты ұлт етіп ұстап тұратын – ең алдымен Аналар. Анасы тасжүрек, сезімсіз, парықсыз елдің болашағы қандай?

Людмила:Осының бәрі де тоқтықтан.Баршылықтан.Неішем, не кием деп бас қатырмаудан...

Айшолпан: Одан да емес.Елдің рухы мүлдем төмендеуінен...

Би-апа:Мына сөзіңнің жаны бар.Кешегі қиын-қыстаукүндерде де ел екенімізді ұмытпай, тіпті өзге халықтарға да қол ұшын соза білген жұрт емес пе едік. Ал, қазір... қазір бордай тозуға бейім бола бастаппыз. Ұлда – ұят, қызда – қылық жоқ...

Людмила:Біз неге сондай болып барамыз,апа?

Би-апа: Ар-ұяттың аяқ асты болуы өте қауіпті зат.Осы күніойласам... (тоқтап, ойланып қалады) Осы күні ойласам – сол баяғы кездегі адамдардың тазалығы, ізгілігі өте жоғары екен-ау деген түйінге келем. Соғыстан соңғы ауыр жылдар әлі есімде. Елде егін ектік, астық жинадық. Қазақ па, орыс па, неміс пе – оған ешкім де көңіл аударған жоқ. Бір күні менімен бірге егін жинасып жүрген орыс қызының аяғы ауыр болып қалғанын бүкіл ел-жұрт білді. Сол сәтте егіс бригадирі көптің ортасына салып, «Ау, ағайын, мына бала балалық жасап қойыпты, енді болашақ сәбиге әке керек, сендер қарсы болмасаңдар, бұл қызды ана әйелі өлген Қармысқа қосайық» деді. Бәрі соны құп көрді. Бір қызығы – орыс қыз да бұған қарсы болмады.

Людмила: Ал,біздің фабрикада істейін бір қазақ қызыаяғы ауыр болғанын бізден жасырып жүріпті де, босана сала перзентханаға қалдырып, өзі қашып кетіпті.

Айшолпан: Менің бір танысым белгісіз бір еркектен ұл тап-ты. Енді жалғыз өзі өсіріп жатыр. Ал «Туу туралы куәлікте» әкесінің аты да, заты да жоқ.

Би-апа:О,тоба!Бұл не заман болып барады.Е,аяғын тәуірете гөр, жаратқан-н...

Айшолпан:Апа,біз еліктегіш-солықтағыш халық екенімізөтірік пе? Айтыңызшы, Кеңес өкіметі орнаған соң өз тілін ұмытып, дереу орысшаға жалп ете қалған кім? Қазақ! Айтыңызшы, Кеңестік саясат дегенді желеу етіп, өзінің салт-дәстүрін, тіпті дінін мансұқ еткен халық кім? Қазақ! Ал, тың игеру жылдарында жерімізге келген түрлі ұлт өкілдерінің жақсы әрекеттерін емес, жаман әдеттерін бойға сіңіріп алған халық ше? Ол да қазақ қой! Болмаса кешегі бір жылдары...

Би-апа:Қызым,сен тым қатты кетіп бара жатқан жоқсың-ба? Еліктегіш-солықтағыш мінез тек қазаққа тән бе екен? Көп ішіндегі азды бадырайтып айтып, барша халыққа қиянат жасама!

Людмила:Рас,апа!Ел ішінде жақсылар да өте көп.

Айшолпан:Аз болса жақсы-ау сондайлар!Көп қой...Кешегі 37-жылдары өзін-өзі ұстап бергендер де сол қазақ... Өзіне-өзі көр қазған да-сол қазақ...

Людмила:Тоқташы енді,Айшолпан!

Айшолпан: (кіжіне)Осы әлгінде бір жас жігіт келіп,өзінше ақылсынып...

Людмила: Айшолпан,ол туралы сөз қозғама демедім бе?

Айшолпан:Айтса ше?Ол кім сонша?Несіне жақтайсың?

Би-апа:Басым ауырып кетті,қыздарым!Мен демалайын.Ертең де күн бар...

Сахна қараңғылана береді.

Екінші бөлім Бесінші көрініс

Тамылжыған мамыр айының бір күні. Табиғат әсем кейіпте, төбеде күлімдеп күн шығып тұр. Құстар сайрайды. Айнала сыңсыған ағаштар: шырша, қарағай, қайың, т.б. Сол әсем табиғаттың тап ортасында көз тартарлық Ақбоз үй. Сырт әшекейі ерекше! Қарай бергің, қарай бергің келеді!

Міне, осы Ақбоз үйге күле сөйлесіп бес қыз тақап келе жатады. Өздері ерекше көңілді. Біреуі ыңылдап ән салып та қояды.Үстіндегі киімдерінен-ақ байқауға болады, әртүрлі ұлттың қыздары бұлар.

Айшолпан: Қыздар,әлі де болса ойланып,басқа жерге көшіпалармыз, а! Осында не көп, қонақ үй көп. Жатуға жайлы дегендей...

Людмила: Қонақ үй,санаторийлерді кім көрмей жүр?Бәріміз де болғанбыз. Бұл жолы ерекше демалыс жасауы-мыз керек. Қазақтың киіз үйінде... (сәл тоқтап) Әлгіндегі ақ қалпақты жігітті ойлап келемін. Өзінің мінезі мүлде бөлек, ешкімге ұқсамайды.

Венера: Мен үйде сақтаулы тұрған,баяғыда-а украинқыздары киген ескі ұлттық киімді ала келдім. Соны киіп алып, мына киіз үйдің тап алдында бұратыла билеп тұрсам, ә!... (тамсанады)

Бахаргүл: Мен сендерге қыздар,білесіңдер ме,өзбекхалқының сүйікті асы – палау жасап беремін. Дәмі таңдайдан кетпейтіндей палау...

Лариса: Сол палауға ең керегі–ақ күріш қой.Ал,сондайдәмді күріш өсіруді қазақ топырағына алып келген – кәрістер. Менің аталарым...

Бахаргүл: Жо-жоқ,мен келіспеймін.Күріш егуді өзбектерәлдеқашан-ақ білген. Біздің өзбек жерінде....

Лариса: (сөзді бөліп)Қазақ жеріндегі күріш өсіруді айтыпжатқан жоқпыз ба!

Бахаргүл: Қазақ топырағында менің қандастарым баршылық,өзбектер баяғыдан бері тұрады. Мысалы, Түркістан, Сайрам, Жетісай... жақта!

Айшолпан: Қазақстанды әлемдегі ұлттардың басым бөлігі өзОтаны санап, бақытты тұрып жатыр. Қазақтың қонақжайлылығы, бауырмалдығы туралы сөз бастасам, мені тоқтата алмай қаларсыңдар (күледі).

Бахаргүл: Ой,шіркіндер-ай,енді осы жерде қай ұлт жоғары,қайсысы мықты деген мәселені талқылап тұра береміз бе, а? Сол үшін келдік пе осы Бурабайға?

Венера: Соны айтамын да!Бәріміз бос сөзге құмармыз.Менің анам «Ақылы жоқ кісі езбе келеді» деп көп айтушы еді.

Людмила: Ал,киіз үйге кірмейміз бе?Бұл енді біздіңшаңырағымыз болады.

Венера: (қуақылана)Уақытша шаңырағымыз де!Людмила: (жалт қарап)Уақытша шаңырақ деген болмайды. Қай шаңырақта тіпті бір күн жайлы түнеп шықсаң, ерекше ыстық ұяң сол.

Лариса: Дұрыс айтасың.Тап солай.Қазақстан деген алыпшаңырақ осы күні барлық кәрістерге ортақ үй. Қимас Отан. Жүрегімізге ыстық...

Венера: (Ларисаға қарап)Оны маған қарап емес,анаБахаргүлге қарап айтсаңшы.

Лариса: Е,неге?

Венера: Бахаргүл,өзің білесің,соңғы кездері жиі-жиі Таш-кентке жолаушылап кетіп қала береді емес пе?!.

Бахаргүл: (жалына сөйлеп)Қыздар,менің ет жақын туыс-тарым Ташкентте тұрып жатыр. Соларды іздеп барып қайтсам да кінәлімін бе? Тасбауыр емеспін ғой?!.

Венера: Іздесек,бізде де ағайын табылады.Туыс кімде жоқ?

Людмила: Сендерге не болды?Алты күнге демалуға келіп едік, алғашқы күні-ақ айтыса бастадыңдар ма?

Бахаргүл: Е,мен жәй...туыстарым есіме түсіп...

Венера: Қойдық,қойдық.

Айшолпан: (киіз үйдің киіз жапқыш есігін көтеріп)Ішке өтіңдер, құрбыларым! Қазақтың киіз үйіне қош келдіңдер!...

Қыздар бірінен соң бірі ішке өте бастайды. Соңында Айшолпан мен Людмила кідіріп қалады.

Людмила: (киіз үйдің сыртқы көрінісіне қызыға қараптұрып)Бұның есігі түнде жабыла ма?Түн қорқыныштылауболатын шығар? Бірақ ақ қалпақты жігіттің сөзіне сенсек...

Айшолпан: (күліп) Ақ қалпақты жігітті аузыңнан тастамай-тын болыпсың ғой, ә! Әй, қу қыз... Есіктің сырты киіз болса да ішінде ағаш есік бар. Ағаш есіктің ілгегі болады. Оны кез-келген кісі сыртынан жұлқып аша алмайды.

Людмила: (төбеге қарап)Ал,ана...шаңырағы ашық тұрама?

Айшолпан: Оны күндіз ашып қоямыз.Ал,түнде...жабықболады. Демек, ешқандай ұшатын құс та төбеден сығалай алмайды.

Людмила: (ойлана)Мен жас күнімде осындай киіз үйдемейірім қанып ұйықтағанмын. Есіме түсіп тұр. Ауасы қандай еді, шіркін!

Айшолпан: Осы ойды бастаған өзің ғой.Әйтпесе,қонақ үйге барсақ та...

Людмила: (сөзді іліп әкетіп)Сол бала күнгі елес-сурет көзалдымнан кетпейді. Киіз үй ішіндегі ішкен ас, естіген ән, тәтті ұйқы...

Айшолпан: Тағы не естідің?Тағы қандай әсерлер ойдақалды?

Людмила: Орал қаласының түбіндегі кішкене ауыл болатын.Әке-шешем ертіп барған-ды. Сол күнгі түн ұзақ-қ болды. Тек ән тыңдағам жоқ. Қаншама қызғылықты әңгіме естігем. Әсіресе қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері...

Айшолпан: Сен сонда бала күніңнен қазақ тілін жетік білушіме едің?

Людмила: Енді қалай!Мен қалада өссем де,қазаққыздарымен өте тату-тәтті дос болдым. Олар маған қазақша сөйлеуді сол кезде-ақ үйретті. Әсіресе, ана бір қыз...

Айшолпан: Ол кім еді?Қай қыз ол?

Людмила: (ойлана)Оның аты-Мөлдір.Мен«Молдир»десем, ол ренжіп «Мөлдір» деп дұрыстап айт дейтін. Ұлт туралы әңгіме айтқанда ойыңа қозғау салып, көңіліңді толқытып жіберетін. (сәл тоқтап) Сол Мөлдірге Оралдағы бір орыс жігіт ғашық болды.

Айшолпан: Сосын қайтті?Екеуі үйленді ме?

Людмила: Жо-жоқ!Мөлдір өте ұстамды,салмақты қызболатын. Ол орыс бозбаланың бетінен алып, көңілін де қалдырмады, бірақ тұрмысқа да шықпады.

Айшолпан: Сонда қалай?Қалай түсінуге болады?

Людмила: Орыс жігітімен сөз жарастырып жүргенін

Мөлдірдің әке-шешесі естіп-біліпті. Сыпсың сөз жерде жата ма? Сосын «бұның қалай?» деп туған әкесі қызына ренжи сөйлеп, қыспаққа алса керек. «Сен өз қандасыңнан ұнататын ешкімді таба алмағаның ба, құлыным-ау?» деп анасы зар еңірепті. Сонда Мөлдір айтыпты: «Сіздер бас қатырып еш қиналмаңыздар, мен бәрін де өзім шешем...»

Айшолпан: Сосын?Аяғы немен бітті?

Людмила: Мөлдір жігітті Жайық бойына шақырыпты.Бозбала екеуі бір кеш Жайық бойын оңаша жағалап жүріп сөйлесіпті. Сонда Мөлдір ұлт туралы, оның қадір-қасиеті жөнінде ұзақәңгімелепті. «Әр ұлттың өзіне тән құндылығы бар, осы жоғалтуға яки аяқ асты етуге ешкімнің де хұқы жоқ» депті. «Орыс-ұлы халық, үлкен халық, өнегелі халық, ал қазақ болса, ол да өзінше ұлы» депті. Әуелде оның сөздеріне дау айтпақ болған жігіт ақыр аяғында бас изепті. Қыздың ақылына тәнті болып, алғысын ай-тып тұрып, «біз енді мәңгі дос болып қалайық» депті. (сәл тоқтап) Ой,мен не айтып кеттім.Бәріне кінәлі–бала күнгісуреттер, балалық әсерлер...

Айшолпан: Ал,ендеше сол бала күнгі ыстық әсергеоралуыңмен! Ішке кірелік.

Екеуі енді ішке кіруге ыңғайланады. Іштекөңілді дауыстар.

Қыздар бірінен соң бірі сөз жарыстырып, киіз үйдің ішінде қыран-топан күлкі. Шаттана шырқалған ән келеді құлаққа...

Сахна қараңғылана береді де, қайта жарық жанғанда – Людмила мен Ақ қалпақты жігіт екеуі оңаша сөйлесіп жүреді.

Ақ қалпақты жігіт: Қызғалдақ-гүлім!Мен сені алғаш көргенсәтте-ақ бір нәрсені байқадым.

Людмила: Нені байқадың?

Ақ қалпақты жігіт: Өте сезімтал қыз екеніңді...

Людмила: (күліп)Сезім дейсің бе?О-о,сезім деген шетімен шегі жоқ телегей-теңіз зат қой. Оның түбіне ешкім де жете алмаған.

Ақ қалпақты жігіт:Ал,сен...жетесің!Жете аласың.

Людмила: Оны көре жатармыз.(сәл тоқтап)Не үшіншақырдың?

Ақ қалпақты жігіт: Саған айтар оңаша сөзім болған соң...

(мүдіріп) Мен осы күнге дейін ешбір қызға дәл бүгінгідей ынтығып көрмеппін. Ал, сені көрген сәтте-ақ... Қызғалдақ-гүлім-м!...

Людмила: (күле сөйлеп)Сенің сөзіңе сенемін.Сезіміңдісыйлаймын. Алайда... (тоқтап) Әйткенмен біздің арамызда биік-биік белестер жатыр. Асу бермес жоталы таулар тұр.

Ақ қалпақты жігіт:Ол қандай тау?Мен өзің үшін кез-

келген асқар Тауға өрмелеп шыға аламын. Сенші сөзіме...

Людмила: Ол тау-жәй Тау емес.Ұлт деген ұлы шың!Оғаноп-оңай шығуға талпынғандар өте көп болған. Бірақ бәрі де сәтсіз аяқталған.

Ақ қалпақты жігіт:Жоқ,сенбеймін.Сене алмаймын.Менүшін ұлт деген сөз ештеңе де емес. Ең бастысы-біз Адамбыз.

Людмила:Өте дұрыс.Біз–алдымен Адамбыз.Ал,содансоң... ұлтпыз. (тоқтап) Тоғайда неше түрлі құстар болады.

Әрқайсысы өзінше ән шырқайды. Соларды тек бір құстың тілінде ән салдырып қойсақ, табиғат не болмақшы? Айтшы өзің? Не болады?...

Ақ қалпақты жігіт:Құстар әлемі басқа,ал адамдар өмірімүлде бөлек. Екеуін салыстырғанымыз жөн бе, а?

Людмила:Мен салыстырмалы түрде айттым.Сен оны өзіңойланып барып бағала! Ойымның түбіндегі маржанды сүзе біл-л...

Жігіт күмілжиді.

Сахна қараңғылана береді.

Алтыншы көрініс

Киіз үйдің іші. Төрде ою-өрнекті әсем көрпешелер төселген. Ортада дөңгелек стол. Үйдің қабырғалары әртүрлі ою-өрнектермен көмкерілген. Бір шетте сандық. Сандық үстінде шәйі көрпешелер жиналып, үстіне жастықтар қатарласа жиналыпты.

Венера: (сөз бастап)Әлгінде осы үйдің иесі-Би-апа қалайәдемі сөйледі, а? Мына киіз үйдің ерекше қасиетті екенін білдірген жоқ па бізге... (төбедегі шаңыраққа қарап, керіле)

Шіркін, менің де тап осындай бір жеке үйім болса екен!...

Людмила: Қалада ма?

Венера: Мейлі қайда болса да.Әйтеуір өз үйім болса жетіпжатыр.

Людмила: Би-апаның айтқаны дұп–дұрыс.Сен бұл үйдіңәшекейін айт. Қалай-қалай әсем көмкерілген, а?

Венера: Рас,таңқаларлық.Бірақ біздің Украиндердің деәшекей бұйымдары жетіп-артылады. Мен де өзімше әшекейлеп қояр ем.

Людмила: Жоқ,қазақтың ою-өрнегі тұнып тұрған философия! Оны мойындау керек. Қарашы, мына үйге... Үй емес, му-зей десе де болғандай...

Венера: (армандап)Шіркін,өз үйім болса ғой...

Лариса: Менің де арманым сол.Осыдан екі есе кіші болсада, өз шаңырағың болғанға не жетсін!

Бахаргүл: Маған екі сотық жер тисе,өзім-ақ қатырып тұрыпүй салып алар едім.

Людмила: Қалай?Үй салу оңай ма?

Бахаргүл: Өзбектер үй салуды біледі.Оның ең оңай әдісібар. Соны ойлап отырмын тап қазір...

Лариса: Жоқ,ең оңай үйді кәрістер сала біледі.

Айшолпан: Оңай үй салу емес,әшекейлі,тартымды,әсем үй салуды айтпайсыңдар ма?

Осы кезде киіз үйдің есігі ашылып, ішке Би-апа кіреді.

Би-апа: Қане,қарақтарым,жақсылап жайғасып алдыңдарма? Ұнады ма?

Қыздар: (шулап)

– Өте ғажап!

– Әдемі екен!

Би-апа: Бұл орташа тігілген үй ғой.Ал,енді баяғыда-а біздетоғыз қанат киіз үй де болған. Оның ішіне кішігірім бір ауылдың адамдары сыйып кетуші еді.

Людмила: Ал,сол үлкен киіз үй қазір де бар ма,апа?

Би-апа: Қайдан болсын!Оны баяғыда-а базарға апарып саудалап жібергенбіз.

Лариса: Неге?Не үшін?

Би-апа: Отағасы аяқ астынан қайтыс болды.Жағдайым,тұрмысым қиындады. Кішкене ұлды киіндіру керек, өз қатарларынан қалдырмау керек. Қаржы керек болды. Сосын амал жоқ... (мүдіреді)

Бахаргүл: Апа,мына киіз үйдің де ешқандай кемістігі жоқ.Бізге жетіп жатыр. Бұдан артығы керек те емес.

Айшолпан: Осының ішіндегі ою-өрнектердің бәрін де өзіңізжасадыңыз ба, апа?

Би-апа: Өз қолымнан жасадым.Өзімнің қиялымнан туғандүниелер. (сәл тоқтап) Е-е, біз де қыз болғанбыз. Жас болып армандағанбыз. Менің де өздеріңдей дос-құрбыларым көп еді. Олардың арасында неміс, орыс, кәріс, өзбек, татар... қыздары да баршылық еді.

Қыздар: –Олар қайда қазір?

– Араласып тұрасыздар ма?

Би-апа: Өмір деген сол.Әрқайсысы өз бақытын тауып,шартарапқа тарап кетті. Тек осында мен ғана қалдым. (кішкене тоқтап) Шырақтарым,сендерге айтар жалғыз өтінішім-ұлтқабөлініп, бұра тартпаңдар. Адам болған соң ең керегі – тату-тәтті өмір. Татулыққа ештеңе де жетпейді. Жер бетінде одан артық ешқандай байлық жоқ. Сол байлықты аялай біліңдер-р. Қой, мен кетейін.

Би-апа сахнадан шығып кетеді.

Қыздар:

– Мына үй қандай әсем!

– Көз тартады-ау, көз тартады.

Людмила: Үй!Үй!Осы,қыздар,сендер үйден басқа әңгіменіұмытып, басқа жаққа лағып бара жатырсыңдар. Бұлай бос сөзге ерік бергенше біз өзіміз жайлы айтайық. Өз өміріміз туралы...Өз тағдырымыз жайлы...

Айшолпан: Айтпақшы,біздің құрбымыз Гүлімжан негекешігіп жатыр, а? Ол да осы кезде жетем деп еді.

Бахаргүл: Е,осы Бурабайда таныстарым көп демеп пе еді.Соларды қия алмай жүрген де. (күліп) Мүмкін, жігіті...

Лариса: Қандай таныстар ол?Бұл жақта да шешендер тұрама?

Людмила: Таныс-туыс болу үшін тек шешен болуы керек пеекен! Біз-бәріміз де қазақстандықпыз! Аспанымыз ортақ, ауа-мыз ортақ, жағдайымыз ортақ. Ендеше, қазақ жерінде бәрімізде де туыс-дос бар.

Венера: (қол шапалақтап)Па,шіркін!Талай ұран сөз естіпедім, ал мынадай сөзді... бірінші рет!

Людмила: (қабағын шыта)Бұл–ұран емес,шыңғырыпайтар шындық! Қыздар, біздер осы Қазақия да тудық па – тудық! Осында өстік пе – өстік! Осында оқыдық па-оқыдық! Осында ес білдік пе – ес білдік! Енді не, бізге бұдан өзге Отан іздеп не керек, а?

Лариса: (риза пейілмен)Міне,бүгінгі күні естіген ең ақылды,ең салмақты, ең ойлы сөзім осы болды! Рахмет, Люда!

Осы кезде сахнаға Гүлімжан шығады. Қолында – сөмкесі.

Гүлімжан: (күлімдеп)Мен сендерге қымыз алып келдім.Жаңа сауған саумал... дәмі бал татиды.

Лариса: Қымыз?Биенің сүті ме ол?

Венера: Дәмі бал дейсің бе,а?

Гүлімжан: Тек қымыз ғана емес,сендерге құрт,ірімшік те ала келдім. Міне, алып жеңдер-р...

Қыздар: (шуласа)

– Құрт!

– Ірімшік!

– Мәссаған, тамаша болды ғой, ә!

Қыздар түгел шуласып, қымыз ішуге, құрт-ірімшік жеуге ұмтылады. Таласып-тармасып жатыр.

Қымыз ішіп бола бере Людмила сөз бастайды.

Людмила: Ал,сонымен бүгінгі кеш–өзімізді өзіміз танып-білу кеші болсын. Қарсы емессіңдер ғой.

Лариса: Қарсылық жоқ.

Бахаргүл: Өте дұрыс ұсыныс.

Людмила: Ал,кім бастайды?

Лариса: Нені?

Людмила: Өткен өмір жайлы....

Бахаргүл: (күліп)Өткен өмірі жоқтар ше?Олар не айтады?

Лариса: (жалт қарап)Сен мені айтасың ба?Қателесесің!...

Бахаргүл: (қипақтап)Мен жәй....әзілдегенім ғой...

Лариса: Әзілді де ойланып айту керек.

Людмила: Тағы да сөз салғыластыру...Тағы да қисая тарту... Сендерге не болған, қыздар?

Айшолпан: (сөзге араласып)Әңгімені осы Лариса бастасақайтеді, а? Өтініп сұрайықшы.

Бәрі Ларисаны әңгімеге тартып, өтініп сұрап жатады.

Лариса: (ойлана сөйлеп)Айт десеңдер,айтайын.Алайда, көп айтатын да дәнеңе жоқ сияқты. Дегенмен еске түсіріп көрейін... Бірақ, алдымен айтарым.... (тоқтап қалады)

Людмила: Неге бөгелдің?

Лариса: Қазақ деген ел туралы ойланамын да!Өзі жербетінде мұндай халық бар ма екен?

Венера: Не деп кетті мына сұлуымыз!

Людмила: Сөзді бөлмейік.

Лариса: Мен қазаққа ылғи да таңданумен келемін.Үйінеқонақ келсе – дереу төр ұсынады. Өздеріне қимай отырған тәтті дәмдіні қонағына ғана береді.

Венера: Сол да таңқаларлық нәрсе ме?Ондай қонақжайкөңіл бізде де бар.

Людмила: Тыңдайықшы.

Айшолпан: Маған да қызық болып барады.

Лариса: Тағамын алыңыз:қазы мен қарта,қымыз бен шұбат... Киімін алыңыз: сеңсең тон, былғары етік, түлкі тымақ... Төсегін алыңыз: ақжайма, таза көрпе, құс жастық...

Бахаргүл: (кекесінмен)Өзгеде мүлде жоқ сияқты сөйлейді мына қыз...

Гүлімжан: Тым таң қаларлық нәрсе емес екені рас.

Людмила: Ту-у,сөзді бөле бердіңдер ғой,тіпті...

Лариса: Бұл халықтың ең үлкен ерлігі–бауырмалдығы.Қиын-қыстау күндерде осында пана тапқан тек кәрістер емес, шешендер, түріктер, немістер... Басқа ұлттар да баршылық. Соны ашық айтуға, мақтаныш сезіммен айтуға неге аузымыз байлана береді, а?

Айшолпан: Рахмет,Лариса!Менің ұлтымды сүйгенің үшінғана емес, таза жүрегің үшін! Енді өзің туралы айтшы. Әуелгі әңгімеге оралшы.

Бахаргүл: Ал,баста.

Лариса: Менің әке-шешем Кореядан көшіп келгендер.Өткенғасырдың отызыншы жылдары екен. Сөйтіп, тағдыр жазуымен Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданына барып табан тірепті. Олар сол Сыр бойында күріш егумен айналысты. Сыр елінің қазақтары әке-шешемді туған құдасындай қарсы алып, төрден орын беріпті. Әкем өле-өлгенше осыны айтып кетті. «Біз қазақтарға кірме ел емес, құдасынан бетер жақын болып кеттік» деп отыратын.

Венера: Сонда қалай,оған дейін сыр қазақтары күріш егудімүлде білмеген бе, а?

Бахаргүл: Соны айтам да.

Лариса: Олай емес,әрине!Сыр қазақтары бұрын да күрішеге білген. Бірақ оның қыр-сырын кәрістерден артық білді десек, ол өтірік болмай ма! Осыған бір мысал келтірейін. Қармақшы ауданында «III-интернационал» деген колхоз болыпты. Сол кол-хоздан соғыс жылдарында үш бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққан.

Бахаргүл: Қазақтар ма?

Лариса: Жоқ,үшеуі де кәріс.

Бахаргүл: Е,түсінікті.Қазақтар қонақжай ел ғой.Сыйлағанығой. Әйтпесе, сол колхозда осындай атаққа лайық бір қазақ бол-мады деу – шындыққа сыймайды.

Айшолпан: (сөзге араласып)Рас,Сыр бойынан ондайүздіктер көптеп шыққан. Бір ғана Ыбырай Жақаевтың өзі ше! Содан соң Ұлбала Алтайбаева, Шырынгүл Қазанбаева, Сәлима Жұмабекова...

Людмила: Міне,ғажап!Қазақстанда Еңбек Ері атанған қыз-келіншектер көп болыпты. Бұл деген керемет қой!

Айшолпан: Тек күрішшілер емес,механизатор да,агрономда, тіпті басшы қызметте болған қыз-келіншектер Еңбек Ері атанды. Айталық, Кәмшат Дөненбаева, Зылиха Тамшыбаева...

Венера: Гендерлік саясат деген осы!Оны қазақтар баяғыдан-ақ білген екен.

Лариса: Батыр қыздар ше!Қазақтың қыздарын сонау ҰлыОтан соғысы жылдарында...

Бахаргүл: (сөзді бөліп)Білеміз не айтатыныңды!Сол баяғыӘлия мен Мәншүк шығар.

Лариса: Айтса ше?Айтуға әбден тұрады.Тіпті үнемі аузымыздан тастамай айтып жүруге болады.

Венера: Тек Әлия мен Мәншүк емес,ана ұшқыш ХиуазДоспанова апай ше! Ол да батыр болды ғой, кеш болса да...

Лариса: (Бахаргүлге қарап)Сендерде де осындай батырқыздар болды ма, Бахаргүл!

Бахаргүл: Қантөгіс соғыстың батыры жоқ шығар,бірақ еңбек майданының батырлары жетерлік. Өзбек халқы – еңбекқор ел....

Людмила: Тағы да ұлтқа бөліне бастадыңдар ма?Біз,осы,қыздар, бір-бірімізге қай ұлттан екенімізді айтпауға уәделескен жоқ па едік.

Венера: Дұп-дұрыс!Ұлт деген жәй ғана қондырғы!Ал,еңнегізгісі – біз адамдармыз. Бір-бірімізге бауырмыз, доспыз, туыспыз.

Лариса: Соны айтқалы жатыр едім.Сөзімді бөліп кеттіңдер.(ойлана) Менің әке-шешем өле-өлгенше Сыр еліне,оныңхалқына риза болып кетті. Біз үш бала болдық. Менің екі ағам сол Сыр елінде күріш егіп жүр. Әлі күнге дейін...

Бахаргүл: Сен ше?Сен неге қалаға кетіп қалдың?

Лариса: Арман болды.Әуелде атағы жер жарған дәрігерболсам дедім. Бірақ ол ойым орындалмады. Мединститутқа оқуға түсе алмадым.

Венера: Оқасы жоқ.Қайта осы жұмысымыз жақсы.Фабри-када жұмыс істейміз.

Лариса: Әрине,біздің фабрика елге ең қажет заттардышығарады. Етік тігуден асқан қандай аяулы іс бар. Дегенмен, көңілде арман болып қалған соң... (мүдіреді)

Венера: (сөзді жалғап)Байқаймын,сен өзі көңілді бей-жай ететін мұңды әңгімеге бұрылып бара жатырсың. Біз мұнда мұңға бату үшін келгеніміз жоқ. Көңілді әңгіме керек.

Бахаргүл: Ал,онда сен айтшы.

Венера: Айтамын!Айтпай ше?!.

Айшолпан: Рас,Венераның тағдыры да өте қызық.Мағанбір рет айтып берген.

Людмила: Онда не тұрыс!Баста әңгімені.

Венера: (ойлана сөйлеп)Менің әке-шешем осы Қазақтопырағына тың көтеру жылдарында келіпті. Өткен ғасырдың елуінші жылдарының ортасы. Әрине, тың игеруге келгенде екеуі де бойдақ екен. Араласа келе, тағдыр жарастырыпты. Тойла-ры Қостанайдың кең даласында өтіпті. Екеуін әдемі киіндіріп, бидай оратын комбайнмен алып жүріпті. Әкем маған айтатын: «Қызым, қазақтардың бізге жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпа, бұл ел өте бауырмал ел, мен өз елім Украинадан көрмеген жақсылықты осы жерден көрдім. Осы жерде өсіп-өндім». Әкем еңбегіне ылайық ордендер де алыпты. Әттең, осы күндерге жете алмады ғой.

Айшолпан: Ой,сен де көңіл толқытар мұңды әңгімеге бұрыла бастадың. Қызық жерін айтсаңшы, а! Күлетін тұстары болса...

Венера: (қайта күліп)Анам болса ылғи да жайраңдайкүліп: «Әкеңнің комбайн үстінде маған құлағыма сыбырлап қана ең ыстық, ең тәтті сөздерін айтқаны есімнен кетпейді» дейтін. Біз қазір махаббат жоқ дейміз, ол өтірік сезім дейміз. Осы сөзіміз дұрыс па? Біздің әкелеріміз бен шешелеріміз өте қиын, өте ауыр жұмыс істеп жүріп те, бір-бірін сүйе алыпты, сосын тату-тәтті өмір кеше біліпті. Шын махаббат деген осы емес пе!

Гүлімжан: Шынында да жан тебірентерліктей екен.

Бахаргүл: Міне,тамаша!Шын махаббаттың анықтамасын

сен айтып бердің, Венера! Саған көп-көп рахмет! (оның бетінен сүйеді.)

Людмила: (күле сөйлеп)Осы,байқауымша,Бахаргүл деәңгіме айтуға асығып тұрған сияқты. Тыңдасақ қайтеді, а?

Айшолпан: Бахаргүл өте әсем сөйлейді.

Лариса: Даусы да жақсы.Ән салса жақсы болады еді.

Бахаргүл: Айтайын.Ән де салуға болады.(тамағынқырнап) Менің туған жерім–Сайрам.Сол аймақта өзбектеркөптеп тұрады. Менің әкем-сол өңірге белгілі атақты аспаз болған кісі.

Венера: Қандай аспаз?Ненің аспазы?

Бахаргүл: Палау басудан менің әкеме жететін жан бол-мапты сол кезде! Қандай той-томалақ болса да, менің әкемді шақырады екен. Әкем де бала мінезді кісі. Ешкімнің көңіліне келмейді. Барып, қызмет қылады.

Лариса: Біздің кәріс ұлты күрішті пісіріп-булауды әбденмеңгерген. Ал, өзбектер булауды біле ме?

Бахаргүл: Өзбектер булап емес,шаш палау пісірудің шебері.Күрішке ет, майдан басқа да қосылатын заттар өте көп. Ондай палауды жеген де арманда, жемеген де арманда.

Людмила: Әкең әлі де бар ма?

Бахаргүл: Қайтыс болды.Осы жақын жылдарда.Алайда,Сайрамда ағатайым тұрады. Ол да шаш палау әзірлеудің асқан шебері.

Венера: О-о,бір күні Сайрамға сапар шегіп қайтармыз?Палау жеп қайту үшін.

Людмила: Өте дұрыс ұсыныс.Ал енді өзің...өзің ше!Өзіңсондай палау әзірлей аласың ба?

Бахаргүл: Мен ерке қыз болдым.Жастай оқу оқымақ боп,қалаға кеттім. Әй, жөні түзу палау жасай алмайтын болармын.

Людмила: Міне,біз осылайша атадан қалған мирас өнердіұмыта бастадық. Демек, біз сол аталардың жолын қуған ұрпақпыз деп айтуға да хұқымыз жоқ.

Гүлімжан. Бұл енді тым артық сөз деп ойлаймын мен...

Айшолпан: Неге олай дейсің,Люда?Заман жылжиды.Уақыт өзгереді. Күрішшінің баласы күрішші, палаушының баласы палаушы болып қала берсе не болады? Әркімнің өз бейімі болады емес пе? Айталық, етікшінің баласы–жазушы, тракторшының ұлы – саясаткер...

Людмила: (тебірене)Өте ойлы сөз айттың,Айшолпан! Менің жанымды тербеп жібердің...

Айшолпан:Сені толқыту үшін емес...

Людмила: Менің жан-дүнием астаң-кестең болды.(сәлтоқтап) Мен біле білсең,сол етікшінің қызымын ғой.Оралдатұрғанбыз. Әкем ерте қайтыс болып кетті. Әттең, көп нәрсені үйренуім керек еді. (кішкене жымиып) Бір күні әкем мені өзі етік тігетін кішкене үйшігіне алып келді. Қолыма біз, жіп, қайшы берді де, «мына етікті жамап-жасқап, киюге жарамды етіп көрші» дегені. Мен намысқой қыз едім. Терлеп-тепшіп жұмыс істедім. Екі-үш рет қолыма ине кіріп те кетті. Сонда да жылағам жоқ. Түске таман әкем менің маңдайымнан сүйіп «міне, қызым, еңбек деген кісіні алға ұмтылдырады, өзіңді өзің тануға жетелейді» деді. «Жалқаулық – жаман әдет» деді со-сын. «Жалқау қай қоғамда да көзге шыққан сүйелдей, ондайлар түптің түбінде ортадан ығысып қала бермекші!» Сосын тағы да «Жалқау адам-ұлттың соры» дейді.

Лариса: Сен әке жолын жалғаған жалғыз қыз болдың ғой,Люда! Міне, етік шығаратын заводта жұмыс істейсің.

Людмила: Завод басқа,ал кішкене бұрышта отырып бәрінөзің жасау – мүлде басқа іс.

Бахаргүл:Біз бәріміз де өз өмірімізді там-тұмдап болса даайттық. Ал, Гүлімжан неге үндемейді, а?

Лариса:Рас-ау,өзі бізден бөлініп кетеді де,өте кеш келеді.Сосын тым-тырыс отырады. Бізді қымызбен алдағысы келеді. Бұл жөн бе, а?

Гүлімжан:Мен шешен қызымын ғой.Алайда осы күнге дейінШешенстанға бармаппын. Ата жұртымыз Шешенстан екені рас, алайда Қазақ жері де бізге бөтен емес дейтін анам...

Людмила:Әкең ше?Ол кісі...

Гүлімжан:Әкемді білмеймін.Менің бала кезімде қайтыс бо-лыпты. Мені өсірген-анам. (сәл тоқтап) Талдықорғанда бір наубайханада ұзақ жыл жұмыс істеді. Соңғы жылдары ауырды. Төсек тартты. Жүгіріп жүріп, емдеткен болдым. Бірақ, амал қанша-а... (мұңаяды)

Венера: Сонда сенің әкең Шешенстаннан келген болды ма?

Гүлімжан: Анамның айтуынша–Ұлы Отан соғысы кезіндеқазақ жеріне жер аударылыпы. Ол кезде мүлде жас бозба-ла екен. Анам айтады: Тойымыз Талдықорғанның түбіндегі кішкене ауылда өтті, бізді төбелеріне көтеріп, той тойлаған ылғи қазақтар болды, олар біздің тойымызды өздерінің тойындай

етіп думандатқанын әлі күнге ұмыта алмаймын...

Лариса: Демек,сен де қазақ жерінде туған ұрпақсың.Кіндікқаның осы Қазақияда тамды ғой!

Гүлімжан: Әрине,солай!Мен өзімді қаным шешен болсада, бүкіл жан-дүнием қазақ деп түсінемін. Қазақтар-менің ең жақын, ең туыс, ең қымбат адамдарым... (толғана сөйлеп,

отырып қалады)

Венера: Осы шешендерді өте батыл,ержүрек ел дейді.Ешкімнен де, ештеңеден де қорықпайды дейді. Мен соны ойласам...

Лариса: Немене,күдігің бар ма?

Венера:Мына Гүлімге қарап,ойлаймын да.Жалпы шешенхалқы тым қатты кете бермейтін ел ме деп...

Гүлімжан: Мен жалпы халық үшін сөз айта алмаспын.Алайда... қызу қанды ел екеніміз бесенеден белгілі. Шешендердің жігіттері де, қыздары да ешкімге кеудесін бастырып көрген емес.

Айшолпан: Ту-у,әңгіме қайда бұрылып бара жатыр?Бізқайдамыз? Қазақия жері емес пе бұл?!.

Людмила: (серпіле сөйлеп)Менің ойымша – ең қызық әңгімеАйшолпанда. Осы қызды тыңдау керек, ә!

Венера: Дұрыс айтасың!Айшолпан неге өз сырыменбөліспейді?

Айшолпан: Мен айтатын не бар?Менің тағдырым өзгешелеу.

Венера: Өзгеше болса да айт.

Бахаргүл: Бізді тыңдадың,енді сені де тыңдауымыз керек.

Айшолпан: Менің әкем ақын болған!Ерте қайтыс болыпты.

Ал, шешем... (ойлана, тұнжырап отырды да) Сендерге өлең оқып берейін бе, а?

Венера: Оқы.

Айшолпан:

– Өмір деген тұрады екен бір сөзден, Айтқанменен қасиетін кім сезген! Өткірлігі, өткірлігі қанжардың, Өткір емес бір сөзден...

Бәрі қол шапалақтайды. Сахна қараңғылана береді.

Жетінші көрініс

Сахнада-қараңғы кеш суреті. Қыздар екеу-екеу болып сөйлесіп жүр. Орталарынан Айшолпан сөз бастайды.

Айшолпан: Қыздар бүгін«Ақ сүйек»ойынын ойнасаққайтеді?

Венера: Ол қандай ойын?

Айшолпан:  Сүйектіқараңғылыққа  құлаштап  тұрып лақтырады. Сосын оны іздеп, тапқан қызға сыйлық...

Лариса: Ондай ойынды қыз-жігіт болып ойнайтын сияқты еді.

Гүлімжан: Енді жігіт жоқ болса,не істейміз?Өзіміз болып ойнасақ та жетпей ме?

Людмила: Рас,өзімізге өзіміз мереке жасай білуіміз керек.Айшолпан, сүйек қайда?

Айшолпан: Лақтырайын ба?

Людмила: Бәріміз көзімізді жұмайық.Сосын сен алысқа-алақтыр.

Қыздар шуласып, көздерін жұмады. Айшолпан сүйекті лақтырады. Енді қыздар соны іздеу үшін жан-жаққа тарай-ды. Сахнада – Людмила мен Айшолпан.

Людмила: Осы сен өз өмірің туралы неге аз айтасың,а?Әлде... айтуға болмайтын құпияң бар ма?

Айшолпан: (ойлана)Әкемді көре алмадым.Ақын едідейді анам. Бірнеше өлеңдерін жатқа айтатын. Сол өлеңдерді оқысам.... жылағым келеді.

Людмила: Неге?

Айшолпан: Өте мұңды!Өте қайғылы-ы...

Людмила: Маған да оқып берші.Тыңдайын.

Айшолпан: (мақамдап)

– Біз өлеміз! Бәріміз де өлеміз!Топыраққа оранады денеміз! Ойлаңыз мұны Елеме мейлі,елеңіз! Өмір деген осылай ғой, көнеміз! Біз өлеміз! Бәріне де көнеміз! Жанған шамдай, Бірте-бірте сөнеміз! Ойлаңыз мұны, Ашуды тұсап,Сезімді сәл-пәл бөгеңіз-з...

Осы жерге келгенде Айшолпан күмілжіп, даусы дірілдеп, ықылық атады.

Людмила: Болды!Болды!Ары қарай оқымай-ақ қой.Менбәрін де түсіндім-м...

Айшолпан: (даусы әзер шығып)Осылай жазады екен әкем!Неге? Неге бұлай таусылып жазды екен қайран әке-е... Неге сонша күйзелді екен жан әкетайым?!.

Людмила: Демек,әкеңнің жүрегі өте нәзік болғаны ғой.Ондай нәзік жүректі азаматтан сен секілді өте ақылды, нағыз сұлу қыздар туады.

Айшолпан: Анам өте момын кісі.Елде тұрады.Қазірқартайды. Мен барған кезде жылап алады. Әкемнің өлеңдерін оңашада оқып беруімді өтінеді.

Людмила: Сен оқисың ба?

Айшолпан: Толқи тұрып оқып берем.Сосын Анам да,мен де жылаймыз. Тағдырға деген өкпеміз бұл... (Айшолпан мұңайып тұрып қалады)

Людмила: Тағдырға неге өкпелейсіңдер?Адам ерте ме,кешпе бәрібір бір өлетіні рас болса, ол соншалық трагедия ма екен!

Айшолпан: Мәселе–өлімде емес.Басқада...

Людмила: Онда не?

Айшолпан: (толқи сөйлеп)Әкем апамды аяғы ауыркезінде тастап кетіпті. Анам мені жалғыз өзі босанып, жалғыз өзі өсіріпті. Тіпті «туу туралы куәлік» алғанда «әкесі» деген жерге оның аты-жөнін де жаздырмапты. (жөтеледі)

Людмила: Сонда...әкең қарсы болған ба?

Айшолпан: Жоқ,шешем ондай көкек әкенің барынан жоғыдепті. Атын атамаңдар, ұмытыңдар деп айғайлапты.

Людмила: Ал,сен...есейген соң әкеңді іздемедің бе?

Айшолпан: Іздедім.Сөйтсем таяуда ғана дүние салыпты. Көре алмадым ғой әкемді... Оның бейнесі енді мен үшін мәңгі жұмбақ болып қалады-ы...

Енді Людмила сөз бастайды.

Людмила: Саған айтар сырым бар.

Айшолпан: Ол қандай сыр?

Лариса: Сыр ғана емес,жүрек сөзі.

Айшолпан: Қызық екен.Жүрек сөзін неге маған айтпақсың?

Людмила: (ойлана)Кеше кездескен жігіт бар ғой.Осы киіз үйді бізге тауып берген ақ қалпақты жігіт ше?

Айшолпан: Ал-л...

Людмила: Сол жігіт маған қайта-қайта көз қиығын салабергенін өзің де байқаған боларсың?

Айшолпан: О-о,бұл тамаша!Демек,той да алыс емес.

Людмила:Арғы жағын тыңда.Мен орыс қызымын.Ал,олқазақ жігіт.

Айшолпан: Онда тұрған не бар?Арада махаббат болмайдыдеп кім айтты?

Людмила: Жоқ,біз ұлт деген ұлы ұғымға соңғы кезде мүлдеатүсті қарай бастадық. Ол дұрыс емес. Әр ұлттың өз ерекшелігі қай кезде де сақталып қалуы керек.

Айшолпан. Ұлттардың ерекшелігінің махаббатқа қатысықанша?

Людмила: Жас кезде бәріміз де солай ойлаймыз.Ал,уақытөте келе... есейген шақта кесе-көлденеңдеп алдымыздан діни көзқарас, әдет-ғұрып, салт-дәстүр... тағы басқалар шыға келсе ше?

Айшолпан: Оның бәрін де сүйіскен екі жас оңаша отырып,екеуара ойластырып шешуге болмай ма?

Людмила: Ең қиыны–артыңда қалар ұрпағың!Олар кімболмақшы? Қай ұлттың өкілімін дейді.

Айшолпан: Өйтіп тым тереңдей берсең,бәрі де қиындапкетеді. Ең дұрысы-жүрек сөзіне құлақ ас.

Людмила: Тыңдашы мені.Менің анам айтатын.БұрындарыМәскеу түбіндегі бір қалада тұратын жақын ағатайы француз қызына үйленіпті. Арада көптеген жылдар өткенде әлгі әйел елін аңсап, ішқұса болып, Францияға кетем дейді. Ағатайы онда барғысы жоқ. Сосын орталарындағы дәнекер – жалғыз қызбен ақылдасады. Соның сөзіне тоқтайық дейді. Сонда жас бой-жеткен «менің де, өздерінің де тағдырларыңды осынша азапқа салғандарың қалай?» деп ағыл-тегіл жылапты.

Айшолпан: Енді...ол басқа заман!

Людмила: Заман біреу-ақ.Адамдар ғой бәріне жауапсызқарайтын.

Айшолпан: Сондағы ойыңне?Өз бағыңды өзің басқа теуіп...

Людмила: Ол жағын кейін айтайын.Тек есіңде жүрсіндегенім...

Осы кезде қыздар шу шу етіп, қайта оралады. Ақсүйекті Венера тауып алыпты.

Венера: Менің сыйлығым қайда?Сыйлығымды бер,Айшолпан!

Айшолпан. Сыйлық сосын болады.Әлі ойын жалғасады.

Людмила: Рас,ойын мұнымен бітпейді.Енді айнала отырып алып, қазақтың мақал-мәтелдерін айтып жарысамыз. Ескерте кетерлігі – тек қазақ тілінде сөйлеу керек. Егер ортасына бөтен сөз араласса – онда жеңілгенің....

Лариса: О-о,бұл әділдік емес!Мен орыс тілінде оқығанмын.Қателесіп кетуім де ләзім.

Людмила: Ал,сен тырысып бақ.Таза сөйлеуге ұмтыл.

Қыздар енді бір-біріне қарап отырып, кезек-кезек мақал-мәтел айта бастайды. Қызық ойын басталып жүре береді.

Венера: Мен бастайын.Қазақ«Ел болам десең,бесігіңдітүзе» дейді. Осының мағынасы қалай? Кім айта алады?

Лариса: Бесік деген–сәбидің ұйықтайтын төсегі ғой.

Бахаргүл: Сен де қатырасың!Бұл жерде мәселе басқада.

Гүлімжан: Қазақ тағы да«Бесіктен белі шықпай жатып...» дейді ғой. Соны түсіне бермеймін...

Айшолпан: Оның мағынасы–әлі қатайып,буыны бекімейжатып ақыл айта беретіндерге арналған сөз. Ал, «бесігіңді түзе» дегені...

Людмила: Ой,Айшолпан,сен араласпа.Бұл сауал сағанемес, басқа қыздарға...

Қыздар тағы да шуласады. Әркім әртүрлі мақал, мәтел сөздер айтып жатады.

Осы кезде бұлардың қасына Би-апа келеді.

Қыздар: (жабыла шуласып)

– Ой, апа, түн ішінде неғып жүрсіз?

– Қорықпайсыз ба?

Би-апа: Мен кімнен қорқамын?Бұл жер менің туған ауы-лым. Әр талы, әр сайы, әр бұтасы менімен амандасып тұрады. Осында өстім. Осында бойжеттім. Осында тұрмысқа шықтым.

Қыздар:

– Балаларыңыз бар ма?

– Олар қайда?

Би-апа: Үш ұл туған едім.Екеуі жас күнінде шетінеді.Ал,ең кенжем...

Людмила: Ол қайда жүр?

Би-апа: Ол ма?Ол...қайда кетуші еді,жүр-дағы...

Лариса: Үйленген бе?

Би-апа: Жоқ.Оған қыз біткен ұнай бермейді.Жасы болсаотызға келіп қалды.

Бахаргүл: Бізге таныстырмайсың ба?Сосын өзіміз-ақ...

Би-апа:Е-е,мені тыңдар ұл болса... (сәл тоқтап)Қой,қарақтарым, сендердің ойындарың қызып жатыр екен, мен кетейін.

Людмила:Апа,біз ұлттар достығы,ауызбіршілік туралымақал-мәтелдің бәрін айтып тауысуға айналдық. Сіз де біреуін айтып кетіңізші?

Би-апа: (ойлана)Мақал-мәтел дейсің бе?Е-е,қазақ атамнақыл сөздің өрен жүйрігі бола білген ғой. Қай сөзін алсаң да, тұнып тұрған философия!... (тоқтап) Қазақ «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығар» дейді. Енді осы қанатты сөзді талқыға салып көріңдер. Ал, мен кеттім.

Қыздар: (шуласа)

– Мынау өте қиын сөз екен!

– Мағынасы қалай болады, а?

– Кім айта алмақшы...

Сахна қараңғылана береді.

Сегізінші көрініс

Түн. Шаңырақтан ай сығалайды. Бөлме ішінде алты қызұйқы  құшағында.  Әрқайсысы  өзгеше  түс  көруде.  Кенет...киіз үйдің ішінде Елес-жігіт пайда болады. Ол алдымен Ларисаға жақындап, үстінен алақанымен ауа арқылы сына-лай бастайды.

Лариса: (ұйқысырап)Бұл кім?Кімсің сен,Елес?

Елес-жігіт: Ұйықта!Ұйықтай бер,сұлуым...

Енді Елес – жігіт Венераның жанына тақайды. Оны да ауа арқылы әлдидейді.

Венера: Бұл,сенбісің?Қиялымдағы асыл жарым,келдің бе?

Елес-жігіт: Ұйықта!Түсіңді жалғастыра бер...

Енді Бахаргүлдің тұсына жетеді. Тағы да аялай бастай-ды.

Бахаргүл: Ташкенттен келдің бе,аяулым?Сені көп-ақ күттімғой мен...

Елес жігіт: Арманың алыс емес.Ұйықтай бер,асылым!

Содан соң Людмилаға жақындайды. Людмила да талмау-сырап сөйлейді.

Людмила: Келші!Құшақташы мені...

Елес-жігіт:Күт!Күт мені!Мен сөзсіз келемін саған....

Бұдан соң Елес-жігіт Айшолпанның жанына тақай береді де, жалт етіп жоғалады.

Айшолпан: Сен...сен қайда кеттің?Мені тастай қашқаның қалай? Қайдасың-ң...

Сахна  қараңғылана  береді  де,  Елес-жігіт  көзден  ғайып болады. Қыздар тәтті ұйқысын жалғастырады. Кенет...сырттан айқайлап сөйлеген әлдекімнің даусы естіледі. Қыздар шошып оянып, бүрісіп-бүрісіп отырады.

Маскүнем жігіт: Ау,мұнда кім бар?Шық деймін бері!Менімен... сөйлесер жан бар өзі!

Қыздар: (күбірлесіп)

– Мынау маскүнем біреу ғой.

– Енді қайттік!

– Ішке кіріп келсе қайтеміз?

Маскүнем жігіт: Есікті ашыңдар.Әйтпесе бұзып кіремін!

Теуіп ашамын қазір...

Қыздар:

– Есалаң ғой мынау!

– Өзі нашақор біреу емес пе?

Маскүнем жігіт: Соңғы рет ескертем.Енді болмаса мынакиіз үйді төңкеріп тастаймын.

Людмила: Мен шығып тілдесейін.

Айшолпан: Жоқ,мен сөйлесемін.Сендер жата беріңдер.

Гүлімжан: Мен бірге шығамын.Кім біледі,қолында суық қаруы бар болса...

Айшолпан мен Гүлімжан тысқа шығады. Маскүнем жігіт екі қызға тап-тап береді.

Маскүнем жігіт:Маған арақ тауып беріңдер.Әйтпесе бар ғой...

Айшолпан: Ақылға кел,жігітім!Бұл не деген көргенсіздік!Қыз баламен бұлай сөйлесу...

Маскүнем жігіт:Қыз бала!Қыздар-р...олар қайда?Қайда,қыз-з...

Айшолпан: Мен,бізбіз.Біз қыз емей,енді кім едік?ӨзіңдеАна, жар, қарындас бар болар?

Маскүнем жігіт:Сен...сен маған өйтіп адамгершілік лекциясын оқыма! Мен онсыз да ақылы көп жігітпін. Сол ақылдылықтан әбден шаршаған жанмын.

Гүлімжан: Кісі ақылдан да шаршай ма екен?Ақыл дегенқымбат қазына...

Маскүнем жігіт:Жоқ!Бұл заманда ақылды болу–азапқатүсу! Өзіңді-өзің тозаққа итермелеу! Ең дұрысы-ақымақ болып өмір кешу-у...

Гүлімжан: Тым қияли жігіт екенсің.

Айшолпан: Жөніңе кетсең,қайтеді,а?Жігіт деген атың барғой.

Маскүнем жігіт:Мен бе,жігіт?Жо-жоқ,мен жігіт емеспін,мен еркекпін!

Гүлімжан:Жігіт емес,мігіт екенсің!Еркек деген киелі аттансадаға кет!

Маскүнем жігіт:Әй,әй,сен өзі...кімге бұлай сөйлейсің?

Мен сені бар ғой, мен қазір... (жұдырығын түйіп, Гүлімжанға ұмтылады)

Гүлімжан: (қолын қайырып,жерге жығып алып)Мігітболмасаң, осылай қызға қол көтересің бе? Әй, мігіттен өткен азғын боларсың?!.

Маскүнем жігіт:Ойбай,қолым!Босат мені...

Айшолпан: (Гүлімге)Босатып жібере сал.Бір жері сынса, бәлеге қалармыз. Мұндай еркексымақтар бәлешіл болып келеді....

Гүлімжан: Жоқ,босатпаймын.Мұндай көргенсіз жігіттердіңталайын тәртіпке салғанмын. Қашан кешірім сұрағанша босатпаймын.

Осы кезде киіз үйден Людмила шығады.

Людмила: (жерде жатқан жігітке қарап)Өзі...ішіп алыпты ғой. Қазақ па, жоқ әлде...

Гүлімжан: Мұндай маскүнемдерде ұлт болушы ма еді.Ұлттан садаға кетсін.

Айшолпан: Жібере салшы өзін.Жөніне кетсін.

Гүлімжан: Әлі кешірім сұраған жоқ.

Маскүнем жігіт: (ыңырси  сөйлеп)Кешір....енді мүлдем келмеймін. Босатшы мені...

Гүлімжан: Тағы да айт!Дауыстап айт.

Маскүнем жігіт:Енді қарамды батырамын бұл жерден.

Оның қолын босатады. Маскүнем жігіт орнынан тұра сала, үсті-басын қаққыштап, орман ішіне қарай зытып отырады. Қыздар қыран-топан күлкіге көміледі. Осы кезде киіз үйден Венера шығады.

Венера: Қайда жаңағы бұзақы?Мен оның әкесін көзінекөрсетейін.

Людмила: Сенсіз де әкесін көзіне көрсеттік.Ол зытып отырды.

Венера: Қап-ай,ә!Жас күнімде самбо үйірмесіне барыпедім. Соны еске түсіріп, өзін бір-екі рет қара жерге аунатып алсам ба деп едім...

Бахаргүл: (басын көрсетіп)Ой,батырым-ай!Мықты болсаң,бағанадан бері неге шықпадың? Көрпе астында бүркеніп, дір-дір еткен кім екен?

Венера: Ол мен емес.

Бахаргүл: Енді кім?Әлде Лариса ма?

Лариса: Сенің де әуселеңді байқап қалдық,Бахаргүл?Өп-өтірік ұйықтаған болып, қорылдаған сен едің ғой.

Людмила: (тоқтау айтып)Қыздар,жарайды.Енді жаукеткен соң бәріміз де батыр болмай-ақ қоялық. Ішіміздегі ең жүректі қыз – ол Гүлімжан болды. Саған көп рахмет, Гүлімжан!

Гүлімжан: Рахмет не үшін!Мен сендерді ғана емес,өзімдіде қорғадым.

Людмила: Ал,енді ішке кіріп,ұйқыға бас қоялық.Әлі түн жарымы...

Бәрі киіз үйге кіреді.

Тоғызыншы көрініс

Киіз үйдің іші. Таң бозарып ата бастайды. Алты қыз да оянады. Олар өң мен түс арасында. Бәрінің де ойында түндегі Елес-жігіт...

Кенет... ашық тұрған шаңыраққа бір әсем құс келіп қонады. Қонады да әсем әнге басады. Ол үздіксіз, тоқтаусыз ән салады.

Бахаргүл: Әуезі қандай әдемі,а!Тұп-тура өзбек қызы әнсалып тұрғандай...

Лариса: Даусы кәріс қыздарының сыңғырлаған үніндей бо-лып естіледі маған!

Айшолпан: Қазақ әні секілді!...

Людмила: Құстың әні-қай халықтың да жүрегіне жұмсақестіледі, қыздар! Құстар деген – адамның досы емес пе! Біз көп нәрсені сол әнші құстардан үйренгенбіз...

Венера: (өзінше қиялға беріліп) –Қыздар,түсімде біржігіт келіп, мені қыса құшақтады.

Лариса: Маған да сондай түс кірді.

Қалғандары да шуласа:

– Мен де көрдім!

– Менің де қасымда ұзақ-қ отырды! – дейді.

Тек Айшолпан ғана үнсіз.

Лариса: –Саған не болған?

Айшолпан: –Ол менің қасыма келгісі келмейді.

Бахаргүл: (әзілдеп)Түндегі маскүнем жігітті айтасың ба сен? Сол ма айтып отырғаның?

Лариса: Қойшы,Бахаргүл!Қайдағыны айтпашы...

Венера: Е,ол жігіт құбыжық па екен?Мүмкін,ішкен соң...қызу болған соң...

Айшолпан: Мен...мен басқа сезімді айтамын.

Людмила: Айта түсші!Айтшы ойыңдағыны...

Айшолпан: Түсімдегі жігіт...маған жақындап келді де,жалт бұрылды. Мен оған қол создым. «Тоқташы» дегім келді. «Кетпеші» деп жалынғым келді.

Венера: Міне,махаббат!Нағыз қазақ қызы осылай өліп-өшіпсүйеді. Жарайсың, Айшолпан!

Бахаргүл: Елесті  сүю  ме!  Қияли  әңгімені  айтпаңдаршы маған...

Людмила: Бәлкім,ол Елес-жігіт емес,өмірде бар жігітшығар.

Лариса: Ол да мүмкін.Айшолпанның көзімен баға беребілсек қой осы сезімге...

Айшолпан: Мен оны танитын сияқтымын.Мен оны бір-екірет көрген де сияқтымын.

Венера: Кімді?

Айшолпан: Түсімдегі жігіт...

Венера: Е,елес пе?Елеске де осынша беріліп...Соншамаезіліп...

Алты қыз есік алдына шығады. Таңғы ауа тап-таза. Құстар ән салуда. Ағаштар сыңсып тұр. Кенет... ақ боз атты бір жігіт бұлардың алдына ойқастап шығады.

Ақ боз атты жігіт:Сәлем,қыздар!

Венера:(таңдана)Мынау....мынау тап сол жігіт!

Лариса: Қай жігіт?

Венера: Түсімде көрген жігіт.

Бахаргүл: Мен де осы жігітті көргем.Ол бірақ Ташкенттенкелдім деп еді.

Қыздар шуласып, қайта-қайта көрген түстерін айта бастайды. Айшолпан мен Людмила бұрылып, ағаш арасына кете береді. Ақ боз атты жігіт аттан түсіп, қыздардың жанына келеді.

Жігіт: Мен сендерді екі-үш күннен бері сырттай бақылапжүрдім.

Қыздар: Нағыз жігіт сырттай бақыламайды.

– Шын жүректі жігіт болсаң бізге жақын келуің керек еді.

– Қыз қадірін біле бермейтін жігіт боларсың.

Жігіт: Олай емес.Мен сендердің бәріңді де жақсы көремін.

Қыздар:

– Әсіресе кімді?

– Қайсымызды?

Жігіт:Мен қандай да бір мамандықты да меңгерген қызболса, өте қадірлеймін. Маған ондай қыздардың бәрі де қымбат.

Қыздар:

– Мамандықты айтпа, сезімді айт.

– Кімді сүйетініңді сездір...

Жігіт: Орыс халқы–ұлы халық!Әлемді таң қалдырғанқаншама ғұламалар мен ақын-жазушылар шыққан. Украин жұрты – еңбекқор халық! Онда заводтар мен фабрикалар көп. Корей елі – әлемді таң қалдыра білген ел. Өзбектер – ата – салт дәстүріне өте мықты ел. Ұйғырлардың өте дәмді лағманын айтсаңшы... Ал, татарлардың...

Венера: Біз саған ұлттың қадір-қасиетін айт деген жоқпыз.

Лариса: Соны айтамын да.Сен өзі қандай жігітсің?

Жігіт: Мен өнерге,әсемдікке табынушымын.Әлемді ұстапқалатын, адамдарды адамгершіліктен ажыратпайтын бір құдірет болса, ол – өнер! Ол – ән! Ол – өлең!

Қыздар: –Түсінбедік.

– Бұл не сөз!

Жігіт: Сендердің құрбыларыңның біріне өлердей ғашықпын.Сол қыздың қалай тілін тапсам деп күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылып жүрген бақытсыз жанмын.

Бахаргүл: Қашаннан бері?

Жігіт: Үш күн,үш түн болды.Ақыл-естен айрылатын түрім

бар. Ойпырмай, бұрын-соңды дәл мұндай күйге түспеген едім...

Қыздар: (шуласып)

– Айшолпанды сүйетін болар?

– Жоқ, Люданы ұнатады!

– Ал, біз ше?

– Біз кімнен кембіз?

Жігіт: (алақтап)Айтпақшы,Люда мен Айшолпан қайдакетті? Олар неге көрінбейді?

Венера:Кетті ғой ана жаққа! (орман ішін нұсқайды)

Қыздар:

– Іздегенің тек солар болса, бара бер.

– Бізді қайтесің!

Жігіт: Сіздер мені түсінбедіңіздер!Менің айтайын дегенім...

Қыздар: –Айта беретін не бар!

– Сырың онсыз да белгілі болды.

– Сөздің ашығына көш енді.

Жігіт: Мен...сіздермен осымен үшінші рет жүздесіп тұрмын.

Қыздар: (шуласа)

– Қалай?

– Қашан?

– Қай кезде?

Жігіт: Ең алдымен осы Ақбоз үйді тауып беруге көмектестім.Қыздар: –Жоқ,ол басқа жігіт болатын.

– Сен емессің.

Жігіт: Менмін.Тек киімім басқа болды.Содан соң түнішінде сендерге Елес-бейне болып оралдым.

Қыздар: Өтірік!

– Ол сен емессің!

Жігіт: Содан кейін міне,үшінші рет,Ақбоз атпен келіптұрмын.

Қыздар:

– Өзің нағыз артист екенсің ғой.

– Қалай білдірмей жасағансың.

Жігіт: Бәрі де махаббаттан!Сүйіспеншіліктен!Менің болашақжарым-сендердің араларыңда екенін білгендіктен...

Лариса: (күле сөйлеп)Бәлкім,кеше түндегі осы жерді ба-сына көтеріп, айқай-ұйқай шығарып, арақ сұраған маскүнем де сен боларсың?

Жігіт: (таңдана)Қашан?Ол қай маскүнем?

Венера: Өтірік білмегенсіп...ол да сенсің!

Гүлімжан: (жігіттің қолын ұстап көріп)Жоқ,бұл емес. Ол өте қарулы еркек болатын.

Жігіт: Мен ше?Мен бостаумын ба?

Гүлімжан: Сенің жүрегің таза.Сосын да сен сезім әлемініңбатыры бола аларсың деп

ойлаймын.

Осы кезде Люда мен Айшолпан да оралады.

Жігіт: (Людаға)Мен сізді бір көргеннен-ақ...Алғашқысәтте-ақ... Қызғалдақ-гүлім!

Людмила: (сөзін бөліп)Оңаша сөйлесейік.

Жігіт: Құп болады.Мен дайын.Қызғалдағым!

Людмила: (оңаша алып шығып)Мен саған өз ойымдыөткенде-ақ айтқан едім ғой. Сен түсінбедің бе? Ұқпадым ба көңіл түкпіріндегі ойды...

Жігіт: Түсіндім.Әбден түсіндім.Бірақ...сезім деген болады. Сезімге ешқандай да әмір жүрмейді. Оның алдында мен де, сен де әлсізбіз...

Людмила: Рас,сенем сөзіңе!Бірақ көзіңнің сонау-у тереңтүкпірінде қазақ қызына деген іңкәр сезім жасырынып тұрғанын неге жасырасың. Сол өтірік пе?

Жігіт: Айшолпан–өте әдемі қыз.Қарасаң көз тоймайды.Ал, бірақ...

Людмила: Сен әлгінде маған сөйлеп тұрып,көз қиығыңмен Айшолпанға бұрыла бердің. Бір емес, қайта-қайта...

Жігіт: (қипақтап)Оны...қалай байқап қалдыңыз?

Людмила: Мені алдау еш мүмкін емес.Мен кісі сезімін тап басып көре аламын. Сезе аламын...

Жігіт: Сонда-а...менің саған деген сезімім ше?

Людмила: Сені шын жүрегімен,бар жан-тәнімен сүйетін қызол – Айшолпан. Соны қалай байқамайсың? Не деген аңғалсың,а?

Жігіт: Рас па?Ол мені сүйе ме?

Людмила: Бақытыңды тауып тұрсың.Қызғалдақ-гүлің сол!Сөйте тұра оны уыстап шығарып алмақсың. Әй, жігітім-ай! Әй-әй...

Жігіт: Айшолпан ба?Ол...шынымен мені сүйе ме?Сенеалар емеспін. Мен ойлап едім, ол маған мүлде көз салмайтын болар деп...

Людмила: Неге олай ойладың?

Жігіт: Айшолпан-сұлу ғой.Айшолпан-мүлде бөлек жараты-лыс қой. Оның жігіті бар болар деп ем. Тіпті сөз байластырып қойған да шығар десем...

Бұлардың даусын естіп, қыздар да жақындайды.

Қыздар: (шуласып)

– Біз ше?

– Басқа ұлт өкілі болған соң сүйе алмай ма бізді?

– Бұл қиянат қой.

Людмила: Тоқтаңдаршы!Сабыр сақтап,мені тыңдаңдаршы.

Венера: Қыздар,сабыр-р...

Людмила: (қыздарды тоқтатып)Қыздар,біз алтаумызда аз күн болса да бір шаңырақ астында тұрып жатқан жан-дармыз. Демек, бірімізге біріміз бауырмал, туыспыз. Бауыр жандар бірінің қуанышына, екіншісі қуана білуі керек. Өйткені, ол-өмір заңы! Егер қуану орнына қызғаныш байқатсақ, мақтау орнына даттай берсек, онда біздің адам деген атымыз қайда қалады? Олай болса, Айшолпанның қуанышы – бізге қуаныш! Айшолпанның бақыты – бізге бақыт! Ендеше, оны құттықтайық. (жан-жағына қарап) Ол қайда?Қайда ғайып боп кетті,а?Іздейік! Іздеңдер біздің шаңырақтың сұлу қызын.... Жас келін қайда? Қайда кетті ол-л...

Осы кезде сахнаға Би-апа да шығады. Ол кісі тебірене сөйлейді.

Би-апа: Қарақтарым-ай,сендер осында келіп,менің де талайжылғы аңсаған үмітіме қанат байладыңдар. Менің тілегім қабыл болды! Жеттім дегеніме...

Қыздар: (түсіне алмай)

– Қандай арман?

– Қалай жеттім дейсіз?

– Біз түсінбей жатырмыз...

Би-апа: (жігітті көрсетіп)Мына бала менің Алла-тағаладан жалбарынып алып қалған жалғызым еді. Жасы отызға келіп қалса да, ешкімді көзге ілмеуші еді. Енді, міне, сендердің араларыңнан өз бақытын тауып отыр. Бақыттымын! Өркендерің өссін бәріңнің де. Сендерді мен өз қызымдай, өз сіңлілерімдей көремін. Бастарыңнан бақыт кетпесінші мәңгілік... (сосын киіз үйге қарап, бас иіп) О,қасиетіңнен айналайын қазақтыңАқбоз үйі! Сенің қасиетің бар ғой! Қасиеттісің ғой сен... Мың алғыс! Мың алғыс саған, қазақтың Ақбоз үйі... Қасиетті қара шаңырағым-м...

(шымылдық)



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар