Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
А
Асқар Алтай

Асқар Алтай

 

Асқар Алтай  1963 жылы 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1984). 

 

Алматы облысы Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде тілші, С.Мұқанов мұражайүйінде кіші ғылыми қызметкер, Қазақ теледидары «Алатау» бағдарламасында жауапты редактор, «Жұлдыз» журналының әдеби сын бөлімінде редактор, бөлім меңгерушісі, «ЕрДәулет» ақпараттық агенттігінде Бас редактордың орынбасары, Қаржы министрлігінің «Қаржықаражат» журналында Бас редактордың орынбасары, Бас редактор, «Білім» баспасында жетекші редактор, «Атамұра» баспасында редактор қызметін атқарған. 2004 жылдан бастап «Арда» баспасының директоры.
 
 
«Қыр мен қала хикаялары» атты повестер мен әңгімелер жинағы (1998), «Алтай новелласы» атты прозалық жинағы (2001), «Нарық нақыштары» (2003) және «Қызыл бөлтірік» (2006) атты ұжымдық жинақтарда прозалық шығармалары, «Казино» әңгімелер жинағы (2008) жарық көрген. 
 
 
«Қызыл бөлтірік» кітабы (повестер мен әңгімелер, 1997) Халықаралық Сорос қорының бас жүлдесі – грантын жеңіп алған. 
 
 
Қазақстан Жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының (1989, 1990), Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
 
 

 

 

Көп оқылғандар