Төлен Әбдікұлы
Қазақ прозасында өзінің ерекше қолтаңбасы бар, қаламынан таным тамшылары мөлдіреген қабырғалы жазушы Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында дүниеге келген. ӘлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1965). 1965–1970 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1970–1977 жж. «Жалын» алманахында бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, 1977–1979 жж. «Қазақфильм» киностудиясында Бас редактор, 1979–1990 жж. Қазақстан КП ОКнде жауапты қызметте болған. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып істеді. 1993 жылы ҚР Президенті әкімшілігіне жауапты қызметке орналасады.
Шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Көп оқылғандар
20.02.2026
5673
24.02.2026
2405
23.02.2026
2309
22.02.2026
2237
21.02.2026
2052
20.02.2026
2003
23.02.2026
1963
21.02.2026
1918
23.02.2026
1335
24.02.2026
1225
25.02.2026
1205
23.02.2026
1184
25.02.2026
1027
08.02.2026
12345
30.01.2026
7212
02.02.2026
7027
28.01.2026
6758
10.02.2026
6005
29.01.2026
5887
12.02.2026
5825
20.02.2026
5673
10.02.2026
5613
28.01.2026
5191
06.02.2026
5171
30.01.2026
5109
03.02.2026
5056
