«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына Димаш та қатысады

«2026 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойған болатын.

67

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына  Димаш та қатысады - adebiportal.kz

Отандық мегажұлдыз әнші Димаш Құдайберген өзінің «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қатысатынын мәлімдеді. Ол марафон аясында белгілі суретші Кәріпбек Күйіковтың «Жизнь без рук» атты автобиографиялық кітабын оқып, осы туындыдан алған әсерін бөлісті.

«2026 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойған болатын.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен елімізде оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» атты жаңа республикалық марафон бастау алды.

Мен де осы марафонға арнайы, байқаудан тыс «Парасат» санаты бойынша қатысуды жөн көрдім. Соңғы уақытта оқыған кітаптарымның бірі – белгілі қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтың «Жизнь без рук» («Қолсыз өмір») атты автобиографиялық туындысы.

Қарағанды қаласында кеншілер күніне арналған концерт қарсаңында Кәріпбек аға Күйіковпен жүздесіп, жеке кездесудің сәті түсті. Оның өмір жолы, тағдыр тауқыметіне мойымас қайсарлығы мен рухының беріктігі маған ерекше әсер қалдырды.

«Кітап оқитын ұлт» марафоны жаңа кітаптарды оқуға, олардан тағылым алуға және оқығанымызды бір-бірімізбен бөлісуге себеп болсын!» - деп жазды әнші.
Фотосуреттер ашық ғаламтор көзінен алынды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan