Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Көк туым мәңгі желбіре» атты ақындар айтысына шақ...

22.05.2023 912

«Көк туым мәңгі желбіре» атты ақындар айтысына шақырамыз

«Көк туым мәңгі желбіре» атты ақындар айтысына шақырамыз - adebiportal.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Ұлттық музиде, 30 мамыр күні сағат 15:00-де Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Көк туым мәңгі желбіре» атты жас ақындар арасында айтыс өтеді.

Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын жеткізетін құнды белгі мемлекеттік рәміздердің  қадірін артырып, қасиетін айшықтап жырға қосатын айтысқа, халықаралық және республикалық ақындар айтысының жүлдегерлері Ерлан Аманқожаұлы, Айшолпан Тілеутай, Нұрмахан Жақыпбек,  Бөкен Жігерұлы, Нұрдәулет  Өмірбеков, Ерасыл Жақсыбексынды танымал жас талантты ақындар қатысады. Айтысты халықаралық және республикалық ақындар айтысының жүлдегері, белгілі айтыскер Еркебұлан Қайназар жүргізеді. 

Қатарынан екі жыл өтіп, дәстүрге айналған айтыстың басты мақсаты, халық сүйіп тыңдайтын ұлттық өнер айтыс арқылы ұлттық құндылық Рәміздерімізді насихаттау, жастар арасында мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін ұғындырып, патриоттық сезім, ұлттық мақтаныш, отансүйгіштік сананы бойына дарыту.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар