Цифрлық кеңістіктегі тіл мәдениеті

Басқосуға елордалық қаламгерлер, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері мен шығармашылық жастар қатысты.

26

Цифрлық кеңістіктегі тіл мәдениеті - adebiportal.kz

Астанада Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өтіп жатқан «Ұлттық әдебиет және тіл» форумының екінші отырысында бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселелердің бірі – цифрлық кеңістіктегі тіл мәдениеті сөз болды. Әлеуметтік желідегі сауатты жазу, тіл тазалығы, интернеттегі қарым-қатынас әдебі және мемлекеттік тілдің цифрлық ортадағы қолданысы жөнінде ой-пікірлер ортаға салынды.

Үш күнге жоспарланған форумды Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» КММ ұйымдастырып отыр. Басқосудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетті насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қаламгерлер шығармашылығына қолдау көрсету және қазіргі тілдік үдерістерді талқылау.

Достық үйінде өткен екінші отырыс «Цифрлық кеңістіктегі тіл тазалығы: әлеуметтік желідегі мәдениет, тәртіп және әдеп» тақырыбына арналды.

Қазір әлеуметтік желі күнделікті қарым-қатынастың ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан онда қолданылатын тілдің сапасы да қоғамның жалпы мәдениетімен тікелей сабақтас. Жиында осы тұрғыдан алғанда қазақ тілінің әлеуметтік желідегі қолданысы, жазу сауаттылығы, мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі орны мен интернеттегі тілдік әдеп мәселелері талқыланды.

Басқосуға елордалық қаламгерлер, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері мен шығармашылық жастар қатысты.

Айта кетейік, «Ұлттық әдебиет және тіл» форумы 21-23 қыркүйек аралығында өтуде. Форумның алғашқы отырысы «Оқитын ұлт және қазіргі әдебиет» тақырыбына арналған еді.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan